Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет61/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Білім беру мақсаты
Техникалық
Құралдық 
(себеп-салдарлық түсініктерді қалыптастыру)
Тәжірибелік
Эксперименттік
(түсінікті қалыптастыру)
Эмансипаторлық
Cыни талдау
(сыни талдаудың негізінде білімді қалыптастыру)
4.1-кесте 
Іс-әрекетті зерттеудің түрлері (Kemmis, 1994, 145 бет)


100
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер

1 мысал.
Ұстаздың өз тәжірибесін зерттеуі
«Оқушылардың өз бетімен есеп алгоритмдерін құру арқылы құрылым-
дық есептер шығару дағдыларын дамыту»
(авторлары: Қанат Қаражігітов және Шыңғыс Уәлиханов
Назарбаев Зияткерлік мектебі физика-математика бағытындағы матема-
тика пәнінің мұғалімдері Тараз қ., Қазақстан. Жоба жұмысы, 2017)
Альсейтовтің (2014) пікірінше «[…] есепті шешу процесі бірнеше іс-әрекет-
ті орындауды талап етеді, атап айтқанда: ой елегінен өткізе және саналы қа-
былдай отырып, есеп мәтінін, ондағы сөздердің мәнін түсініп, жүгіртіп (тез) 
оқу. Есептің шарты мен сұрағын, белгілі және белгісіз шамаларды ажырату. 
Берілген және ізделінді шамалар арасындағы байланысты тағайындау, яғни 
есепке талдау жүргізу [...]». Қожабаевтың (1998) зерттеулеріне сүйенсек, 
оқушылар жаңа материалдың маңызды түсініктерін бөліп алуды үйренген-
нен кейін, енді жаңа мәліметті өздігінен еске түсіру қабілетін қалыптасты-
руына болады. Мұны сұрақтардың жауабының жоспарын құрудан бастай-
ды. Әбден қалыптасып алғаннан кейін жоспарларды оқушылардың ауызша 
да құруына мүмкіншілік беру керек. Оқушылар жоспар құруға кірісердің 
алдында олардан осы тақырыпқа қатысты маңызды түсініктерді атап өтуді 
талап етуге болады. Осылайша, біз жобамызды оқушылардың құрылымдық
тапсырмаларды шешуде қандай қателер жіберетінін анықтаудан бастадық. 
9-сыныптың 11 оқушысына құрылымдық тапсырманы орындау ұсынылды. 
Оқушылардың жұмыстарына талдау жасау негізінде, олардың 55% есептің 
бір-біріне байланысты, келесісі алдыңғысының жалғасы болып келетінін
байқамайтынын анықтадық. Біз математик-мұғалімдермен оқушылардың 
құрылымдық тапсырмаларды шешу дағдысын арттыру үшін не істеуімізге 
болатынын талқыладық. Содан кейін, сабақта оқушыларға құрылымдық 
тапсырма беріліп, өздеріне тапсырмаға шешу алгоритмін құрастыру ұсы-
нылды. Біз кездестірген кедергілердің бірі: тапсырмаға алгоритмін құра-
стыру дағдысы жоқ оқушылар бірден құрылымдық тапсырмаға алгорит-
мін құрастыра алмады. Оқушылардан алған кері байланыстың негізінде біз 
оқушыларға көмек көрсету үшін бұдан да ауқымдырақ жұмыс атқаруымыз 
керек екендігін түсіндік. Сауалнама оқушылардың әлі де ұстаздың кері бай-
ланысына тәуелді екенін көрсетті. Осы тақырып аясында біз құрылымдық 
тапсырманы шешудің жалпы алгоритмін құрастырдық; сабақты жоспар-
лауда оқушылардың кері байланысын есепке алдық; сабақта оқушыларға 
дайын күйінде құрылымдық тапсырманы шешудің жалпы алгоритмін 
ұсындық. Нәтижесінде, оқушыларда есептің шешу алгоритм құру түсінік-
тері пайда болды. Келесі сабақта оқушыларға диагностикалық есеп беріл-
ді: сабақтың басында оқушылармен қателер талқыланды және олар бір-
бірінің жұмыстарына ұсыныстар айтты. Келесі сабақты жоспарлауда біз 


101
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет