Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Миға шабуыл Егер таңдалған мамандық студенттеріне зертханалық жұмыстар-



Pdf көрінісі
бет53/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Миға шабуыл
Егер таңдалған мамандық студенттеріне зертханалық жұмыстар-
дың әсерін зерттеу қажет болса, ықтималдық іріктеудің түрлерін 
қалай құруға болатынына мысал келтіріңіз. Іріктеудің мақсатты 
топтың барлығына бірдей репрезентативті болуы үшін қандай қа-
дамдар жасайсыз?


88
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
3.3-сурет. Кластерлі іріктеу үлгісі
Таңдалып алынған мектеп мұғалімдерінің 
барлығынан сауалнама алынды 
Кездейсоқ іріктеу әдісімен әр қала бойын-
ша бір мектеп анықталды
Кездейсоқ іріктеу әдісімен 5 қала 
анықталды
1 кезең
Мақсатты топ – еліміздің барлық қалаларын-
дағы дарынды балаларға арналған мектептер-
де жұмыс істейтін мұғалімдердің барлығы
Белгілі бір жағдайларда мақсатты іріктеу жөнінде шешім қа-
былданады, ол зерттеуге қатысуға қажетті сипаты бар респондент-
тердің сауалнамасы болып табылады. Ол – ықтималдықсыз іріктеу 
мысалы. Мәселен, егер зерттеуші онлайн оқытудың тиімділігі ту-
ралы студенттердің пікірлерін зерттейтін болса, сауалнаманы он-
лайн оқытуды қысқа ғана уақыт оқыған немесе мүлдем оқымаған 
студенттер арасында емес, кем дегенде екі семестр онлайн оқыту 
тәжірибесі бар студенттер арасында жүргізгені дұрыс. 
Ықтималдық іріктеудің үлгісіне ыңғайлы іріктеу де жатады. 
Аталмыш іріктеу әдісі кездейсоқ іріктеу сияқты жинақы емес, де-
генмен зерттеуші үшін қолайлылау болып табылады. Жоғарыда 
келтірілген зерттеушінің зерттеу жұмысына жақын маңдағы екі 
қала мұғалімдерін іріктеп алуы туралы мысалымыз ыңғайлы ірік-
теудің нақты үлгісі болып табылады.
Зерттеуші «қар кесегі» ұстанымы бойынша іріктеу барысында 
алдымен белгілі бір сипаттамасы арқылы респонденттерді анықтап 
алады, содан кейін олардан аталған зерттеу жұмысы үшін тағы 
кімнен сауалнама алуға болатындығын сұрайды. Бұл әдіс мақсат-
ты топқа қол жеткізу мәселесі туындаған жағдайда қолданылады. 
2 кезең
3 кезең


89
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Аталмыш әдістің кемшілігі – оның репрезентативті еместігінде. 
«Кесекті босату» әдісі бір немесе бірнеше адамнан жасалмағаны 
дұрыс, себебі респонденттер бірдей сипаттағы адамдар болып 
табылады, тіпті бір-бірін тануы да мүмкін. Нәтиженің тиімдірек 
шығуы үшін респонденттердің бастапқы саны жеткілікті болға-
ны жөн. Бұл әдістің артықшылығы – жауаптарды кері қайтарудың 
жоғарылығында және жауаптардың шынайылығында, себебі ре-
спондент досының ұсынысы бойынша келеді, сондықтан зертте-
ушіге көбірек сенеді.
Іріктеу мөлшері, негізінен, мақсатты топтың саны, қолда бар 
ресурстар, мақсатты топтың қолжетімділігі және т.б. сияқты фак-
торлармен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет