Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет55/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Онлайн сауалнамалар
Сауалнама жүргізудің бұл түрін ең қолжетімді деуге бола-
ды, дегенмен ол тек интернет пен электрондық поштаны үнемі 
пайдаланатындар үшін ғана жарамды. Онлайн сауалнамалар 
Surveymonkey.com және Qualtrics.com секілді платформалар 
арқылы жүргізіледі және әлеуетті респонденттерге платформадағы 
сауалнамаға сілтеме беріледі. Бұл әдіс те өте ыңғайлы, себебі он-
лайн түрінде жиналған деректерді өңдеп, талдау үшін бірден плат-
формадан статистикалық бағдарламаға жүктеп алуға болады. Ол 
«жауапкершілікті» (сенситивті) тақырыптарға қатысты сауалнама 
жүргізу кезінде де өте тиімді. Аталмыш әдістің кемшілігі – қайта-
рым деңгейінің төмендігі. Сондай-ақ онлайн сауалнамалардың 
үлестірмеліге қарағанда ықшамдау болуы керектігін ескерген жөн, 
өйткені респондент қызығушылығын жоғалтып, онлайн сауална-
маның соңына жетпей толтыруды тоқтатуы мүмкін.
Онлайн сауалнама жүргізу үшін зерттеушінің қолында әлеу-
етті респонденттердің бай қоры болуы қажет. Кейде зерттеушілер 
үлестірмелі әдіс пен онлайн сауалнаманы біріктіріп, гибрид (ара-
лас) әдісті пайдаланады.


91
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
3-тапсырма
1. Өзіңіздің зерттеу жұмысыңыз үшін қандай сауалнама әдісі дұрыс ке-
летінін ойластырыңыз. 
2. Сауалнамаңызға қысқаша кіріспе дайындаңыз. Зерттеуіңіз туралы қан-
дай ақпарат қосу керек?
3. Стратификацияланған іріктеуге мысал келтіріңіз. 
4. Сауалнамаңызға арнап жабық, жартылай ашық және ашық сұрақтар 
әзірлеңіз.
Сауалнама ақпарат жинаудың анағұрлым тиімді әрі мазмұнды 
әдісі болып табылады, дей тұрғанмен оның артықшылықтарымен 
қатар кемшіліктері де орын алып жатады. Сапалы мәліметтерді 
алуда зерттеушінің сауалнаманы құрастырудағы кәсіби шеберлігі, 
сауалнаманы жүргізу әдісі және оны өткізуді ұйымдастыруы маңы-
зды рөл атқарады.


92
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Библиография
Almukhambetova, A. (2018). Exploring Gifted School Graduates’ Adjustment to 
Universities in Kazakhstan: Features, Factors, and Implications. (Unpublished 
doctoral thesis). Nazarbayev University Graduate School of Education, 
Nur-Sultan, Kazakhstan. 
Creswell, J. W. (2009). Research design: Qualitative, quantitative, and mixed methods 
approaches. Thousand Oaks, CA: SAGE Publications Inc.
Creswell, J. W. (2012). Educational research: Planning, conducting, and evaluating 
qualitative and quantitative research (4th ed.). Boston, MA: Pearson 
Education, Inc.
Taherdoost, H. (2016). How to design and create an effective survey/questionnaire; 
A step by step guide. International Journal of Academic Research in Management 
(IJARM), 5(4), 37-41.


93
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Кілт сөздер:
дамытуға бағытталған зерттеулер; тәжіри-
бені жетілдіру; ұстаздардың кәсіби білім алуы; тәжірибеге 
бағытталған зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет