Негізгі мақсатты көз алдыңызға елестетіңіз
Персоналды көшбасшының қағидалары
Біздің артымызда қалған және алдымызда тұрған нәрселер
ішкі жан дүниемізбен салыстырғанда мәнсіз болып қалады.
Оливер Уэнделл Холмс
Сіз қандай мінез-құлық иесі болғыңыз келеді? Адамдардың ойында қандай іспен,
қандай жетістіктермен қалғыңыз келеді? Қоршаған ортадағы адамдарға назар салып
көріңіз. Олардың өмірінде қандай із қалдыруды ойлайсыз? «Негізгі мақсатты көз
алдыңызға елестетіңіз!» деген сөздер не мағынаны білдіреді?
Егер жоғарыдағы сұраққа жауап берсеңіз, ішкі дүниеңіздегі құндылықтарыңызға
біршама жақындаған боларсыздар.
Джозиф Адисонның сөздеріне назар аударыңыз: «Мен ұлы адамдардың мәйітіне
қарағанда, ішімдегі барлық қызғанышым жоқ болады; ару қыздарға эпитафия оқығанда,
құмарым сөнеді; баласының мәйітінде қайғырған ата-ананы көргенде, жүрегімді аяныш
ұялайды; ата-анамның мәйітін көргенде, олардың да артынан ілесетінімізді түсінем;
патшалардың өздерін құлатқан адамдармен бірге жатқанын көргенде, идеялық
қарсыластардың көрде іргелес жатқанын көргенде, мен күрсініп те, таңғалып та
өмірдегі адамдардың бәсекелестігі, дау-жанжалдары түкке тұрмайтынын түсінемін».
Түпкі мақсатты елестете отырып бастау – өз өмірлік тағдырымызды нақты түсіну
деген мағына. Не нәрсеге талпынатынымызды түсіну. Ол дәл қазір қай жерде
тұрғанымызды, дұрыс бағытқа қадам басуымызды жақсы елестету үшін керек. Әр түрлі
мамандық иелері: дәрігерлер, ғалымдар, саясаткерлер, бизнесмендер, спортшылар және су
тартқыштар үлкен жетістікке, абырой, белгілі бір кәсіби деңгейлерге жету үшін өз
еңбектерін, күштерін сарп етеді. Бірақ ақыр соңында олардың бұл талпыныстары түкке
тұрмайтынын, оларға маңызды нәрселерді бұл болмашы мақсаттар қараңғылап, енді
оларға жету мүмкін емес болғандығын түсініп өкінеді.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Достарыңызбен бөлісу: |