Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет35/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

20. Бестас, Қақпақыл, Тоғызтас
Бестас ойыны қазақ халқының көне заманнан келе жатқан тәрбиелік мәні жоғары ұлттық ойыны болып табылады. Ойынның ел арасында Бестас, Қақпақыл, Тоғызтас т.б. аттары кездеседі.Тоғызтас ойыны тоғыз тасты қолдану арқылы ойналады. Ойын адамның ептілік, жылдамдық, байқампаздық, санау, реттеу, топтау қасиеттерін жақсы дамытумен қатар, көз жанарын жетілдіруге, сақтауға, сауықтыруға да көп пайдасы бар. Бестасты барлық жастағы адамдар ойнайды. Ойын адамның шаршағанын басып, сабырлыққа шақырады. Бестас ойынын сабақ үзілістері, жұмыс арасында да ойнаған тиімді. Бестас ойынын ұрпақтан-ұрпаққа беру, халқымыздың мәдениетін сақтаудың бір жолы болып табылады. Ойынға домалақтау келген бес тас таңдалып алынады. Ойынды екі-екіден немесе бірнеше адамдар топ құрып ойнауға болады.
Түсіндірме сөздік:
Қаршу – жоғарыдан лақтырылған тастарды қолдың алақанымен жоғарыдан төмен қуып ұстау.
Қақпақыл тас – жоғары лақтырылатын тас.
Жалату – саусақтың басымен жерді жалату.
Қора – сол (оң) қолдың бас бармағымен сұқ саусағын жерге тірей қақпа жасап ұстау.
Құдық – алақан саусақтарын қуыстап ұстау арқылы тастарды «құдыққа» жинау.
Нәби – жерге шашылған төрт тастың бірін нәби (ата) деп белгілеу.
Ойынның мазмұны. Ойнаушылар алдымен кім-кімнен кейін ойнайтындықтарын анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, бір алақан сыртымен тосып алады да,алақан сыртында қалған тастарды қайта жоғары лақтырып, қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз – тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қуып барып ұстау. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып ұстау кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі де мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады. Ойын кезегін алудың басқа да жолдары бар.
Бірінші кезек алған ойыншы бестас ойынының шартын бұзып алғанға дейін ойнайды. Одан кейін екінші кезектегі,ол тоқтаған соң үшінші кезектегі ойыншы бастайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Тастарды жерден теріп алу кезінде басқа тастарды қозғалтуға болмайды және қақпақыл тасты жерге түсіріп алмау керек. Ойнаушылардың қай-қайсысы болмасын, ойынды өзінің бұрынғы тоқтаған жерінен ары қарай жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет