Морфологиялы қ геотектоник а, немесе қ ұ рылымды қ геологи я жер қыртысының



жүктеу 167.46 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі167.46 Kb.

  1. М о р ф о л о г и я л ы қ г е о т е к т о н и к а, немесе   қ ұ р ы л ы м д ы қ   г е о л о г и я   жер қыртысыныңтектоникалық қозғалыстар туындатқан құрылымдық пішіндерін зерттей отырып, сол пішіндердің жіктемелерін жасақтайды. Қ.г.-ның жекелеген тарауы ретінде тектонофизиканы, немесегеомеханиканы атауға болады. Геотектониканың соңғы онжылдықтарда ғана дамып келе жатқан  арнаулы тарауы ретінде қаралатын бұл ғылыми пән таужыныс қабаттары мен олардың бірегей бірлестіктеріндегі тектоникалық бұзылыстар (қатпарлар мен жыртылыс құрылымдары) қалыптасуының физикалық жағдайларын анықтаумен айналысады.

  2. А й м а қ т ы қ г е о т е к т о н и к а – өз ауқымына әр түрлі тектоникалық құрылымдар мен алуан түрлі шағын-шағын құрылымдық пішіндерді кіріктіретін жекелеген ірі-ірі өлкелердің (облыстардың) геологиялық құрылыс ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын зерттейтін геотектоника саласы. Өзіне жүктелген міндеттерді шешу барысында нақтылы тектоникалық зерттеулермен қатар геофизикалық және геохимиялық зерттеулер, сол сияқты геологиялық карталау жұмыстары да кешенді түрде жүргізіледі.

  3. Т а р и х и г е о т е к т о н и к а   жер қыртысының тектоникалық құрылымдары (құрылымдық элементтері) дамуының геологиялық тарихын сатылай отырып қадағалау шараларымен айналысады. Бұл орайда, бір-біріне иерархиялық тұрғыдан бағынышты тектоникалық құрылымдарды (құрылымдық элементтерді) зерттеу реттілігі олардың ең кішісінен басталып, ірілеріне қарай ауыса береді десе де болғандай. Мәселен, жекелеген құрылымдық-формациялық белдемдердің(антиклинорийлер мен синклинорийлердің) даму тарихын сатылай отырып қалпына келтіру осы белдемдерден тұратын құрылымдық өлкелердің (облыстардың) даму тарихын саралауға мүмкіндік береді. Құрылымдық өлкелердің (облыстардың) геологиялық даму тарихын анықтау бірнеше өлкелерді біріктіретін құрылымдық белдеулердің уақыт пен кеңістіктегі даму ерекшеліктерін сатылай отырып қадағалау мүмкіндін туғызса, осы зерттеулердің нәтижелерін ой елегінен өткізу тұтасконтиненттік қыртыстың қалыптасу, даму және тұрақтану заңдылықтары жайлы ой түюге жағдай жасайды. Ал тұтас континенттік қыртыстың  қалыптасу және тұрақтану заңдылықтарын анықтау дегеніміз бүкіл Жер планетасының геологиялық даму тарихы жайлы геология ғылымының өте маңызды теориялық мәселерін шешуге апаратын бірден-бір жол болып табылады, себебі жер қыртысы, тіпті литосфера  деп аталатын планетаның сыртқы қатты қабаты (жер қыртысы мен литосфералық мантияның қосындысы) сол жер қойнауларында етек алған эндогендік процестер (тектоникалық, магмалық және метаморфтық процестердің жиынтығы) нәтижесінде қалыптасып, планетамыздың бүкіл геологиялық дамуы барысында (шамамен 3,7 млрд жыл) оның беткі бөлігінде оқшауланып үлгерген өзіндік туындысы болып табылады.

Т.г.-ның арнаулы тарауы ретінде жаңатектоника (неотектоника) деп аталатын ғылыми пән жеке-дара отау тікті, ол қазіргі геологиялық дәуірде жербедер (рельеф) түрлерінің қалыптасуын қамтамасыз етіп жатқан тектоникалық процестерді (бірінші кезекте тектоникалық қозғалыстарды) саралайды. Жаңатектоникаарнаулы ғылыми пән ретінде бұрынғы КСРО ғалымдары тарапынан  дараланған, ол Жер дамуының жаңа сатысы бұрынғы даму сатыларымен салыстырғанда кейбір ерекшеліктермен сипатталады деп топшылай отырып, өз зерттеулерінде кейбір арнаулы әдістерді қолданады. Жаңатектоника термині жиі-жиі «ең жаңа тектоника» («новейшая тектоника») деген сөз тіркесімен алмастырылып жүргендігін  ескерген жөн.

  1. Ж а л п ы г е о т е к т о н и к а , немесе   т е о р и я л ы қ   г е о т е к т о н и к а  геотектоника ғылымының жекелеген салалары мен ғылыми пәндері тарапынан анықталған мәліметтерді қорытындылай отырып,тектоникалық қозғалыстардың уақыт пен кеңістікте көрініс беру заңдылықтарын саралайды,тектоникалық құрылымдар  қалыптасуының тектоникалық режимін (механизмін) және олардың бір-біріне ауысу (мәселен, қозғалмалы белдеудің платформаға ауысу) уақыты мен ерекшеліктерін нақтылайды, сөйтіп бүкіл жер қыртысы мен жер литосферасы, тіпті тұтас Жер планетасы қалыптасуының геологиялық эволюциясын хаттайды. Геотектоника ғылымының бұл саласы ауқымына Жердің жаралуы мен геологиялық дамуының жалпылама заңдылықтарын түсіндіруге тырысатынгеотектоникалық жорамалдар (гипотезалар) жасақтау шаралары да кіреді.

Осы орайда оқырмандарға әдейі ескерте кететін бір жайт бар, ол – «геотектоника» деген түсініктің әдетте осы «жалпы геотектоника» деген түсінікпен мейілінше шендес екендігі. Екінші сөзбен айтқанда, геотектоника ғылымының зерттеу нысаны, мақсат-мүдделері мен зерттеу міндеттері, сайып келгенде, осы жалпы геотектониканың болмыс-бітімімен орайласады.

  1. Қ о л д а н б а л ы г е о т е к т о н и к а геотектоника  ғылымының өзге салаларының, әсіресе «жалпы геотектониканың» ауқымында анықталған заңдылықтарды минералдық шикізат шоғырлары мен жатындары орналасуының өзіндік ерекшеліктерін анықтау мүддесіне пайдалану шараларымен айналысады, сөйтіп әр түрлі пайдалы қазба кенорындарын болжау және  іздеу-барлау жұмыстарына нақтылы бағыт-бағдар сілтеу міндетін қамтамасыз етеді. Түрлі-түрлі пайдалы қазба кенорындары типтерінің жер қыртысында қалыптасу және шоғырлану заңдылықтары да түрліше болып келетіндігі Қ.г.-ның да түрлі-түрлі ғылыми пәндерге жіктелуіне себепші болған. Мәселен, Қ.г. ауқымында «рудалы кенорындардың геотектоникасы», «мұнай-газ кенорындарының геотектоникасы», «көмір кенорындарының геотектоникасы», т.с.с. бірнеше ғылыми пәндерді даралауға болады.

Геотектоника арнаулы ғылым ретінде өзіндік зерттеу әдістерімен сипатталады. Олардың кейбіреуігеотектониканың төл әдістері ретінде қалыптасса, екіншілері кейбір жалпылама зерттеу әдістерін геотектоникалық зерттеулерге қолдану тәжрибесі нәтижесінде қалыптасқан. Сөз болып отырған геотектоникалық зерттеу әдістерін жеке-жеке сипаттап өтелік.

  1. Қ ұ р ы л ы м д ы қ ә д і с далалық геологиялық картаға түсіру және тау-кен қазындылары «бұрғылау ұңғымалары, шурфтар, канавалар, шахталар, штольнялар, т.с.с.) көмегімен жерасты карталау мәліметтерін жан-жақты талдау нәтижесінде әр түрлі тектоникалық бұзылыстардың (қатпарлармен тектоникалық жыртылыстардың) жекелеген пішіндерін жан-жақты талдауға негізделген геотектоникалық зерттеу әдісі. Нақтылы тектоникалық құрылым  ауқымындағы шағын-шағынқұрылымдық элементтердің – қатпар өстерінің, жыртылыс немесе кливаж созылымдарының, т.с.с. – кеңістіктегі бағыт-бағдары мен өзара астасу ерекшеліктерін талдау сол зерттелген жер қыртысы бөлікшесіндегі таужыныс қабаттарының деформацияға ұшырау механизмін анықтауға және осы деформацияны қалыптастырған кернеулердің жер қыртысы ауқымында таралу бағыттарын нақтылауға мүмкіндік береді. Жер қыртысының шағын-шағын бөлікшелері ауқымында жүргізілген мұндай зерттеу қорытындыларын бір-бірімен ұштастыру нәтижесінде біршама ірі аймақтардың, яғни жекелеген құрылымдық-формациялық белдемдердің, ірі-ірі терең жарылымдардың  созылу бағыттары мен тектоникалық табиғаты жайлы нақтылы мағұлматтар алынады. Қ.ә. көмегімен ірі-ірі аймақтардың тектоникалық ерекшеліктерін саралау шараларын «зерттеудің аймақтық құрылымдық әдісі» деп атайды. Жер қыртысының кез келген ауданының Қ.ә. көмегімен анықталған тектоникалық құрылыс ерекшеліктері әр түрлі мазмұндағы құрылымдық карталар, қималар, кескіндер, блок-диаграммалар, жарықшақтардың роза-диаграммасы, өзге де графикалық материалдар көмегімен рәсімделеді.

Қ.т. әдісінің арнаулы түрі ретінде микроқұрылымдық талдау әдісі дараланады. Бұл әдісті кейдепетроқұрылымдық талдау әдісі деп те атайды, себебі ол петрографиялық зерттеулермен ұштастырыла жүргізіледі, яғни бұл зерттеу әдісі таужыныстардан алынған тастілімдерді (шлифтерді)  микроскоп астында зерттеу шараларымен орайласады. Аталған әдіс жер қыртысындағы кернеулер нәтижесінде нақтылы бағытқа қарай созыла оқшауланған минерал агрегаттарын ажыратқыш микроско көмегімен зерттеу, аталған бағыттарды анықтау және осылайша анықталған мәліметтерді әдейі дайындалған тор көз қағаздар бетінде кескіндеу шараларын қамтиды. Осылайша жинақталған материалдарды статистикалық өңдеу нәтижесінде зерттелген таужыныс үлгілері алынған аймақтың тектоникалық деформацияға ұшырау сұлбасы және осы деформациялардың көрініс беру реті мен ерекшеліктері анықталатын болады.

  1. Г е о ф и з и к а л ы қ ә д і с т е р геотектоникалық зерттеулерде де кеңінен қолданылады. Геотектоникалық тұжырымдар мен жорамалдар жасақтау барысында басты-басты Г.ә.-дің барлығы да кеңінен қолданылады, олар – гравиметрлік және магнитметрлік зерттеулерсейсмобарлау жәнеэлектробарлау әдістері. Жер геотермикасы деп аталатын геофизикалық зерттеулердің арнаулы әдісі көмегімен алынған материалдар да геотектоникалық жорамалдар жасақтау ісінде шешуші рөл атқарады.

Жер қыртысы дамуының тектоникалық эволюциясын қадағалау ісінде Г.ә.-дің маңызы жыл сайын арта түсуде. Геотектоника ғылымы геологияның арнаулы саласы ретінде енді-енді оқшаулана бастаған ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап осы геотектоникалық зерттеулердің жетекші әдісі аталған «құрылымдық әдіс» қазіргі таңда екінші планға шығарылып, геофизикалық зерттеулер жетекші рөлдерді иелене бастады. Бұл заңды да, себебі жекелеген таужыныс қабаттарынан бастап нақтылытектоникалық құрылымдарға дейінгі аралықтағы жергілікті немесе аймақтық нысандарды зерттеуге негізделген құрылымдық әдістің өрісі жаһандық, яки жалпыпланеталық геотектоникалық тұжырымдар мен жорамалдар жасақтауға тарлық етті. Керісінше, Г.ә.-дің бұл орайдағы мүмкіндіктері өте жоғары, себебі олар  жер қыртысы деп аталатын геотектониканың негізгі зерттеу нысанының мейілінше ауқымды бөліктері мен терең деңгейлерін өте дәл өлшеулер көмегімен зерттей алады. Мәселен, геофизиканың сайсмология деп аталатын саласы бүкіл Жер планетасының көлденең қимасын түрлі қабаттарға жіктеу мүмкіндігіне қол жеткізді; «терең сейсмикалық зондылау» әдісін «гравиметрлік зерттеу әдістерімен» ұштастыра жүргізу нәтижесінде тұтас  жер қыртысы қимасының құрылыс ерекшеліктерін анықтауға болады; гравиметрлік және магнитометрлік зерттеулер платформалардың терең орналасқан кристалдық іргетасы ауқымындағы әр түрлі таужыныс типтерінің таралу ерекшеліктерін нақтылауға, сол іргетас бетінің бедер ерешеліктерін анықтауға мүмкіндік береді; гравиметрия, магнитометрия және сейсмобарлау мәліметтерін жан-жақты саралау нәтижесінде алынған деректер терең жарылымдарды  танымалдауға және олардың тектоникалық табиғатын анықтауға көмектеседі; сейсмобарлау әдістері платформалық тыс  қабатындағы өте ұсақ та болмашы ғана еңістенген қатпарлы бұзылыстарды да дөп басады, жекелеген литологиялық-стратиграфиялық кешендердің қалыңдығындағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді; шөгінді қатқабаттардағы үйлесімсіздіктер мен жыртылыстарды  сағалау мүмкіндігіне қол жеткізеді; магнитометрлік және гравиметрлік зерттеулер жер қойнауының тереңдіктеріде орналасқан магмалық денелердің пішіні, мөлшері және сол денелердің тығыздық көрсеткіштеріне тәуелді болып келетін заттық құрамы жайлы деректер ұсына алады; электробарлау әдісі көмегімен де тектоникалық құрылымдардың талай-талай ерекшеліктерін нақтылауға болады.

Әлемдік мұхит түбінің геологиялық ерекшеліктерін анықтау тек қана геофизикалық зерттеулер кешені нәтижесінде жүзеге асты, осы зерттеу нәтижелері литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ),немесе жаңа жаһандық тектоника (ЖЖТ) деп аталатын ең соны, ең прогрестік геотектоникалық парадигманың дүниеге келуіне түрткі болды.



  1. С а л ы с т ы р м а л ы т е к т о н и к а бір-бірінен алшақ орналасқан, бірақ өздерінің тектоникалық табиғаты мейілінше ұқсас тектоникалық құрылымдардың  құрылымдық ерекшеліктері мен геологиялық даму ерекшеліктерін өзара салыстыру нәтижесінде олардың эволюциясындағы ортақ заңдылықтарды нақтылау мүддесін көздейді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында неміс ғалымы Г.Штилле негізін қалаған бұл зерттеу әдісін сол ғасырдың екінші жартысында бұрынғы КСРО аумағында дамытып жетілдірген белгілі орыс ғалымы Н.С.Шатский болып табылады.

  2. Г е о д е з и я л ы қ ә д і с т е р    жербедердің қазіргі геологиялық заман барысындағы өзгерістерін  зерттеу нәтижесінде  жер шарының әр түрлі аймақтарындағы тектоникалық қозғалыстардың бағыт-бағдары мен көрініс беру жылдамдығын мейілінше дәлме-дәл геодезиялық өлшемдер көмегімен анықтайды.

  3. Г е о м о р ф о л о г и я л ы қ ә д і с қазіргі геологиялық замандағы тектоникалық қозғалыснәтижелерін ғана емес, бүкіл жаңатектоникалық қозғалыс  нәтижелерін де саралауға негізделген. Екінші сөзбен айтқанда, бұл зерттеу әдісі адамзаттың тарихи өмірі барысында көрініс бергентектоникалық қозғалыс салдарынан туындаған жербедер ерекшеліктерімен қатар бүкіл неоген-төрттік кезеңдер барысында етек алған қозғалыстар туындатқан геоморфологиялық нысандарды зерттеу шараларымен айналысады. Мәселен, теңіз немесе өзен террасаларының биіктік (тереңдік) көрсеткіштерімен анықталатын тербелмелі қозғалыстардың мөлшерін, әйтпесе тегістелу бетінің жоғарлау яки төмендеу мөлшерлерін анықтау өлшеу жүргізілген жер қыртыс бөлікшелерінің белгілі бір геологиялық уақыт аралығында жоғары көтерілу немесе төмен ойысу амплитудасы мен қарқынын анықтауға мүмкіндік береді. Өзен аңғарлары мен теңіз жағалауларындағы морфологиялық өзгерістерді дәйім бақылап отыру қазіргі геологиялық заман қозғалыстары  мен жаңатектоникалық қозғалыстар сипатын нақтылауға көмектеседі. Өзен тораптарының жалпылама сұлбасын, осы тораптардың уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін анықтау сол өзен алаптарының құрылымдық планында болып өткен өзгерістер жайлы нақтылы ой түюге мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, геотектоникадағы  Г.ә. түрлері сан алуан болып келеді, олар негізінен жаңатектоникалық қозғалыстар  тудырған геологиялық нысандарды зерттеуде тиімді. Г.ә-тер жиынтығын геотектоникалық зерттеулерде қолдануда белгілі орыс ғалымдары Н.И.Шатский мен С.С.Шульц зерттеулері айырықша рөл  атқарды.

  4. Ф а ц и я л а р м е н  қ а л ы ң д ы қ т а р д ы   т а л д а у   деп аталатын геотектоникалық зерттеу әдісітербелмелі (эпейорогендік) тектоникалық қозғалыстардың көрініс беру тарихы мен жекелегентектоникалық құрылымдар дамуының бағыт-бағдарын анықтаудағы шешуші әдістердің бірі. Атақты орыс ғалымы В.В.Белоусов зерттеулері негізінде жасақталған бұл зерттеу әдісінің ең осал тұсы оның негізінен тербелмелі (эпейоргендік) тектоникалық қозғалыс нәтижелерін зерттеумен ғана шектелетіндігінде, яғни бұл зерттеулерді қарқынды деформацияланған, яки қатты қатпарланғантектоникалық құрылымдар  ауқымында жүргізу мүмкіндігінің шектеулілігінде. Алайда бұл зерттеу әдісінің ұтымды жағы жа жоқ емес, ол – бұл әдіс көмегімен тұтас қатпарлы өлкелерден (облыстардан) бастап таужыныс қабаттарының жекелеген қатпарларына дейінгі аралықтағы әр түрлі дәрежелі тектоникалық құрылымдарды  зерттеуге болатындығы. Бұл зерттеу әдісі көмегімен жинақталған материалдар түрлі масштабта құрастырылған «фациялар мен қалыңдықтар таралуының карталары» түрінде жасақталады. Мұндай карталар ірі-жержылнамалық (геохронологиялық) интервалдарда түзілген мейілінше қалың қатқабаттардан тұратын ауқымды аймақтарды дажер қыртысының шағын ғана стратиграфиялық бөлімшелерді ғана біріктіретін жергілікті бөлікшелерін де қамтуы ықтимал.

  5. Ү з і л і с т е р м е н ү й л е с і м с і з д і к т е р д і   т а л д а у   әдісі  геотектоникалық зерттеулердегі біршама тиімді әдістердің бірі. Бұл зерттеу әдісінің негізін ХVІІ ғасырда италияндық ғалым (ұлты даниялық) Н.Стено қалаған, оны дамытып жетілдірген американдық ғалым А.И.Леворсен, неміс ғалымы Г.Штилле және белгілі орыс ғалымы Н.С.Шатский болып табылады. Әдістің негізінде геологиялық әдебиетте «Стено ережесі» деген атауды иеленген тұжырымдар жиынтығы жатыр. Бұл ереже өте маңызды екі тұжырымды біріктіреді, олар: а) шөгінді таужыныс қабаттары өздерінің түзілуі сәтінде негізінен көлбеу (горизонталь) бағытта көсіле астасады, олардың зерттелу сәтінде әр түрлі дәрежеде еңістенген немесе қарқынды қатпарланған күйде ұшырасуы түзілу сәтінен кейінірек етек алған тектоникалық кернеулер, яки қозғалыстар нәтижесінде жаппай деформацияға ұшырауының нәтижесі; ә) егер еңістенген немесе қатпарланған қатқабаттар бетін көлбеу көсілген шөгінді таужыныс қабаттары көмкеріп жатқан болса, онда алдыңғыларының деформацияға ұшырауы (қатпарлануы) екінші қабаттардың түзілу сәтінен әлдеқайда бұрынырақ болғаны.

Өте қарапайым тұжырымдардан тұратын «Стено ережесіне» негізделген Ү.м.ү.т. әдісі зерттелген аймақ дамуының құрылымдық өзгерістерге ұшырауын қамтамасыз еткен белесті-белесті сәттерін тап баса отырып, осы айшықты сәтке тиесілі тектоникалық құрылымдар  табиғатын «палеогеографиялық карталар сериясы» бетінде кескіндеуге негізделген. Бір-бірімен шендестіріле құрастырылған мұндай карталар сериясы зерттелген аймақтың құрылымдық планының геологиялық уақыт барысындағы өзгерістерге ұшырау табиғатын сатылай отырып хаттап беретін болады. Таужыныс қатқабаттары түзілуіндегі үзілістерді хаттау немесе белгілі бір стратиграфиялық бірліктер арасындағыүйлесімсіздіктерді  тап басу шаралары, «фациялар мен қалыңдықтарды талдау» шараларымен біріге отырып, зерттелген аймақ құрылымының даму және тұрақтану тарихын сатылай отырып қадағалауға көмектеседі.

Ү.м.ү.т әдісі тарихи-тектоникалық талдау әдістерінің ішіндегі ең көнелерінің бірі бола тұрса да, ол зерттелген аймақтың құрылымдық болмыс-бітімін анықтауда маңызды рөл атқарады.



  1. К ө л е м д і к ә д і с. Палеотектоникалық зерттеулер жүргізудің К.ә.-ін алғаш ұсынған белгілі орыс тектонисі В.В.Белоусов, әдіс кейінірек екінші орыс ғалымы А.Б.Роновтың Орыс платформасы ауқымында жүргізген арнаулы зерттеулері нәтижесінде дамып жетілді. Бұл зерттеу әдісінің мәнісі ірі-ірі платформалық тақталар бетінде немесе қатпарлы белдеулер  өңіріндегі аймақтық ойысымдар мен жергілікті ойыстар ауқымында белгілі бір геологиялық мерзімдер аралығында түзіліп үлгерген шөгінді таужыныс қатқабаттарының көлемдік көрсеткіштерін анықтау арқылы сол зерттелген тектоникалық құрылым  өңірінің төмен ойысу немесе жоғары көтерілу көрсеткіштерін анықтау шараларына саяды, ал мұндай мәліметтер зерттелген құрылымның геологиялық уақыт барысындағы қозғалыс ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді.

Геотектоникалық зерттеулердің К.Ә.-і мүлдем қатпарланбаған немесе аз-кем еңістенген шөгінді таужыныс қатқабаттарының геотектоникалық табиғатын анықтауға ғана мүмкіндік береді, сондықтан бұл әдіс аталған қатқабаттардың біршама қалың қималарына шоғырланатын мұнай және газ жатындарын (шоғырларын) іздеу ісінде кеңінен қолданылады.

 

Геотектоникалық зерттеулердің жоғарыда сипатталған сегіз әдісі зерттелген тектоникалық құрылымдарды дамытуда және оларды тұрақтандыру барысында негізінен тік (жоғары-төмен) бағытталған тектоникалық қозғалыстардың  өзіндік рөлін анықтау мүддесін көздейді.  Екінші сөзбен айтқанда, ірі-ірі платформаларға тиесілі тақталардың  немесе қатпарлы белдеулер  ауқымындағы аймақтық ойысымдар мен жергілікті ойыстардың мүлдем қатпарланбаған немесе аз-мұз еңістенген шөгінді қатқабаттарының геологиялық қимасындағы өзіндік ерекшеліктерді саралауға негізделген бұл әдістер жиынтығы зерттеушіге сол зерттелген құрылымдардың тек қана платформалық даму сатысы жайлы жалпылама деректер ұсынумен шектелетін болғаны. Олай болса, зерттелген қозғалмалытектоникалық құрылымның алғаш жарала бастау сәтінен бастап оның салғырт платформалық құрылым ретінде тұрақтануына дейінгі аралықтағы тектоникалық процестер табиғатын сатылай отырып қадағалау мүддесін көздейтін геотектоника  ғылымы үшін жоғарыда сөз болған сегіз зерттеу әдістерінің мүлдем жеткіліксіз болып шығатындығы түсінікті.

Соңғы жарты ғасырда жүргізілген геотектоникалық зерттеу нәтижелері тектоникалық құрылымдардың басым бөлігінің жаралуы мен геологиялық дамуы негізінен алғанда тік бағытталған  тектоникалық қозғалыстарға  емес, көлбеу (горизонталь) бағытталған қозғалыстарға тәуелді екендігін көрсетті. «Құрылымның жаралуы» және «құрылымның геологиялық дамуы» деген түсініктердің арғы төркінінде жер қыртысы бетінің  нақтылы өңірлерінде геологиялық формациялар  түзуге жағдай жасайтын су алаптарының (мұхиттардың, яки теңіздердің) пайда болуы және осылайша түзілген геологиялық формациялардың  деформацияға ұшырауы (қатпарлануы және жыртылуы) нәтижесінде қайтадан құрлыққа айналуы деген түсініктер жатқандығын ескерсек, қарқынды қатпарланған таужыныс кешендерінен тұратын бүгінгі қатпарлы белдеулердің, қатпарлы өлкелердің (облыстардың), қатпарлы жүйелердің, т.с.с. құрылымдардың жаралуы мен геологиялық дамуы арғы төркінінде де негізінен көлбеу (горизонталь) бағытталған тектоникалық қозғалыстар  жатқан болып шығады (бұрынғы су алабының бірте-бірте тарылуы нәтижесінде оның саяздала түсуі, сөйтіп алап түбінің «жоғары көтеріле отырып», қайтадан құрлыққа айналуы). Міне, осы көлбек (горизонталь) бағытталған тектоникалық қозғалыс нәтижелерін жан-жақты зерттеу, сөйтіп осы қозғалыстардың нақтылы тектоникалық құрылымдарды жаратудағы, дамытудағы және тұрақтандырудағы өзіндік рөлін анықтау, мұның нәтижесінде зерттелген құрылымның геологиялық даму тарихын сатылай отырып толық қадағалап шығу геотектоникалық зерттеулердің ең негізгі мақсат-мүддесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, геотектоникалық зерттеулердің төменде сипатталатын кезекті екі әдісі айырықша маңызды, себебі олар салғырт қозғалыстармен сипатталатын платформалық құрылымдардың даму тарихын емес, қарқынды деформацияланған қатпарлы құрылымдардың (қатпарлы белдеулердің, қатпарлы өлкелердің, қатпарлы жүйелердің, құрылымды-формациялық белдемдердің) геологиялық даму тарихын сатылай отырып қадағалау мүмкіндігіне қол жеткізеді. Бұл геотектоникалық зерттеу әдістері «формациялық талдау» және «палинспастикалық талдау» әдістері деп аталады.

 


  1. Ф о р м а ц и я л ы қ т а л д а у жер қыртысының  нақтылы тектоникалық құрылымдарын, сол құрылымдардың нақтылы даму сатысын анықтап беретін таужыныстардың нақтылы кешендерін, яки бірлестіктерін (геологиялық формацияларды) жан-жақты зерттей отырып, сол кешендерді (формацияларды) өзге шендестерінен оқшаулау әдісі. Осылайша оқшауланған геологиялық формациялар нақтылы төлнұсқа (эталон) рөлін атқара алады, сөйтіп  өздерін кіріктіретінтектоникалық құрылым  дамуының әрбір сатысын біршама дәл анықтау мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Ф.т. негіздерін ХІХ ғасырдың аяқ шенінде француз ғалымы  М.Бертран жасақтаған, алайда бұл әдістің геотектоникалық зерттеулерде кеңінен қолданыла бастауы ХХ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді Ф.т. әдісін бірте-бірте жетілдіре түсуде бұрынғы КСРО ғалымдары Н.П.Херасковтың, Н.С.Шатскийдің, М.А.Усовтың, В.Е.Хаинның,  В.М. Цейслердің т.б. орыс ғалымдарының атқарған рөлі ерекше.

Бір қызғылықты жайт, геотектоникалық зерттеулердегі Ф.т. әдісі «геосинклиндер туралы ілім» деп аталатынгеотектониканың фиксистік тұжырымдамасы геологиялық зерттеулердің бірден-бір парадигмасы болып тұрған кезеңде жасақтала тұрса да, бұл әдісті геологияның қазіргі кезеңдегі мобилистік тұжырымдаманың негізін құрайтын «литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)» парадигмасы жағдайында да табысты түрде қолдануға болатындығы. Бұл аз десеңіз, Ф.т. әдісі жаңа парадигма жағдайында мүлдем жаңа мазмұнды иелене отырып, қатпарлы құрылымдар дамуының әрбір сатысын танымалдауға көмектесетін бірден-бір зерттеу әдісіне айналып отыр.



  1. П а л и н с п а с т и к а л ы қ т а л д а у әдісі геотектоникалық зерттеулерде соңғы онжылдықтарда ғана қолданыла бастаған әдіс. Бұл әдіс көмегімен литосфераның көлбеу (горизонталь) бағытта алыс қашықтықтарға жылжып кеткен ірі-ірі блоктарын құрайтын таужыныс қатқабаттарының тұңғыш жаралу орнын (координатын) анықтайды. Әдіс аталған блоктар ауқымындағы шөгінді таужыныстар құрамындағы ферромагнитті минералдардың палеомагниттік қасиеттерін талдауға негізделген. Жер өзінің магниттік полюсінің орнын геологиялық уақыт барысында дәйім өзгеріп отырғандығы белгілі, мұндай өзгерістерді «жердің магниттік  полюс инверсиясы» деп атайды. Таужыныс құрамындағы кез келген ферромагнитті минерал өзінің алғаш түзілу сәтінде Жердің сол кездегі магниттік өрісіне параллель бағытта магниттеледі және ол осы магниттелу бағытын енді қайтып өзгертпейді. Осы ферромагнитті минералды кіріктірген шөгінді таужыныстар литосфераның (жер қыртысының) жылжымалы блоктары ауқымында алыс қашықтықтарға жылжи отырып, келесі геологиялық дәуірлер мен кезеңдерде мүлдем өзге өңірлерден орын тепкен жағдайда, олардың жаңа мекеніндегі магниттік өріс көрсеткіштері олардағы таужыныстардың алғаш түзілу сәтіндегі магниттік өріс бағытына мүлдем сәйкеспейтін болады. Ендеше зерттелген таужыныстың геологиялық көнелігін анықтау және оның жаралу сәтіндегі магниттік өріс көрсеткіштерінің бүгінгі орналасу аймағындағы магниттік өріс көрсеткішінен айырмашылығын анықтау нәтижесінде сол таужыныстармен көмкерілген литосфера блоктарының алғаш орналасу орнын және олардың кейінірек қандай қашықтықтарға жылжып кеткендігін біршама дәл анықтауға болады. Бұл зерттеу әдісін дұрыс қолдана білудің бірден-бір шарты –  магниттік өріс бағыты өлшенген минералдарды кіріктіретін шөгінді таужыныс үлгілері дүниенің төрт жағы тұрғысынан мұқият бағдарланған болуы тиіс. Палинспастикалық зерттеулер нәтижесіндепалинспастикалық карталар  құрастырылады.

 

Геотектоникалық зерттеулердің келесі сипатталатын екі әдісі қосалқы рөлдер атқарады, олар «эксперименттік әдіс» «тектонофизика», немесе «геомеханика».



  1. Э к с п е р и м е н т т і к ә д і с әр түрлі тектоникалық элементтердің жекелеген бөлікшелерін кішірейтілген масштабта зертханаларда пішімдеу (моделдеу) нәтижесінде кейбір тектоникалық тұжырымдар жасақтау шараларымен айналысады. Жер қойнауының ғаламат температуралары мен қысымдары жағдайында қалыптастын жер қыртысының  құрылымдық элементтерін зертханалық жағдайда айна-қатесіз пішімдеу (моделдеу), әрине, оңай емес. Осылайша алынған пішімдердің (моделдердің) табиғи құрылымдарға сәйкестік дәрежесі де күмән туғызады. Аталған сәйкестік дәрежесін тексеріп көру де мүмкін емес десе де болғандай. Солай бола тұрса да, Э.ә. қазіргі таңда біршама жақсы дамуда, ол «эксперименттік геотектоника» деген атаумен  геотектоника ғылымының арнаулы тарауы мәртебесін иеленіп үлгерді.

  2. Т е к т о н о ф и з и к а, немесе г е о м е х а н и к а   әр түрлі пішіндегі қатпарлардың, жыртылыстардың, жерсілкіністердің, т.с.с. тектоникалық құбылыстардың қалыптасу және көрініс беру құпияларының физикалық жағдайларын зерттеу мәселесімен айналысады. Қатты және тұтқыр денелердің физикасы саласындағы қол жеткен табыстарға байланысты геотектоникалық зерттеулердің бұл әдісінің болашағы біршама жемісті болуы әбден мүмкін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет