Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
Сан есім дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы. Сан есімнің басқа сөз таптарынан негізгі айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру.
Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды.
Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді. Осымен байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтарының жалғануы да біркелкі емес. Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып бөлінеді.
Сан есімнің мағыналық топтары
Есептік сан есім
Сан есімдер мағыналық ерекшеліктеріне қарай есептік, реттік, жинақтық, топтау, болжалды, бөлшектік сан есімдер болып бөлінеді. Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше?- деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ , олар түбірден тұрады. Есептік сан есімдер құрылысы мен дәрежесіне қарай бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бөлінеді. Есептік сан есім септік, көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдағанда, заттың мәнге ие болып, зат есімнің қызметін атқарады. Атау септікте тұрып, тәуелденіп,тәуелденбей бастауыш бола алмады. Мен істедім дегенше, мың істеді десейші, мың істеді дегенше, ер істеді десейші. Ілік септік жалғауын қабылдап, матаса байланысып анықтауыш болады. Бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі түменге. Атау септік, ілік септіктен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. Мыңды алған, бірде беріп Ақтабанды. Баяндауыш қызметін атқарады. Олар жүз сексен, біз жүз жиырмамыз.
Сан есім жатыс септігінде тұрып баяндауыш болады. Мұраттың жасы жиырма алтыда.
Осылармен бірге септік сан есімдері төмендегідей тұрақты тіркестерде келеді: Бір саны: бір жасап қалу, бір киер. Бір қайнары ішінде, бір қыдыру, бір сабақ жіп, бір сырлы, бір шөкім, бір қайнатым.
Екі саны: екі дүниеде, екі жеп биге жету, екі жүзді, екі иығынан дем алу, екі арада шыбын өлу,екі көзі төрт болу, екі ұшты, екі еткізбеу, екі қолға бір күрек.
Үш саны: үш қайнаса сорпасы қосылмау, үш ұйықтаса түсіне кірмеу.
Төрт саны: төрт орыстың баласы, төрт аяғы тең жорға, төрт түлік мал, төрт көзі түгел, төрт тағандау.
Бес саны: бесаспап адам, бес бересі алты аласы жоқ, бесенеден белгілі, бес саусақтай білу.
Алты саны: алты қырдың асты, алтыбақан.
Жеті саны: жеті қабат жер асты, жеті ата, жетісін беру, жеті қоян тапқандай.
Отыз саны отыз күн ойын, қырық күн тойын қылу,отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарар.
Қырық саны қырықтың бірі қызыр, қырқын беру, қырық күн.
Есептік сан есім өзге сөз таптарынан жасалмайды. Тілдің тарихи даму процесінде есептік сан есімдер арқылы сөзжасамның әр түрлі тәсілдері арқылы жаңа сөздер жасалады.
Есептік сан есімдердің ішінде лексика – семантикалық және грамматикалық жағынан бір сан есімнің қолданылу, стильдік ерекшелігі сан алуан.
Бір сан есімі ең алдымен есептік сан есім ретінде заттың санын, мөлшерін білдіреді. Жарыс деген молданың бір ұлы, бір қызы бар екен. Бір сан есімнің сан түрлі мағынасы контекст арқылы ажыратылады.
Бір сан есімнің басты ерекшеліктері:
-етістіктің алдында кеп, бастапқы нақты сындық мағынасы көмескіленіп, күшейткіш мағына үстейді.
Бала көзінің астымен бір қарап алды.
- белгісіздік мағынада қолданып, белгісіздік есімдік болады. Бір үшеу көшені басына көтеріп келді.
- Сын есіммен тіркескенде, сындық мағынаны күшейту мәнінде қолданылады. Оқушы талапкер тірлігінде ол ең бір бақытты шақ.
- Сандық мағынадан ауытқи келе бір сөз біресе шылауының орнына қолданыла береді.
Жарас бір отырып, бір тұрды.
- уақыт, кез, мезгіл, күн, сәт, заман, жолы сияқты сөздермен тіркесе келіп, болжалды мағынадағы мезгілді білдіреді.
Бір кезде Қарашолақ мәдениет орталығы болған.
Бір сөзінен жаңа сөздер жасалады.
Бір сөзіне -лық, -лік жұрнақтары жалғанып бірлік, бірлестік деген зат есімдер жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |