Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Ат спортында, атбегілікте қолданылатын кәсіби атау сөздер және ұғымдар



бет19/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Ат спортында, атбегілікте қолданылатын кәсіби атау сөздер және ұғымдар.
Ат спортының еліміздегі алатын орны өте ерекше. Қазіргі уақытта ат ойындары жаңа мазмұндағы ұлттық және халықаралық спорт түрлеріне айналуда.
Қазақ халқы жылқы малын қатты қастерлейтін халық, сондықтан аттар туралы – «желден жаралған ер қанаты», «жылқы ақылды жануар», «жылқы жұпар иісті», «қанатты жылқы», «қазақ жылқы мінезді» деген мадақ сөздерді қолданады.
Махмуд-ал Қашғаридың ХІ ғасырда жазған «Диван лугат ат-Түрк» атты еңбегінде «Ел – аттың тағы бір сипаттағы атауы. Ат түріктердің қанаты болғандықтан, атты ел деп те атайды. Атбағарларды (ат бапкерлерін) ел басы дейтіні сондықтан» деп құнды деректі жеткізеді [102].
Ел арасында атбегі атты баптаушы адамдарды «ат жаратушы», «сұңғыла адам», «бапкер», «көзі қарақты», «атсейіс», «атпаз», «сайыпкер», «сайыпқыран» деп атайды. Бәйге атын танитын адамды халқымыз «ат сыншысы» деп атаса, атты жаратып баптауды кәсіп етушілікті «атбегілік» деген, кейде атпаз, сайыпкер деп те атаған. Жүйрік аттың өзіне тән ерекше күтімі болады, мұны баптау дейді. Бапкер жылқы малының бүкіл қыр-сырын жете білуі қажет.
Белгілі этнограф қазақ халқының ұлттық дәстүрін насихаттаушы Жағда Бабалық « Қазақ халқы бүкіл өң түсті қылаң, баран деп екі топқа жіктейді. Қылыңға – ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан, боз тарланды жатқызады.
Боранға – қара, қоңыр, көк, жасыл, қызыл, қүрең, жирен, торы, сұр, күлгін, құла, шабдар, сары, т.б. түстер деп таратады. Халқымыз баранға жіктеген өң-түстері табиғаттағы кемпірқосақ түсі негізінде аталғандығын көрсетеді. Әр түстердің өзідерінің көптеген өңдерге бөлінетіндігін көрсетеді мысалы, көк түсті – қара көк, теңбіл көк, көк сұр, қызыл көк, көк бурыл, ақ көк, ақ көктеу, тарлан көк, көк сұрлау, қызыл көктеу, көк бурылдау деп атайды. Осы сияқты әр түстерді көптеген өңге бөледі [51].
Қазақ халқы аттарды өзіндік қозғалу қасиеттеріне қарай аяңшыл, желісқор, жортақ, жүрдек, жорға, текітек, ұшқыр, шығымды, шыға салма, тызетпе, құйын, қаршынды, жүйрік, бәйге, арғымақ, тұлпар, қазанат тағы басқаша атаулармен атайды. Осы ерекшеліктерін ескеріп қазақ атбегілері аттарды ойындар мен спорт түрлерінің ерекшеліктеріне қарай таңдай білген.
Жылқыны тани білу, оны іріктеп-сұрыптап баптай білу тек ат спорты үшін емес, сонымен бірге халық шаруашылығына үлкен пайда келтіретін игілікті іс.
Аттың жүрісі, жылдамдығына қарай – сәйгүлік, тұлпар, ұшқыр, желтимес, арғымақ т.б. сөздер қолданылады. Аттарды баптау барысында аттың «терін алу» маңызды іс болып келеді. Аттың терін бордақ тер, ащы тер, тұнық немесе мөлдір тер деп бөледі. Халықта «Бәйгеге қосар аттың ерін алма терін ал, күреске түсер балуанның көңілін жайла, шерін ал» деген мақал бар.
Жер жүзіндегі аттарды тұқымдарына (пародаларына) қарай 164 түрге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет