Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет95/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

170. Көк сиыр
Көгалға жиналған ойыншылар бір сызықтың бойына малдастарын құрып отырады. Осы кезде ойын жүргізушінің өзі «көк сиыр» болып ойнаушылардың топ ортасына келіп:
– Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма? – дейді.
«Көк сиыр» кетіп қалып, тағы бір айналып келеді. Ештеңе көрмеген, білмегенін, мүсәпір болып: «Мені құшақтайтын балам жоқ, киім тігетін инем жоқ», – деп шағым ете бастайды. Содан ойнаушылар бұзаудың қайда екенін біле тұра айтпайды да, әркім ізінше садақаларын береді. Содан «көк сиыр» тапқан табысын жинап алып, бұзауын таба алмай кете барады. Артынан, ізінше қатардың артында көрінбей отырған «көк сиырдың» «бұзауын» жібереді. «Көк сиыр» «бұзауына» келген беттен:
– Мен іздегенде қайда болдың? – деп ашуға басып, қуып жібереді. «Бұзау» баяғы өзінің кеткен жағына қайта келеді, осы сәтте, ізінше артынан «көк сиыр» келеді. Ойнаушылардың барлығы қайтадан өз орындарына жайғасып отырған соң, «көк сиыр» бағанағы жинап алған заттарын бір-бірлеп шығара отырып, иесін ортаға шығарып, көпшіліктің ұйғаруымен, болмаса өзінің айтуы бойынша оған өнер көрсетеді. Осылайша барлық ойнаушылар ортаға шығып өнер көрсетіп біткеннен кейін, «көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің орындарын көңілі ұнатқан адамдарға береді. Сөйтіп ойын ары қарай жалғасады.
171. Түйе-түйе
Ойнаушылар көгалға не алаңға жиналып алып, екі топқа бөлінеді. Бірінші топта ойнаушылардың үштен екісі, екінші топта үштен бірі болуы керек. Екінші топтың ойыншыларының бірі – «інген» «боталарын» жайбарақат ертіп жүргенде жаңағы жан-жаққа тарап кеткен ойнаушылар байқатпай келіп, бір-бірлеп «інгеннің» «ботасын» ұрлай бастайды және әрбіреуін әкеткен сайын «ботаңды» әкеттік деп дауыстап отырады. «Ботасын» ұрыларға қимаған «інген» артынан қуалап жете алмай дымы құриды. Осылайша біреуінің артынан қуып жүргенде, екіншісін ұрлап кетіп жатады. Оны көрген «інген» оған жүгіргенде, басқасын ұрлайды. Сөйтіп, бір-бірлеп бір «ботасы» қалғанша ұрлай береді.
Енді барлық «ботасынан» айрылып, жалғыз «ботасымен» қалған «інген» екі көзінен жасы ағып, боздап, не істерін білмей дал болады. «Інгеннің» қатты күйініп, қиналып отырғандығын пайдаланған ұрылар жалғыз «ботасын» да қағып кетеді. Бір кезде «ботасына» үн қатса, жауап бермейді. Содан үрейленген «інген» жан-жағына қарап жүгіріп, іздеп таба алмай қалады. Жалғыз «ботасынан» айрылған «інген» есінен танғандай бір орында айналып жүгіре береді. Сөйтіп жүгіріп келе жатып, анадайда тұрған «ботасын» ұрлаған топқа тап болады. Содан барлық ойнаушылар бірігіп жүрелерінен дөңгелене отырысады да, қолында таяғы бар «інген» өзінің «боталарын» ұрылардың қолына түскендігі үшін жазалай бастайды, одан ұрыларды жазалайды. Ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет