Эндрью Мэтьюз: ЖЕҢІЛ ӨМІР СҮР!
Эндрью Мэтьюз – австралиялық психолог және суретші, оның кітаптары ондаған елде
бестселлер атағына ие болған.
Жеңіл өмір сүр! Өзіңізді және өзіңіздің жұмысыңызды қалай табуға болады? Біз
осы әлемге оқу үшін келдік. Ал өмір болса, бізге күн сайын сабақ береді. Ол сабақты
меңгермегенше, оған қайта-қайта ораламыз! Бір тапсырманы орындаған соң, келесісіне
өтеміз.
Бақытсыздықтар не үшін керек?
Біздің ұстазымыз – өмір. Біз сол ақпаратты қабылдай алатын кезде ғана өзіміз үшін
жаңа бір нәрсені ашамыз. Қажетті сәт келмегенше, көпшілікке белгілі ақиқатты байқай
алмаймыз. Көпшілігіміз басымыздан жақсы соққы алғанда бір нәрсені үйренеміз!
Неліктен? Өйткені бізге еш нәрсені үйренбей-ақ жүрген ыңғайлы. Қауіпті мәселелермен
жолықпағанша, күнделікті өмір сүру салтын ұстанамыз. Мысалы, денсаулықты алайық.
Қашан диетаға отырып, спортпен шұғылданамыз? Дәрігер денеңізден ақау байқаған кезде:
«Егер тұрмыс салтын өзгертпесеңіз, құрдымға кетесіз!» деп мәлімдегенде. Осы кезде
сіздерде стимул пайда болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас та сондай.
Жақындарымызға жақсы көретінімізді қай кезде айтамыз? Неке, отбасы ойран болуға аз
қалғанда! Мектеп кездері ақылға салып, қашаннан бастап оқитынбыз? Ал бизнесте ше?
Қашан жаңа бір нәрсе істеп, маңызды шешім қабылдайтынбыз? Шоттарды төлей алмаған
кезімізде. Клиентпен жұмыстың сапасын қашан ойлаймыз? Бірде-бір клиент қалмаған
кезде!!! Біз Құдайға жалбарына бастадық па? Демек, біздің өміріміз құлама жарға түсіп
бара жатыр деген сөз. «Құдайым, саған йогуртты желдеткішке лақтырған кезден бері,
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
енді ғана жалбарынып тұрғанымды білемін...» Адам лажсыз жағдайға тап болғанда ғана
ең маңызды сабақтарды меңгереді.
Табыстарымыз үшін қуанамыз, алайда ол бізді еш нәрсеге үйретпейді. Жеңілістер
өте ауыр – ондай сабақтарды өмір бойы ұмытпаймыз. Өткенге қарап, дәл сәтсіздіктер,
бақытсыздықтарымызды өмірдің шұғыл бұрылысты сәттері деп санаймыз. Белсенді
адамдар, қандай да бір мәселелермен соқтығысу үшін әдейі тапсырмалар қоймайды. Ал
егер қиын күн туса, олар өздерінен сұрайды: «Өмірімде нені өзгертсе болады? Қалай
жақсырақ бола аламын?» Бейбақ адамдар өмір жіберген бар ескертулерді елемейді, ал
шатыр бастарына түскенде таң қалады: «Неліктен бұл нәрсе менімен болды?» Біздің
барлығымыз – өз әдеттеріміздің құлымыз. Дәстүрлі әрекеттерімізді күшпен ғана өзгеріске
ұшыратамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |