Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет71/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

109 Бөрік жасырмақ
Ойынды кешкі алакөлеңке немесе кешкі қараңғы түскен уақытта ойнауға қолайлы. Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, оған алыстау жерге барып, өзінің бөркін немесе басқа бір затын жасыруға жібереді және өзінің де сол маңайда жасырынуы керек. Қалған ойыншылар тығылған ойыншының тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға қам жасаса, онда иесі бөрікті бермеуге тырысады. Бермеудің жағдайы екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын жетіп алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып, бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқа ойыншылар бөрікті қайткенде де алдап жүріп алып, оны ойын жүргізушіге алып келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы тығылуға барады да, ойын жалғаса береді.
110. Мәлке тотай
Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар жиналып болғаннан кейін, өзара келісімдері бойынша, тең екі топқа бөлінеді де, күні бұрын белгіленген арақашықтығы 20–30 қадамдай жердегі көмбелеріне барып, қарама-қарсы түзудің бойына қатарға тұрады. Әр қатардағы ойыншылар бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап тұрады. Бірінші жақ бәрі бірден шулап: «Мәлке тотай», – дейді. Екінші жақ «Кімді қалай», – дейді. Атын атап, «пәленшені қалай», – деп, сол өзі атаған баланы алып келу үшін жүгірген бетімен барып ұстасып тұрған қолды өзінің қусырған қолымен үзеді. Үзіп кетсе, ол атаған ойыншысын өз тобына алып келеді, ал үзе алмай қалса, онда өзі сол топта қалады.
Енді «мәлке тотайды» екінші жақ айтып, бірінші жақ қол ұстасып тұрады. Сол жаңағы екі топтың біреуі таусылғанша ойнай береді. Ең соңғы қалған бала жаза тартады. Ойнаушылар ойынды жалғастыра береді.
111. Бұғнай
Ойнаушылар санына шек қойылмайды. Ойынды алаңда немесе бөлмеде ойнауға болады. Жүргізуші ойнаушыларды айнала малдас құрып, тізерлеп отырғызып бірінші бұғнай, екінші бұғнай, үшінші бұғнай деп барлық ойыншыларды түгелдей санап шығады да, «пәленше бұғнай», – деп дауыстайды. Аты аталған «бұғнай» орнынан атып тұрады да, келесі өзі қалаған біреуін атап шақырады. Әдетте, малдасын құрып отырған балалар жүресінен немесе бір тізерлеп отырған қыздар бірден орнынан тез тұра алмай, ал кейбір сақ отырған ойыншылар аты аталмай тұрып кететін жағдайлары да болады. Осындай сәттерде тұра алмай қалған және аты аталмай тұрып кеткен ойыншыларға жаза қолданылады. Ойын қайта басталады.
112. Аларман
Ойнаушылар бірінің белінен бірі ұстап, тізбек құрып тұрады. Бір ойыншы «аларман» (қасқыр) болып, тізбектің басындағы ойыншымен қарама-қарсы тұрады. «Аларман» тізбектің біресе оң жағына, біресе сол жағына шығып, ең соңғы ойыншыны (қойды) ұстауға тырысады. Ал тізбектегі ойыншылар «аларманның» бағытымен бірге қозғалып, ең соңғы тұрған (қойды) ұстатпауға тырысады.
Ұстаған жағдайда «аларман» өзі тізбектің басына тұрады да, ұсталған ойыншы «аларман» болады. Ойын жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет