Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
Рөлдік ойындар - тиімді интербелсенді әдістердің бірі.
рөлдік ойындар қоғамда кең етек алған проблемалар мен оларды шешудегі тиімді әрекеттерді меңгеруді мақсат тұтады.
Бұл әдіс студенттерде жинақталған теориялық білім, практикалық тәжірибе, өмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Рөлдік ойындардың екі түрін ажыратуға болады:
1. Әрбір студент рөл ойнайды.
2. Студенттердің шағын топтары рөл ойнайды
Мұндай ойындарда келесідей рөлдерді қолдануға болады:
Автор - өз көзқарасы мен пікірін келтіруші, ұсынушы.
Түрлендіруші - автордың ұсынысын толық қабылдамай, өз түсінігін құрастыратын, содан туындаған ойларымен басқалармен бөліседі.
Сыншы (немесе Пессимист) - талқылау барысында қабылданған шешімдерге күмән келтіріп, өзгеше ұсыныс жасап, басқа шешімдер мен көзқарастар келтіреді.
Ұйымдастырушы (немесе капитан) - жасалған жұмыстың барлығын да үйлестіріп, қатысушылардың жеке пікірлерін жинақтауға, біріктіруге ұмтылып, оларды автордың көзқарасын дамытуға бағыттайды.
Қуаттаушы (немесе Оптимист) - қандай да болмасын келтірілген ұсыныс пен әрекетті демеп, қолпаштап отырады. Оның жұмысы сыншы рөліне қарама-қарсы. Ол өз жұмысында мақтау мен мадақтауды, арқадан қағу мен қол шапалақтауды қолданады да, солар арқылы топ ішінде көтеріңкі көңіл-күй орнатуға бар күшін салады.
Суретші - топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсіруші.
СASE-STUDY
Таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды
Кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны (формасы).
Кейс-стади мақсаты
кез келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау
негізгі проблемаларды айқындау
проблемаларды шешудің әртүрлі балама жолдарын табу
сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау
өз іс-әрекеттерін жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |