Список использованной литературы:
1. Мурашко Н.И. Принципы инновационной политики. – М.: Инфра – М, 2013.
– 122 с.
2. Могильный С. Формирование и развитие инновационной инфраструктуры в
Республике Казахстан. Диссертация на соискание ученой степени кандидата
экономических наук: 08.00.05 – Алматы, 2004.- 160с.
3. Каргажанов З.К. Национальная экономическая система. Учебник для вузов.
А.: Ғылым, 2013. – 266 с.
1.2. Дамыған мемлекеттердегі ұлттық инновациялық жүйе үлгілері: шетел
тәжірибесі
Әртүрлі мемлекеттердегі ҰИЖ үлгілерін зерттеу олардың ерекшеліктерін,
қозғаушы күштерін және мемлекеттің экономикалық дамуына ықпалы
тұрғысындағы тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Инновациялық жүйелер
ішіндегі элементтерінің қызметтеріндегі, әрекеттесу қағидалары мен
механизмдеріндегі айырмашылықтар олардың даму мақсаттарының әртүрлі
болуына, сондай-ақ, тарихи қалыптасқан немесе жасалған бәсекелестік
артықшылықтардың жиынтығына байланысты [1].
Инновациялық жүйелер концепциясының негізін қалаушыларынан бастап
ғалымдар әртүрлі ҰИЖ «ұлттық» аспектісіне үлкен назар аударады, себебі
олардың қызмет ету ерекшелігі көбінесе ұлттық үкіметтердің саясатына және
бағдарламаларына байланысты. Мәселен, К. Фриман «инновациялардың ұлттық
жүйесі» терминін алғаш рет Жапонияның соғыстан кейінгі жылдары қарқынды
экономикалық дамуын сипаттау кезінде 1987ж. енгізді.
Өзге мемлекеттерді (Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань және т.б.)
мысалға ала отырып салыстырмалы талдау жасай келе, К. Фриман әлемдік
тәжірибе ұсынған ҰИЖ үлгілеріндегі маңызды айырмашылықтарды
қалыптастырды. Осы саладағы әрі қарай зерттеулерді Б. А. Лундвалл және Р.
Нельсон жүргізген. Б.А. Лундвалл ҰИЖ ұғымын тұтынушылардың,
мемлекеттің және қаржылық институттардың мінез-құлқысы тұрғысында
талдады. Нельсон даму деңгейі әр түрлі мемлекеттердің инновациялық
жүйелеріне сипаттама берген.
Бүгінгі таңда, ҰИЖ әртүрлі түсіндірмеге қарамастан, көпшілік ғалымдар
технологиялық өзгерістерді қалыптастыру кезінде ұлттық айырықша факторлар
елеулі рөл атқаратынын мойындап отыр. Оларға институционалды факторлар
да (білім беру жүйесі, негізгі «ойыншылар», мемлекет тарапынан
технологиялық инновацияларды қолдау шараларының кешені және т.б.),
мәдени, тарихи, тілдік және т.б. факторлар жатады [2].
Әдебиеттерде инновациялық жүйелер бірнеше топтарға бөлінген.
Мысалы, француз экономистері Amable B., Barre R., Boyer R ҰИЖ АҚШ және
Ұлыбританияға тән «нарықтық», «мезо-корпоратисттік» (Жапония), Германия,
15
Франция, Нидерланды және Италияға тән «интеграциялық еуропалық»,
«социал демократиялық» (скандинав елдері) ажыратады [3].
Мильнер Б.З. басқарған авторлар ұжымы экономикалық жүйе үлгісіне
сәйкес ҰИЖ үш үлгісін ажыратады: нарықтық желілік (классикалық нарықтық,
иерархиялық емес, желілік), әкімшілік командалық (классикалық нарықтық
емес немесе этатисттік, желілік нарықық қатынастармен ұштаспайтын
иерархиялық) және аралас желілік (постклассикалық нарықтық, инновациялық
процестердегі мемлекет пен жеке құрылымдардың серіктестік паритетті
қатынастарына негізделген иерархиялық емес желілік) [4].
Осы институттардың технологиялық динамиканы анықтайтын бір
«эталонды» конфигурациясы жоқ. Әрбір ҰИЖ белгілі бір мемлекеттің тарихи
мұрасы негізінде қалыптасады. Сондықтан, жекелеген жүйелердің белгілі бір
бірыңғай жүйеге қарай ұмтылуына қарағанда өзара байланыстылығын байқауға
болады, сонымен бірге аталып кеткен әрбір жүйенің технологиляық
өзгерістерге әсер ету қабілеті бар [5].
Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде [6] мемлекеттердің ғылыми
техникалық және инновациялық саясатына байланысты ҰИЖ үлгілері
ажыратылады:
− Американдық, элементтерінің дамығандығымен, инновациялық
қызметті ынталандырудың жанама әдістерінің көп болуымен, әлемдегі ҒЗТКЖ
кеткен шығындардың көптігімен (әлемдік шығындардың 30% астамы ҒЗТКЖ)
сипатталады;
− Еуропалық,
инновациялық
циклдың
соңғы
буындарының
американдық үлгімен салыстырғанда кішкене қалыс қалуымен, шағын және
орта кәсіпорындардың жоғары инновациялық белсенділігімен, тікелей және
жанама мемлекеттік механизмдердің үйлесуімен сипатталады;
− Жапондық (азиаттық), онда инновациялық циклдың соңғы
сатыларына, қолданбалы зерттеулердің және тәжірибелік конструкторлық
зерттеменің дамуына ерекше назар аударылады. Мемлекеттің инновациялық
дамуында ірі корпорациялар негізгі рөл атқарады, инновацияларды тікелей
және жанама қолдау шаралары дамыған.
ҰИЖ өзге де топтастырулары әдетте өзіне тән белгілері бар бірнеше
негізгі мемлекеттерді ажыратады. Мәселен, географиялық белгілері бойынша
АҚШ, Жапония, Еуропаның жекелеген елдерінің ҰИЖ ажыратылады. Соңғы
уақыттарда экономистер осы елдерге Қытайды да қосады [7].
Инновациялық даму механизмдері ХХ ғасырда әртүрлі мемлекеттерде
әртүрлі ныснадарда дамыды, олардың әрқайсысы өз мемлекетінде
инновациялардың ұлттық экономикада және әлемдік нарықта таралуына
көмектесу мақсатында ғылыми концепциялар мен шаруашылық етудің
эмпирикалық нысандарын құра отырып инновациялар генезисін және іске
асырудың тиімді жүйесін жасауға тырысты.
Инновациялық қызметтің даму механизмдері ретінде әлемдік тәжірибеде
төмендегілер ажыратылады:
− белсенді араласудың мемлекеттік стратегиялары;
− орталықтандырылмаған (жанама) реттеу әдістері;
16
− аралас.
Белсенді араласу стратегиясы Жапония, Франция, Нидерланды және т.б.
сияқты мемлекеттердегі инновациялық қызметті жандандырады. Осы
мемлекеттердегі инновациялық қызмет инновациялық экономика өсуінің
анықтаушы факторы болып танылады. Осы стратегия шеңберінде мемлекет
өзінің
ғылыми
зерттеулері
мен
зерттемелерін
жүзеге
асыратын
университеттерге қаржылық қолдау көрсетеді. Осы стратегияны таңдау
мемлекеттің заңнамасына және сыртқы саясатына елеулі өзгерістер енгізуді
талап етеді.
Орталықтандырылмаған реттеу стратегиясы мемлекеттің ғылыми және
инновациялық салаға қатысуының күрделірек механизмінің пайдаланылуын
көздейді. Осы стратегияны пайдалану мемлекеттің инновациялық қызметте
жетекші рөл атқаруын көздейді, бірақ белсенді араласу стратегиясы үшін тән
қатаң директивті байланыстар болмайды. Ғылыми ұйымдар, жоғары
технологиялық кәсіпорындар бірінші кезекке шығады. Мемлекеттің рөлі ҰИЖ
барлық қатысушыларының инновациялық қызметін дамыту үшін қолайлы
жағдай тудыруда көрінеді. Осы стратегия Ұлыбританияда, АҚШ және бірқатар
мемлекеттерде дамыған.
Аралас стратегия екі алдыңғы стратегиялардың сипаттамаларын
біріктіреді. Ол көбінесе экономикасының басым бөлігін мемлекеттік сектор
құрайтын және мемлекеттік саясат осы сектор салаларының экспорттық
әлеуетіне бағытталған елдерде пайдаланылады. Осы жағдайда үкімет
мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты белсенді араласу стратегиясын, ал калған
кәсіпорындарға қатысты орталықтандырылмаған реттеу стратегиясын
пайдаланады. Мысалы, осы стратегия Швеция мемлекетінде пайдаланылады.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау тікелей және жанама
реттеудің әртүрлі нысандарын қамтиды. Тікелей әдістер жүйесіне
төмендегілерді жатқызуға болады:
− Мақсатты, пәндік бағытталған немесе мәселеге бағытталған
қаржыландыру түріндегі мемлекеттік инвестициялау, лизинг, өндірістің
әлеуетті бағыттарын және озық түрлерін зерттеу санын арттыру мақсатындағы
қор операциялары;
− Мемлекеттік кәсіпкерлік, бағдарламалау, жоспарлау;
− Ғылыми зерттеулер саласындағы өнеркәсіптік ұйымдардың, атап
айтқанда, ғылыми зерттеу және білім беру университеттерімен кооперациясын
жандандыратын шаралар [8].
Әдістердің басты айырмашылығы тікелей әсер ету әдістері экономикалық
субъектілер қабылдайтын шешімдерге тікелей әсер етеді, ал жанама әдістер
мемлекеттің экономикалық мақсаттарына сәйкес келетін шешімдерге тікелей
әсерін тигізеді. Заманауи жағдайларда жанама әдістер кеңінен таралып келеді,
себебі, тікелей бюджеттік қаржыландыруға қарағанда үлкен бір жолғы
шығындарды талап етпейді, сондай-ақ, жеке инновациялық кәсіпкерліктің
дамуы үшін қолайлы жағдай тудырады.
Жанама ынталандыру әдістеріне ғылым және инновациялар саласындағы
заңнама, салықтық жеңілдіктер жүйесі, венчурлық қаржыландыру механизмінің
17
дамуы, мемлекеттік инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, ғылыми
техникалық инновациялық өнім нарығын дамыту, шағын, орта және ірі
кәсіпорындарды біріктіретін инновациялық кластерлерді қалыптастыру,
сондай- ақ, белгілі бір салада және географиялық аймақта әрекет ететін ғылыми
зерттеу институттары жатқызылады [9].
Жанама ынталандыру әдістерінің ішінде арнайы салықтық режимдер
белсенді түрде қолданылады. Ынталандырудың осы түрі бизнестің
қызығушылығын қоғамдық талаптарға сай келетін қызмет салаларын арттыруға
бағытталған. Инновациялық қызмет саласында салықтық режимдер кәсіпкерлік
сектор және өзге де мемлекеттік емес шаруашылық ету субъектілерінің
тарапынан қаржылық салымдарды көбейту үшін пайдаланылады.
Шет елдік тәжірибені талдау ғылыми инновациялық қызметті
жандандыру үшін салықтық ынталандырудың негізгі түрі болып салықтық
жеңілдіктер табылатынын көрсетті. Өзгертуіне жеңілдік бағытталған салық
құрылымындағы элементке (салық салу объектісі, салықтық база; салықтық
ставка; салықтық кезең; салықты төлеу тәртібі; төлеу мерзімі) байланысты
салықтық жеңілдіктер және салықтық несиелер ажыратылады.
«Салықтық жеңілдік» ұғымы (tax allowance) салық сомасын есептеген
кезде толығымен немесе бөлшектеп алып тастауға жататын соманы белгілеу
үшін пайдаланылады. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық зерттемелерге
инвестицияларды жүзеге асырып отырған кәсіпорын белгілі бір кезең ішіндегі
ҒЗТКЖ кеткен шығындарға тең немесе одан астам көлемде салық салынатын
табыстан шегерімдер жасай алады.
Ынталандырудың өзге де түрі- «салықтық несие» (tax credit) шығындарды
жасаған кәсіпкерлік қызмет субъектісінің түпкілікті салықтық міндеттемеден
ҒЗТКЖ кеткен шығындарға пайыздық арақатынастағы шегерімдерді білдіреді
[9]. Дамыған мемлекеттердің ҰИЖ үлгілерін қарастырайық.
АҚШ.АҚШ ғылыми-техникалық саясатты жасау және жүзеге асыруды
АҚШ Президенті, жұмыс органы болып ғылыми-техникалық саясат жөніндегі
Басқарма табылатын және Президенттің ғылым жөніндегі кеңесшісі басқаратын
Ұлттық ғылыми кеңес жүзеге асырады.
АҚШ инновациялық қызметін қаржыландыру жеке компаниялардың
көптігімен, венчурлық қорлардың кең желісімен (2016 ж. венчурлық
инвестициялар көлемі шамамен 58.59 млрд. АҚШ долл. құрады) [10], сондай-
ақ, мемлекеттік қаржыландыру көзінің болуымен сипатталады.
АҚШ технологиялық көшбасшылығына келесі факторлардың әрекеттесуі
салдарынан қол жеткізілді[2]:
− Іргелі зерттеулерді жеке университеттер және мемлекеттік зертханалар
тарапынан қаржылық қолдау;
− Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру саласындағы заңнама, ол
жаңа технологиялардың тез коммерциализациялануына ықпалын тигізді;
− Білім беру, іргелі және қолданбалы ғылым, өндіріс және нарық арасындағы
мықты байланыстардың болуы;
− Шағын ғылымды қажетсінетін кәсіпорындарды құрудың жеңілдігі;
− Икемділігінің жоғары болуы, ұйымның өзгерістеріне бейімделуі;
18
− Икемді еңбек нарығы, білімі жоғары, кәсіби менеджерлердің болуы;
− Қаржылық нарықтар тарапынан тәуекел және инновацияларға дайын болу.
2016 жылғы мәліметтер бойынша АҚШ ҒЗТКЖ кеткен шығындары 457
млрд. АҚШ долл.құрады, ол ҒЗТКЖ кеткен әлемдік шығындардың 27%
құрайды. Америка Құрама Штаттары мен Қытай бірлесіп жалпы ҒЗТКЖ кеткен
әлемдік шығындардың шамамен 47% құрайды. ҒЗТКЖ кеткен шығындар
бойынша АҚШ ,Қытай, Жапония көш бастап отыр. Әлемнің жетекші
мемлекеттерінің ҒЗТКЖ кеткен шығындары туралы мағлұматтар 1 кестеде
келтірілген [11].
Кесте 1 - 2016ж. мәліметтер бойынша әлемнің жетекші елдерінің ҒЗТКЖ
қаржыландыру мөлшерлері
Мемлекеттер
ҒЗТКЖ кеткен шығындар, млрд.АҚШ долл.,
сатып алушылық қабілет паритеті бойынша
ҒЗТКЖ кеткен
шығындар, ЖІӨ %
АҚШ
456,977.1
2.73
Қытай
336,495.4
2.08
Жапония
160,246.8
3.47
Германия
100,991.4
2.85
Оңтүстік Корея
68,937.0
4.15
Франция
55,218.2
2.23
Ресей Федерациясы
40,694.5
1.12
Ұлыбритания
39,858.8
1.63
Ескерту – әдебиет негізінде автормен құрастырылған [11]
Технологиялар трансферті үдерісін АҚШ ынталандыруы 2 суретте
көрсетілген. Үкімет тек қана алғашқы кезеңдерде қатысады: инвестициялау,
ҒЗТКЖ, зияткерлік меншікті құру.
АҚШ үкіметі инновациялық кәсіпкерлікті қолдаудың бірқатар
бағдарламаларын жасады: «Шағын бизнестегі инновациялық зерттеулер» (The
Small Business Innovation Research), «Шағын бизнестегі технологиялар
трансферті» (The Small Business Technology Transfer), «Жоғары технологиялар
бағдарламасы» (the Advanced Technology Program) [12].
Достарыңызбен бөлісу: |