МоөЖ №11 Тақырыбы: Жоғары мектепте белсенді оқытудың ерекшеліктері



бет2/2
Дата06.02.2024
өлшемі23.28 Kb.
#490954
1   2
10 сем пед

«Миға шабуыл» әдісі – студенттердің ғылыми және практикалық проблемаларды шешудегі дәстүрлі емес жолдарын іздестіретін ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған оқыту тәсілі. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады:

  1. Проблеманы анықтай алу немесе проблемалық жағдаят туғызу.

  2. Талдаусыз және дәлелсіз әр түрлі ойларды алға шығару.

  3. Ойларды, ұсыныстарды теориялық, эмпирикалық жағынан тексеру, талдау.

  4. Үздік ойларды таңдау және бағалау.

Әдістің құрылымы екі бөліктен тұрады: біріншісі – ойларды шығару, екіншісі – ойларды дамыту және қорғау. Бұл әдісті көбінесе семинар сабақтарында кейде дидактикалық мақсатты ескере отырып дәріс сабақтарында да қолдануға болады.

«Мықты» тұстары

«Әлсіз» тұстары

-танымдық белсенділікті арттыруы;
-оқу материалын білім алушылардың шығармашылық жолмен меңгеруі;
-теорияның практикамен байланысы;
көңілдің ортақ іске жұмылуы;
-проблеманы шешу кезеңінде ойлау қызметінің күшеюі;
-топта жұмыс істеу іскерліктерін қалыптастыру



-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;
-барлық студенттер «миға шабуыл» әдісімен таныс болмауы мүмкін;
-барлық тақырып осы әдіспен оқытылуы мүмкін емес





«Іскерлік ойындар» әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.
«Іскерлік ойындар» әдісінің «мықты» және «әлсіз» тұстары бар:

«Мықты» жақтары

«Әлсіз» тұстары

-болашақ кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің бір кезенді модельдеуге мүмкіндік береді;
-теориялық білімдерінің нығая түсуіне және оны практика жүзінде қолдануға мүмкіндіктері артады;
-педагогиканы оқуға қызығушылықтары арта түседі



-дайындық үшін қосымша уақыт қажет;
-ойынды өткізу, ұйымдастыру аудиториялық уақыт аясына сай келе бермейді



«Кейс-стади» әдісі отандық жоғары оқу орындарында АҚШ, Канада бизнес-мектептерінің тәжірибесінен алынып, қолданысқа еніп отыр. Бұл әдіс аналитикалық іскерліктерді, проблемалық міндеттерді шешудегі практикалық іс-әрекеттерді, ауызша және жазбаша дағдыларды қалыптастырады.
Оқыту кезінде «кейс-стади» әдісін қолдану Дж. Мартиннің «Таным пирамидасында» жақсы көрсетілген. Ғалым әр түрлі формада сабақ кезінде меңгерілетін оқу материалын пайыздық көлемде берген [3]:
дәріс – 5%;
оқу – 10%;
аудио әдістер – 20%;
демонстрация – 30%;
пікірталас әдістері – 50%;
практикалық іс-әрекет – 70%;
басқаларды оқыту– 90%.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет