Жеке тұлға және мінез-құлық этикасы
Мінез-құлық этикасы тиімді өмір сүрудің негізгі қағидаттарын айқындайды және
адам бұл қағидаттарды мінез-құлқында дарытса, үлкен табысқа кенеледі, өмірі баянды
болады. Осылай жеке тұлғаның этикасы деген ұғым пайда болды. Енді табысқа жетудің
кілті тұлғаның әлеуметтік бейнесі, тәртібі, жүріс-тұрысы, техникасы, дағдысы, адамның
қарым-қатынасын жалғаушы механизмдердің функциялары ретінде қарастырылады. Жеке
тұлға этикасының екі бағыты бар: біріншісі – адамдық және қоғамдық байланыстардың
техникасы; екіншісі – позитивті ділдік ұстаным. Бұл философия мынандай қанатты
сөздерде орын алады: «Сіздің қарым-қатынасыңыз сіздің жай-күйіңізді анықтайды»,
«Түсінгеніңнің және білгеніңнің барлығына қол жеткізуіңе болады».
Достарыңызбен бөлісу: |