Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет63/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер


3 мысал.
Тақырып аясында университет зерттеушісі мен педагог-
практиктер жүргізетін іс-әрекетті партиципаторлық сыни зерттеу
«Қазақстандағы ұстаздардың көшбасшылығын дамыту»
(авторлары: д-р Гүлмира Қанай, Эмма Андерсон-Пейн, Шила Болл, Полл 
Барнетт, Кунсулу Курманкулова, Венера Муссарова, Гульнара Танаева и 
Ардак Кенжетаева; мақала International Journal of Teacher Leadership ба-
сылымында жарияланған, 2019, DOI: https://eric.ed.gov/?id=EJ1220157)
Аталмыш бірлескен сыни іс-әрекетті зерттеу (critical participatory action 
research) Гүлмира Қанайдың (Kanayeva, 2019) докторлық диссертациясы-
ның бір бөлігі ретінде жүргізілген. Кембридж университетінде оқу бары-
сында Гүлмира ХартсКем (HertsCam) атты британдық мектептердің кәсіби 
қауымдастығымен байланыс орнатты. Қауымдастық мүшелері Шила Болл, 
Эмма Андерсон-Пейн және Пол Барнетт Ұлыбританиядағы мектептерде ұс-
таз көшбасшылығын дамыту жөнінде елеулі тәжірибелері болды. Кейіннен 
зерттеуші Қазақстандағы мектептерге барып, ол жердегі мектеп басшылығы 
және ұстаздармен әріптестік қатынас орнатты. Нәтижесінде төрт мектептен 
отыз бір практик маман өз еркімен аталмыш зерттеуге қатысуға ынта біл-
діріп, д-р Қанай бір оқу жылы бойы ол кісілермен ынтымақтастықта бірле-
скен сыни іс-әрекетті зерттеу жүргізді. Аталмыш зерттеудің аясында, зертте-
уге қатысушылар өз тәжірибелерін қайта қарауға, және оған өзгеріс енгізуге 
мүмкіндік алды. Зерттеу нәтижелері ұстаздарға мектеп ішінде кәсіби даму-
мен жүйелі түрде қатысуға және мектеп деңгейінде мәселелерді көтеруге 
мүмкіндік берілгенде, олар кәсіби білім қалыптастырып, ол біліммен мем-
лекеттік деңгейде бөлісе алатындығын көрсетті. Мұндай ішкі потенциалды 
дамыту, ұстаздардың білім беру жүйесін дамытуға деген жауапкершілігін 
арттырып, оларды адамгершілік мақсаттардың аясында жұмылдыра алады.
4.3 Іс-әрекетті зерттеудің әдіснамалық негізін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет