140
өзіндік заңдылықтарды да атап өту керек. Өйткені «зар заман» ақындарындағы
романтистік стиль өзінің шегіне жетіп дамыған соң, ағартушылық реализмге
жол ашып, оның тұғырын қалап берді. Бұл – басқа елдердің әдебиетінде де
кездесіп жататын әдістік, стильдік ауысулардан туындайтын әдеби-
эстетикалық заңдылықтар жемісі. Оқу-білімнің, ғылым мен мәдениеттің
артықшылығын алдыңғы кезеккке шығаратын ағартушылық реализмге тән
рационолистік
тұғырнама әсіресе, поэзияда кең өріс алып, лирикалық
жанрлардың жаңа стилін қалыптап, мысал жанрының қажеттілігін арттырды.
ХХ ғасыр басында оқу-ағарту, үздік мәдениетке ұмтылу арқылы жүрісі
екпіндей бастаған тарихтың көшінен қалмау тақырыбына ат ізін салмай өткен
ақындар жоқтың қасы.
Алайда Абайдың қара сөздеріндегі, еуропалық рухтағы прозаға
икемделудегі Ы. Алтынсарин бастамасы ағартушылық ойдың ұлттық сана
дәрежесіне көтерілуіне ықпал жасап қана қоймай, ағартушылық реализмнің
принциптерін проза жанрында да кең қолдану дәстүрін туғызды. Әсіресе қазақ
романдарының тууында ұлттық сананың ағартушылық рухы мол сезіледі.
Мұны әдеби тілдің дамуымен тығыз
байланыстыратын зерттеуші
Ә. Қоңыратбаев: «Прозадан бұл кезде «Бақытсыз Жамал», «Қартқожа»,
«Күнікейдің жазығы», «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Шұғаның белгісі» сияқты
ағартушылық романдардың тууы әдеби тілдің дами түскендігінің айғағы
болды. Бұл шығармалардың еуропалық романдардан несі кем? Карамзиннің
«Бейшара Лизасында» көрінетін сентиментальдық романның өзі ағартушылық
рухындағы шығарманың басы емес пе? Сол роман жанры қазақ даласында да
туады», – дейді [70,198].
Ағартушылық эстетикасын халықты үздік мәдениетке, оқу-білімге,
қоғамның бүкіл кереғарлықтарын ғылымды игеру арқылы шешуге
насихаттаумен, дидактикалық қасаңдықпен ғана шектеуге мүлде болмайды.
Оқу-білім мәселесі көтерілетін шығармалардың көркемдік әдісін міндетті түрде
ағартушылық реализмге жатқыза беру де біздің бұл орайдағы теориялық
түсінігіміздің әлі шолақ екенін көрсетеді. Содан да болар ағатушылық реализм
арналарын зерттеуші ғалымдарымыз аталмыш әдістің нұсқаларын іздестіруде
көбінесе поэзиялық туындыларға ойысып кетеді. Әрине поэзия жанрлары
қоғамның
практикалық мәселелерін шешуде, халықты ағарту мен мәдениетке
үгіттеуде анағұрлым икемді болғаны рас. Алайда сараланып отырған әдістің
көзге бірден шалына қоймайтын күрделі тәсілдері прозалық шығармалардан
табылады. Ол мәселеге бойлау үшін ағартушылық реализмнің ең басты
теориялық түйткілдеріне тоқталып, басты деген принциптерін айқындап алу
шарт. Бұл орайда орыс зерттеушісі Н. Степановтың ағартушылық реализмнің
көркемдік принциптері жайындағы тұжырымдары біршама нақты түрде
ұсынылған деп білеміз. Оның көрсетуінше аталған әдістің басты-басты
принциптері мыналар:
1. Өмір шындығын нақты түрде және әлеуметтік мазмұнына сай бейнелеу;
2. Адамның қызметі мен әрекетін қоршаған
айналасына тікелей қатысты
түсіндіру;
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
141
3. Қоршаған ортаны тұрмыстық және материалдық жағдайлардың
жиынтығы деп қарау;
4. Адам мінездерін бірқалыптылық пен біржақтылық тұрғыдан көрсету;
5. Қоғамдық құбылыстардың моральдық өлшемдері және автор дидактизмі;
6. Мінездердің өзгермеушілігі;
7. Шындықты сатиралық тұрғыдан көрсету;
8. Прозалық жанрлардағы сюжет түзудің ең қарапайым формалары:
сатиралық очерк, анекдот, авантюралық-адамгершілік роман;
9. Анағұрлым кең тараған және принципиалды жанрлық форма тәрбиелік
роман немесе «саяхат» (бұл да тәрбиелік қызмет атқарады) болып табылады;
10. Құрылымдық түрлердің рационалистік түзілісі [126,67].
Ағартушылық реализм әдісімен сомдалатын образдардың классицистік
және романтистік ұстанымдардан бөлектенетін ерекше қырлары бар.
Кейінгілерінде адам образы өзінің жеке аңсар-құштарлығымен өзгешеленетін,
қоғамымен, тіршілік ететін ортасымен көп нәрсе байланыстырмайтын
индивидум-тұлға болып көрінсе, ағартушылық реализм қаһарманы өз ортасы
мен
қоғамына, тәрбиелік жағдайларына тәуелді адам. Бір сөзбен айтқанда,
ағартушылық реализм туындысы әлеуметтік негізді, адам мен оның ортасының
қатынастарын бірінші кезекке қояды. Сондықтан да қоғам мен қоғам
мүшелерін дұрыс жолға бағыттау құралы ретінде сатира, мысал, тәрбиелік
проза жетекші жанрларға айналды. «Ағартушылар, – деп жазды
Г.П. Макогоненко, – адамның өмір жағдайларымен байланысы туралы, оның
мінезі мен ұжданын өз ортасы қалыптасыратыны жайлы ұлы қағидалар
ұсынды. Содан әдебиет алдына адамгершілік ұстындарды жан-жақты, шынайы
бейнелеу, адамның өмірдегі жағдайлармен байланысын ашу сияқты жаңа
міндеттер қойылды» [127,103]. Ал бұл міндеттерді
романтикалық немесе
реализмнен тыс поэтика құралдарымен шешу мүмкін емес-ті. Ағартушылық
реализмде романтизмдегідей айқын авторлық позиция, субъективті бастау
сақталып қалды, бірақ ол қалыпты стилистикалық иерархияларды бұза отырып,
шығарма құрылымына өмір шындықтарының нақты құбылыстарын, тұрмыстық
суреттерді батыл араластыра білді. «Субъективті ағартушылар қоғамды қайта
түлетудің төңкерістік әдістерінің жақтаушысы болмағаны белгілі. Олардың
болашаққа үміттері төңкерістік күреске емес, адамды қайта тәрбиелеуге, оның
санасын қайта қалыптастырумен байланысты» деген Н.А. Гуляевтің
анықтамасын ағартушылық реализмнің ең басты концепциясы ретінде түсінуге
болады [43,209].
Әлемдік әдебиетте ағартушылық бағыттың күшеюі дәстүрлі жанрлық
канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен жаюына
мықты серпін берді. Қазақ әдебиетіндегі
прозаның қалыптасуында
ағартушылық реализм аса маңызды рөл атқарды. Абай поэзиясындағы
ағартушылық реализм үлгісі ақынның қара сөздерінде жаңаша қырымен
өрістеп, көркем прозаның дамуына мықты тұғырдың бірі болды. Қара
сөздердегі публицизм мен дидактизм, сатиралық мазмұнға да баса назар
аударылуы ағартушылық реализм әдісінің талаптарымен байланысты.
Ағартушылық реализм әдісіндегі прозаның публицистикалық, сатиралық
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
142
түрлерінің пайда болуы сияқты құбылысты (заңдылықты деп те айтуға болады)
қара сөздерден де байқаймыз. «Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық қара сөз
дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады.
Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған ертегі,
мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі
тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық
және
көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау
тәрізді», – деген М. Әуезовтің байламы Абай реализмін қазақ прозасының
тууымен байланыстыра қарауға мұрындық болады [128,204].
Абайдың лирикасы да қара сөздері де ұлы ойшылдың «толық адам»
тұғырнамасы бойынша кестеленді. Ақыннның ағартушылық позициясының
толық әйгілеген «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің бағдарламалық
(«програмдық бір өлеңі») сипаты барын айтқан М. Әуезовтің пікірін
М. Мырзахметов «Мұнда Абайдың көп ой қорытындылары «
Адам болам
Достарыңызбен бөлісу: