А) Температуралық – ылғалдылық тәртіп.
Температура мен ауа ылғалдылығы заттардың табиғи ескеруіне өте қатты әсерін тигізеді. Бұл әсердің сипаты мен күші заттың жасалған материалынан, оның құрылымынан, қандай ортада болғандығынан, музей жәдігеріне айналғанына дейінгі сақталуына тығыз байланысты.
Органикалық ылғал тартқыш (гигроскопиялық) материалдардан (ағаш, тері, қағаз, мата) жасалған жәдігерлер өте жоғары немесе өте төмен ылғалдылықтан қатты зардап шегеді. Төмен ылғалдылықта бұл материалдарда сызат пайда болады, сығымдалып, беріктілігі, төзімділігі азайып, зат деформацияға (өзгеріске) ұшырайды. Өте жоғары ылғалдықта бұл заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы, жабысуы бұзылады, химиялық өзгерістер күшейеді, зат деформацияға ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылық заттың тез құрып кетуіне әсер етеді.
Температураның кенеттен өзгеруі жәдігерлерге қатты әсер етеді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда (акклиматизация), жәдігер сол ортаға үйренгенше ылғалдылығы аралық температурадағы бөлмелерде ұсталуы тиіс.
Әсіресе, археологиялық жәдігерлерге өте көп өзгерісті басынан кешіруге тура келеді. Темір заттарда топырақ коррозиясы болады.
Температуралық ылғалдылық режиміне байланысты қалыптасқан бірегей көзқарас жоқ. Көптеген ғылыми еңбектерді нұсқаулар бойынша темір заттары үшін +180 +200 С, 50 % - ке дейінгі ылғалдылықта, шыны, эмаль, кеамика заттары үшін +120 +200 С және 55-65% ылғалдылықта, тастар (бағалы, жартылай бағалы) +150 +180 С, 50-55% ылғалдылықта, ағаш зат +150 +180 С және 50-60% ылғалдылықта, тері, аң терісі бұйымдарын +160 +180 С, 50-60% ылғалдылықта, қағаз +170 +190 С 50-55% ылғалдылықта, өнер суреттері +120 +180 С және 60-70% ылғалдылықта, қара суретер +120 С, 40-50% ылғалдылықта, түрлі – түсті сурет +50 С, 40-50% ылғалдылықта, маталар үшін +150 +180 С, 55-65% ылғалдылықта, сүйек, мүйіз, тасбақа заттары үшін +140 +150 С, 50-60% ылғалдылықта ұстауды қажет етеді.
ә) Жәдігерлерді ауадағы зиянды заттардан сақтау.
Музей жәдігерлерінің ескеруіне ауадағы әртүрлі қоспалар да әсер етеді. Оған газдалған заттар – күкіртті газ, күкіртті сутек (сероводород), аммиак (азот пен сутек қосындысынан жасалған ащы иісті түссіз газ), хлор, минералдық шаң, қара күйе (сажа) жатады.
Ауаның ластануынан сақтанудың бір жолы – бөлмені герметизациялау (ауа кірмейтіндей саңылусыз бекіту), әрине, кондиционерсіз болмайды және сүзгіш заттар (фильтровальные устойства) орнату да артық емес.
Б) Музейдегі жарық түсу тәртібі.
Музейде жарық беру тәртібі жәдігерлердің ұзақ сақталуы үшін қолданылады. Бұл тәртіп бойынша заттарға жарық толықтай, жартылай берілуі не мүлде жарықсыз сақталуы мүмкін. Ол жәдігерлердің қай материалдардан істелгеніне байланысты анықталады.
Жарыққа төзімділігі жағынан материалдар үш топқа бөлінеді:
-
Жоғары төзімділіктегі – темір, тастар, гипс, керамика, түссіз шыны.
-
Орта төзімділіктегі – сүйек, тері, аң терісі, ағаш, майлы бояулы өнер туындылары.
-
Төмен төзімділіктегі – фотосуреттер, акварель, қағаз, мата бұйымдары.
Жарықтың тура түсуі барлық заттарға зиян. Жоғары төзімділіктегі заттарға жарық(күн көзі) тура түспесе болғаны.
Ал орташа төзімділіктегі заттарға режим әртүрлі. Ағаш бұйымдары – жаңғақ, қызыл ағаш, қарағай, шырша, емен, кайың өңін береді, сондықтан оларды қаптап, жауып қояды.
Ал майлы суреттерді, сүйектен жасалған жәдігерлерді сақтау үшін жарық түсіп тұру керек. Себебі, жарықсыз майлы бояу күлгінденеді, сүйек сарғаяды. Ақ аң терісін ұзақ уақыт жарықсыз ұстауға болмайды.
Ал жарық түсу зиян келтіретін заттар жарықтан қорғайтын шынылармен қапталып, түрлі құралдар қолдану арқылы сақталады. Бұл заттармен жұмыс істегенде жарық 50-75 лк (люкс) болу керек. Люкс жарық түсірудің өлшемі.
В) Музейдегі биологиялық режим.
Музей заттары биологиялық зиянкестердің әсерінен де бұзылады. Олар зең түскен саңырауқұлақ, шыбын – шіркей, құрт – құмырсқа, кеміргіштер. Ауру жұқтырған заттарды дезинфекциядан өткізбей, музейге қабылдамайды.
Зең түскен саңырауқұлақ (плесневые грбки) барлық органикалық текті материалдар және кейбір органикалық емес, мысалы, керамика заттарына тез жұғады. Бұл жағдайда аура тудыруға ықпал ететін нәсе шаң – тозаң. Зең түскен саңырауқұлақ ауралар музей жәдігерлеріне механикалық, химиялық зақым келтіреді. Зең түскен саңырауқұлақ ауруын болдырмау үшін музей жәдігерлерін, жабдықтарын 21 процент формальдегидтің спирттікерітіндісімен оқтын – оқтын сүртіп отыру керек.
Жәдігерлерді бір орыннан екінші орныға ауыстырған кезде сақ болу керек, қол таза, құрғақ болуы керек, бұл заттардың механикалық бұзылысынан қорғайды.
Дәріс. Музейдегі ғылыми – ағартушылық жұмыс.
Музейдің ғылыми – ағарту жұмысының негізгі формасы – экскурсия.
Музей жәдігерлері экспозициялық кешенді түрде жинақталып, ғылыми қосалқы материалдармен жабдықталады, мәтіннің мазмұнына қарай өте зор коммуникативтік және сыртқы ақпараттық хабарға бай болады.
Музей заттарының түрлерін төмендегідей топтауға болады:
-
Жәдігерлік ескерткіштер – тарихи кезеңдерден дерек беретін, әртүрлі тарихи оқиғалар, фактілер, табиғат пен қоғам қатынастарынан көрініс беретін, тарихи, мәдениет, әдебиет, ғылым саласындағы тұлғалар өмірінің дерек көзі.
-
Құжаттық ескерткіштер: баспа заттары, автограф, фото және кино деректер.
-
Бейнелеу өнерінің ескерткіштері.
Экспозицияның информативтік жағын дайындағанда төмендегідей талаптар қойылады:
-
Ғылыми экскурсия кезінде берілетін мәлімет өзекті, ғылыми жағынан дәйекті, фактілермен негізделген болуы тиіс.
-
Берілетін мәлімет тақырыпты терең және толық ашуға, келушілерге түсінікті болуы керек. Ақпарат көлемі экскурсияның танымдық және тәбиелік мақсаттармен сәйкес, психологиялық және қажеттілігі жағынан, қабылдауы жағынан аудиторияны қанағаттандырып, талабынан шығуға сай болуы керек.
-
Ақпарат экскурсанттардың білімі мен интелектуалдық деңгейіне сай болуы тиіс. Мүмкіндігінше келушілердің қызығушылығына, талабына орайластыруы керек.
-
Келушілердің назарын аудартатындай ерекше, әр сипаттағы, салыстырмалы, контрасты материалдарды кең қолданған дұрыс.
Экспозиция материалдарын көрсетуге келушілердің жас ерекшелігін ескерген жөн. Жалпы музей тәжірибесі бойынша бастауыш класс оқушылары 45-50 минут, 7-класс оқушылары 1 сағат 10 минут, жоғары класс оқушылары 1 сағат 30 минут, ал ересек адамдар тобы 1 сағат 45 минуттан 2 сағатқа дейін экскурсияға қатыса алады. Ал егер экскурсия музейден тыс жерде, мысалы, қала бойынша болса оқушыларға жаяу 1,5-2 сағат, автобуспен 2-2,5 сағат уақыттан аспауы керек. Ересек адамдардың 3,5 сағатқа дейін қарайтын мүмкіндіктері бар.
Дәріс. Музейдің мәдени – көпшілік және тәрбие жұмысы.
Музейдің мәдени – көпшілік жұмыстары музей коммуникациясының бір саласы ретінде жан – жақта білімді, қоғамда белсенді, эстетикалық талғамы зор, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеуге ұмтылуға бағытталады. Музейдің негізгі жұмысы – тарих арқылы тарихи – мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Музейде тәрбие жұмысының түрлері мен формалары көптеп саналады.
Олар музейде экскурсиялар (экспозиция мен көрмелерде), тарихи – мәдени ескерткіштерге саяхат жасау. Тақырыптық кештер, конкурстар, викториналар, клуб пен үйірмелердің жұмысы, мдениет университеттерін ұйысдастыру сияқты жұмыс формалары қолданылады.
Тарихи бағыттағы экскурсияларды төмендегідей жіктеуге болады.
-
Өтетін орны мен көрсетілетін нысана бойынша таңдап алынған, яғни, жоспарлы
-
Тақырыптың мазмұнына қарай
-
Тақырыптық шолу экспедициялары
-
Түрлі тарихи кезеңге, оқиғаға байланысты экскурсиялар
-
Арнайы (әдеби, өнеркәсіптік) мерейтойлық
-
Ғылыми – ағартушылық
-
Оқу бағдарламасына қарай сабақтар мен жазбаша тапсырмалар бойынша
-
Шетелдік туристерге арналған экскурсиялар
-
Музейлік олимпияда және конкурстар
-
Музейдегі ғылыми қосалқы кабинеттерге экскурсия, бұл жерде заттардың дубликаты сақталады. Көшірілген заттарды ұстап көруге болады, көзі көрмейтін адамдарға арнайы жұмыс ұйымдастырады, ақыл – кеңес беріледі.
-
Музейдегі ашық есік күндері – киносеанс, концерт, театр қойылымдары көрсетіледі.
-
Металлург күні, жастар күні, химик күні т. С. С. Арнайы мекемелер күнін өткізеді.
-
Көшпелі – жылжымалы музей жұмысының – музеобус, теплоход, поезд сияқты да түрлері қолданылады.
Музей ісінің халыққа таратылуында, көпшілікті тартуда ролі өте зор. Ол үшін музей қызметкерлері:
-
Ғылыми зерттеу, әдістемелік, ғылыми көпшілік жинақтар шығарып тарту.
-
Музей ісін, радио, телевидение, баспасөз арқылы жарнамалар беру арқылы насихаттау.
-
Анықтамалық – жарнамалық материалдар шығару.
-
Оларды экскурсиялық туристік орталықтар арқылы тарату.
-
Жолкөрсеткіш, бағдар – каталогтар жасау арқылы насихаттау.
-
маршрут схемаларын тарату.
-
Афиша, шақыру билеттері арқылы тарату.
-
Буклеттер, төс белгі, сувенирлер тарату арқылы да насихат жұмыстарымен айналысады.
Осы жұмыстардың барлығын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін жылдық, тоқсандық, айлық, апталық, күндік жоспарлары болады. Күнделікті жұмыста музейге келушілер саны, өткен шаралар саны (сапасы да), әрбір музей қызметкерлерінің жұмыс көлемі мен мөлшері есепке алынады және барлық деректер талданып отырады.
Дәріс. Музей – зерттеу орталығы.
Ғылыми – зерттеу мекемелерінің қатарында музейдің өз ерекшелігі бар. Музейдегі ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми жаңалықтарды толықтыра түсетін, басқа ғылыми салалар жүйесінде кең қолданылатын ғылыми орталық.
Әсіресе, ғылыми негізделген, жоспарлы түрде қорларды жасау, музей заттарын сипаттау, өңдеу, зерттеу, ғылыми – зерттеу жұмысының негізі болып табылады. Ғылыми – зерттеу нәтижелері консервация, қайта қалпына келтіру, коллекцияларды қорғау мен сақтау, экспозиция, келушілермен жұмыс т. б. Музей жұмыстарының деңгейін, дәрежесін анықтайды.
Музейдің ғылыми – зерттеу жұмыстары кешенді және көп қырлы болыптабылады. Музедің ғылыми – зерттеу жұмысының негізгі бағыттарын,біріншіден музейдің қай профиліне жататына байланысты, екіншіден музейдің әлеуметтік институттар жүйесіндегі орнына қарай анықтайды. Профильдік бағыттан басқа, ғылыми – зерттеу ісі музейтану ауқымында да үнемі зерттеу жүргізіп отырады. Музей жұмысында ғалымдар белгілі бір зерттеу тақырыптарын жүргізіп, еңбектер жариялап отырды. Экспозиция мен көрмені суретшілер, дизайнерлер жасайды. Сәулеттік – көркемдік шешім қажет. Бұл жерде суретшілердің фантазиясы да өте үлкен роль атқарады. Ол экспозиция жасауда көрерменнің білім деңгейіне, әлеуметтік демографиялық жағдайына да көңіл бөледі. Оптимальды сары, жасыл, алқызыл түстер көзді шаршататындықтан музейде ақ, көкшіл ақ сары және қара түстер қолданылады.
Дәріс. Қазақстандағы музейлер
Бүкіл қазақ жерінің әлі игерілмеген орасан зор табиғи байлықтарын түрлі себептерге орай әлсіреген Ресей экономикасы өз жағдайын көтеруге барынша пайделану мақсатында, патша өкіметі Қазақстанды зерттеуге сан алуан ғылыми экпедициялар ұйымдастырылды. Олардың арасында Орыс ғылым академиясының Географиялық қоғамы, қоныс аудару басқармасы, статистикалық комиттетер т.б мекемелер мен ұйымдар жіберген экпедициялардың жекелегендері қазақ халқының тарихы, тұрмысы мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жайында көптеген құнды мәліметтер жинастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Орынбор, Омбы және Ташкент қалалары қазақ даласын зерттейтін ғылыми орталықтарға айналды.
1857-1862 жж. аралығында Орынборда жергілікті ғалымдар жинастырған қазақтың ұлттық ерекшіліктерін, өлкесі тарихын бейнелейтін жәдігерлер Мәскеу мен Қазан қаласы мұражайларына жіберіліп, олар көрме бөлімдерінен өзіндік ерекше орындарға ие болды. Сөйтіп, халқымыздың жоғары мәдени құндылықтары Санкт-Петербург сияқты қалалардың музейлерінің қорларлын толықтылып, сол музейлерде осы күнге дейін қалып отыр.
1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан Орынбор губерниялық мұражайы ашылды.
XXI ғасыр басындағы жағдаймен республикамыздағы музейлер саны 88 болса, ол 1913 жылы небәрі – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25 және 1970 ж. – 29. Олардың көбі тарихи – өлкетанулық, мемориалдық және тарихи-революциялық болып, негізгі мәселесі тұрғындарды коммунистік идеологияға тәрбиелену мақсаты еді.
Елімізде музей қызметкерлерінің құрамын жақсарту мақсатында Қазақ меммлекттік университетінде 1981 жылдан бастап, оны бітірушілер облыстық мәдениет басқармаларының сұраныстары бойынша музейлерге жұмыс істеуге жіберіліп отырды.
Елордасы Астана қаласында 2000 жылдың қазан айында ашылған Президенттік мәдени орталық тарихи-рухани мұраға деген ұлттық идеологияны қалыптастыру жолындағы игі шаралардың басы болмақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 275-ші Қаулысымен 2000 жылдың 22 ақпанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекетті Музей құрылды.
Музей бес галереядан, үш зал және атриумнан тұрады.
Атриум (1 қабат): Мұнда тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Ата Заң ең көрнекті орынға қойылған.
Этографиялық зал (1 қабат): Бұл зал халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігін айғақтайтын экспонаттармен жасқталған.
Алтын және бағалы металдар музейі (2 қабат): Мұнда ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, алтыннан жасалған түрлі музейлік құндылықтар өз орнын тапқан.
Қазақстанның ежелгі көшпелілері мәдениеті (2 қабат): Бұл зал сақ, ғұн, ерте түріктер дәуірінің бізге жеткен көне ескерткіштерінің көрнекілігімен ерекшелінеді.
Археологиялық галерея (2 қабат): Галерея түрлі қазба экспонаттармен жабдықталған.
Тарихи галерея (3 қабат): Мұнда Абылай хан кезеңінен бастап, 1991 жылға дейінгі қазақ даласының тыныс-тіршілігі материалдық, құжаттық және фотосуреттік экспонаттар көмегімен егжей-тегжейлі қамтылып, көрсетіледі.
Егемен Қазақстан (4 қабат): Бұл галереяда қазірге Қазақстанның сан-салалы өмірі, мемлекеттік органдар, экономика саласы, мәдениеті мен оқу білім беру жүйесі, түрлі ұлттардың тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін экспонаттар қойылған.
Көркемсурет галереясы (5 қабат): Мұнда отандық және шетелдік қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, олар көрушілер назарына өздерінің түрлі тақырыптағы көрмелерін ұйымдастырып тұрады.
Президенттік мәдени орталық музейінің экпозицияын жабдықтаған және алғашқы бас директоры т.ғ.к., этнограф Н. Әлімбайдың музей ісі саласында атқарған еңбегі зор.
Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі.
Музей-үйі 1940 жылы Семейде ашылды. Абай ақындық өнерімен қатар, ағартушылық, қайырымдылық салаларда да зор үлес қосқан қоғам қайраткері, тарихи тұлға.
Қаладағы әсем ғимататтардың бірі – осынау оқшау үй Абайдың мемориалдық музейі болуға қай жағынан да сай келеді. Музейдің тұңғыш директоры болып директоры болып дарынды жас әдебиетші Қайым Мұхамеджанов тағайындалы.
Уақыт талабына сай, кеінгі жылдары музей үшін неғұрлым үлкенірек үй-жай іздестіру қажеттілігі туды. Соның нәтижесінде музей бір кездері Оралдан Ертіс бойына көшіп келген орыс көпестері, ағайынды Ершовтардың иелігінде болған үйге көшірілді. Кейбір деректер бойынша, Абай осы үйде ауық-ауық тоқтап, Сібірге жер аударылғандармен кездесіп отырған. Жетпісінші жылдардың бас кезінде Абай музейі ағайынды Ершовтардың бұрынғы үйіне көшірілді.
Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында музейге біршама өзгерістер енгізу ұйғарылды. Музей ғимараты өзінің сол бұрынғы қалпында қалдырылды да, бірақ ол Әкімшілік ғимаратпен (ескі қос қабатты үй) және Ахмет Риза медресінің мешітімен біртұтас сәулет кешеніне біріктірілді.
Ахмет Риза медресесінде Абай 1854-1855 жж. оқыған. Қазір осы ғимаратта шығыс мұсылмандары діни медреселерінің рухы жаңғыртылды. Мұнан араб, парсы, шағатай, түрік және татар тілдеріндегі көне кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды кездестіреміз.
Қазір бұл ғимарат – Абайдың Семей қаласындағы Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейі.
“Әуезов үйі” атты ғылыми-мәдени орталық Қазақстандағы ірі зерттеу орталығы болып саналады. 1962 жылы құрылған. 1961 жылы 10 тамызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің № 550 қаулысы бойынша Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанынан алғаш ашылған кезде М.О.Әуезов әдеби-ескерткіш музей-үйі болып аталады.
Жазушының жұбайы Валентина Николаевна Әуезова берген құнды қор ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Музей залдарының экспозициясы 1973 жылы ашылды, оның авторы Я.Нимец еді.
Музейдің жалпы көлемі 480 шаршы метр, көрме залының көлемі 174,4 шаршы метр. Музейде кітапхана, жылжымалы көрме залы, қалпына келтіру шеберханасы бар.
Қазігі заманда музей қорында 72,6 мыңға жуық мүлік бар.
Көрме мен аукциондар дирекциясы оңтүстік астанадағы көрме қызметінің ең ірі ұйымдастырушысы болып табылады. Ол Қазақстанның Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 15 шілдедегі № 1286 шешімімен және көрме мен аукциондық қызметті жетілдіру мақсатындағы Қазақ КСР Мәдениет министірлігінің 1960 жылдың 11 қазанындағы № 294 бұйрығымен көркемсурет көрмелерінің дирекция болып құрылды. Мұнда Қазақстанның түрлі аймақтарындағы суретшілердің озық туындылары жинақталған.
Орталық көрме залында мыналар экспонатталады: сурет, графика, мүсін, сәндік-қолөнер туындылары; соның ішінде кілемдер және кілем бұйымдары, былғарыдан, ағаштан, қыштан жасалған ыдыстар; ерлер мен әйелдердің белдік-белбеулері, ер-тұрмандар, әбзел-саймандар, қол өнерінің, әшекейлі үй жасаулары, зергерлік бұйымдар – сақиналар, жүзіктер, сырғалар, білезіктер және т.б.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі Орталық Азиядағы ірі музейлердің бірі. XIX ғасырдың 30 жылдарында Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде құрылған “Орынбор өлкесінің музейінде” коллекциялар құрыла бастады. Оны ұйымдастырушылардың бірі – атақты тіл маманы, “Түсіндірме сөздіктің” авторы Владимир Даль. 1925 жылы Оынбор орталық музейінде сақталынған экспонаттар Қазақстанның Халық Ағарту комиссариатының құзырына өткізіледі де, осы негізге сүйеніп Қазақ өлкелік Орталық музейі құрылады. 1929 жылы Қазақ Өлкелік Орталық музейі жаңа астана Алматы қаласына көшіріліп, 1897 жылы негізі қаланған Жетісу губерниялық музейімен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды.
Музей 1931 жылы Алматы қаласындағы бұрынғы Кафедралық собордың ғимаратына орналастырылды. Музей ғимаратының жалпы көлемі – 17557 шаршы метр. Оның үш қабатында көрме галереялары және 4 экпозициялық зал орналасқан.
Ғалам, дүние жаратылысы, Қазақстанның қазба байлықтары мен Қазақстанның өте ерте замандардағы тарихынан XY ғасырдың бірінші жартысына дейінгі тарихтың мұражайдың палеотология мен археологияға арналған I-ші залы баяндалады.
“Сирек кездесетін және құрып бітуге айналған Қазақстан жан-жануарлары немесе Қазақстанның қызыл кітабы” деп аталатын көрме Қазақстанның қазіргі флорасы мен фаунасына арналады.
I-ші залда қамтылған келесі тақырып – археология. Бұл тақырып Қазақстанның барлық өлкесінен табылған барлық археологиялық кезеңдерді қамтитын қазба кезінде табылған материалдарды көрсетеді.
Музейдің археологиялық қорында XI-XV ғасырдағы Қазақстанның көне қалаларының материалдық мәдениетіне қатысты көрнектер, даңқты түркі қару-жарақтары, даламызды басып өтетін Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен шетелдік бұйымдар бар.
Қазақстан жерінен табылған көне түркілік тас мүсіндер, балбалдар, ескерткіштер, бітік тастар жиынтығы музей қорында асыл қазына есебінде сақталынып келеді.
Айша-Бибі (XIY–XY ғ.), Жошы хан (XIII– XIY ғ.) және Қожа Ахмет Иассауи (XIY–XY ғ.) кесенелері тәрізді тарихи-мәдени ескерткіштердің макеттері жасалып қойылған.
Экспозицияның едәуір бөлігі моңғол шапқыншылығы кезеңіне арналған. Ол “Отырар қорғанысы” деген үлкен диагаммамен берілген. Зал сөрелерінде қару-жарақ түрлері, тиындар, пәйзылар, Шыңғыс хан портреті қойылған.
Орталық Мемлекеттік музейдің екінші экспозициялық залы XY ғасырдың аяғында жеке мемлекет құрып, XYIII ғасырдың аяғына дейін көшпелі және жартылай көшпелі тірлік кешкен қазақ халқының антропологиялық ерекшеліктерінен бастап, тіршілік қамын, шаруашылығын, барша этнографиялық болмыс-бітімін, дәстүрлі мәдениетінің сыр-сипатын көрсетуге арналған.
Экскурсияның басы XY-XYI ғасырлардағы қазақ хандығының шет-шекараларын, Жәнібек пен Керей сұлтандардың бөліне көшкен көш жолдарын көрсеткен карта, Абылай сұлтан, Тәуке ханның жарлықтары, хан, сұлтандарлың мөрлері және сол дәуірлерде пайдаланылған теңгелер көрсетілген витриналардан басталады.
Музейдің келесі көрнекті залдарының бірі үшінші зал Қазақстанның Кеңес дәуірі кезеңінің кейбір тұстарын көрсетуге арналған.
Зал экспозициясы Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың тарихы мен этногафиясын көрсетуден басталады.
Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтар ерлігі Москва түбіндегі 28 панфиловшылардың жанқиярлық шайқасын бейнелеген панорамалық көрінсі, атақты аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының тұтынған қарулары мен кейбір жекелеген заттары қойылған.
Орталық Мемлекеттік музейдің көрнекті де кең, әсем безендірілген төртінші залы тәуелсідікке арналған.
Зал экспозициясы елімізде президенттік билі жүйесінің енгізілуіне байланысты алғашқы президенттік рәміз болып табылатын дәстүрлі ұлттық киім – шапан мен қалпақ және кісе белдік т.б.-лар қойылған жаймасөреден басталып, мемлекеттік әнұран тексті, оның авторлары және Егемен Қазақстан Республикасының туы мен мемлекеттік рәмізі қойлған жаймасөремен ұласады.
Музейде аса сирек кездесетін көне түрік, моңғол, мәнжүр т.б. тілдеріндегі деректанулық материалдар бар.
12. Пән бойынша тесттік тапсырмалар
1 нұсқа
1.Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты ғылым саласы
А. Топонимика Б. Статистика В. Семиотика
2. Тарихи өлкетану ғылымының негізгі қайнар көзі
А. Археологиялық материалдар Б. Демографиялық мәліметтер В. Экология ғылымы бойынша мәліметтер
3. Өлке туралы мәліметтерді қалыптастыруға қатысы бар антика дәуірінің ғалымы, «География» еңбегінің авторы
А. Геродот Б. Страбон В. Диодор
4. Қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы, хұндар туралы мәліметтер қалдырған көне жазба деректері
А. Қытай Б.Грекия В. Византия
5. Орыс қалалары туралы өлкетанулық мәлімет беретін 12 ғ. соңында жарық көрген еңбек
А. «Повесть временных лет» Б. «Ипатьевская летопись» В. «Слово о полку Игореве»
6. Өлкені зерттеу әдісінің бірі – ғылыми экспедиция арқылы. Қазақстан өлкесіне қатысы бар 18 ғ. Ресей ҒА жіберген экспедициясының басшысы
А. Г.Ф. Миллер Б. П.И. Рычков В. С.П. Крашенинников
7. Археология өлке тарихын зерттеуде қолданатын деректер көзі
А. Жазба деректері Б. Ауызша деректер В. Заттық деректер
8. Археологияда органикалық қалдықтардың жасын аныңтау үшін қолданылатын әдіс
А. Радиоактивті көмір тегі әдісі Б. Археомагниттік әдіс В. Термолюминисценттік әдіс
9. Археологиялық ескерткіштерді анықтауда затқа зақым келтірмейтін әдіс
А. Химиялық Б. Спектрографиялық В. Рентген
10.Өлкені зерттеуде этнографиямен байланысты ғылым саласы
А. Антропология Б. Биология В. Семиотика
11. «Табу» терминін ғылыми айналымға кіргізген адам
А. Л.Морган Б. Дж. Кук В. Ж.Ж. Руссо
12. Өлкені зерттеуде ертедегі адамдар арасында таралған тиым салу рәсімінің маңызы бар. Рәсімнің аталуы
А. Табу Б. Полиандрия В. Инициация
13. Этнографиялық мәліметтерді жинақтағанда әдетте қолданылмайтын әдіс
А. Халықтың белгілі бір тобының өмірі мен тұрмысын бақылау
Б. Халық ішінде сұрастыру жүргізу В. Қазба жұмыстарын жүргізі
14. Өлкені зерттеуде тұрақты жұмыс жасау этнографиялық жылдан кем болмауы хақ. Оның мерзімі
А.Календарлық жыл Б. Календарлық жылдан 2-3 ай артық В. Календарлық жылдан 2-3 ай кем
15. Өлкетанушы этнографиялық зерттеуде қолданатын жіктеу әдісі
А. Архаикалық әдіс Б. Автохтондық әдіс В. Шаруашылық-мәдени типтер арқылы
16. Өлкетанушылар өлкені зерттегенде көбірек пайдаланатын дерек көзі
А. Сәулет өнер ескерткіштері Б. Бейнелеу өнер туындылары В. Нумизматикалық материалдар
17. Пирамидалар архитектуралық құрылыс ретінде сипаттама беретін өлке
А. Ежелгі Қосөзен аймағы Б. Ежелгі Мысыр елі В. Антикалық Рим
18. Ерте заманның архитектуралық ескерткіштері – мегалиттік құрылыстар. Кейбір өлкеде кездесетін бірнеше тонналық жақпар тастарды тігінен қойып, төбесі жалпақ тақта тастармен жабылатын құрылыс
А. Кромлех Б. Менгир В. Дольмен
19. Қазақстан территориясында 10-11 ғғ. жататын архитектуралық ескерткіш
А. Бабаша хатун кесенесі Б. Айша бибі кесенесі В. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
20. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын бейнені пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік, ауқымдық) пайдалану арқылы туғызылатын өнер түрі
А. Кескіндеме Б.Графика В. Мүсін
21. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі үлгілері жартастарға салынған суреттер уақыты
А. Палеолит Б. Неолит В. Орта ғасырлар
22. 19 ғ.2-ші жартысында графикалық туындылары Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілер болып саналған автор
А. М.-С.Қ.Бабаджанов Б. Ш.Ш.Уәлиханов В. Б.Қаратаев
23. Қазақ топырағына 19 ғ. 70 –ші жылдары келіп, алғашында Жетісу халқының тұрмысынан этнографиялық альбомдар жасаумен шұғылданған орыс суретшісі
А. Н.Хлудов Б. И.В.Мушкетов В. А.Н.Краснов
24. Өлкетанудың қайнар көзі – жазба деректер. Жекелеген сөздерді шартты түрде таңбалар арқылы білдірген жазу түрі
А. Пиктографиялық жазу Б. Идеографиялық жазу В. Дыбыстық жазу
25. Өлкетанушылар 1929 жылға дейінгі қазақ баспасөзін пайдаланғанда қолданатын қазақ тілі графикасы
А. Араб графикасы Б. Латын графикасы В. Славян графикасы (кириллица)
26. Өлкетанушылар б.з.д. 2 ғасырдан бастап жазба материалы ретінде жарғақ тері қолданыла басталғанын біледі.
А. Папирус Б. Пергамент В. Береста
27. Ежелгі Мысырда қамысқа жазылған кітаптардің түрі
А. Оқтауша кітап Б. Бүктеме кітап В. Түптелген парақты кітап
28. Өлкетанушылар үшін құнды 12 ғ. жарық көрген жазба дерегі
А. «Құтты білік» Б. «Диуани хикмет» В. «Тарихи Рашиди»
29. Қазақ өлкесі туралы мәлімет берген, 1913-1918 жж. жарық көрген баспасөз органы
А. «Айқап» журналы Б. «Қазақ» газеті В. «Серке» газеті
30. Жер-су аттары – халық қазынасы, оның өткендегі тарихы. Жер-су аттарын зерттейтін ғылым саласы
А. Топонимика Б. Семиотика В. Палеография
31. Өлкетанудың қайнар көзі болып табылатын топонимиканың елді мекен атауларын зерттейтін бөлімі
А. Оронимия Б. Гидронимия В. Ойконимия
32. Мұражай затының негізгі белгілерінің бірі
А. Жәдігердің көлемі Б. «коллекциялық жәдігер» В. Ұзақ сақтауға бейім зат
33. Мұражай затының көңіл аудару, назарды күшейту қасиетінің атауы
А. Аттрактивтік қасиеті Б. Экспрессивтік қасиеті В. Коммуникативтік қасиеті
34. Әрбір мұражай ғылыми пәндердің немесе өнердің саласына қарай жүйеленеді. Археологиялық мұражайлар жататын мұражай профилі
А. Табиғи-жаратылыстану мұражайлары Б. Тарихи мұражайлар В. Көркем өнер мұражайлары
35. Семейдегі Ф.М.Достоевский мұражайының профилін анықтаңыз
А. Тарихи мұражай Б. Көркем өнер мұражайы В. Әдеби мұражай
36.Мұражайлар түрлі әлеуметтік қызыметтер атқарады. Мұражайдың ұлттық және әлем мәдениетінің мүддесінде мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап қалу міндеті
А. Зерттеу қызметі Б. Ғылыми-құжаттау қызметі В. Қорғау қызметі
37. Мұражайтану жіктеуі бойынша кинофильмдер жататын дерек типі
А. Бейне деректері Б. Сөз арқылы берілетін деректер В. Заттық деректер
38. Типті құбылысты көрсететін, көптеген қазіргі уақыттағы заттарға тән қасиеттері бар мұражай заты
А. Типтік мұражай заты Б. Бірегей мұражай заты В. Раритет
39. Мұражай заттарының негізгі қорының құрамындағы қор
А. Мұражай профиліне сай емес заттар қоры Б. Коллекциялық қор В. Артық дублеттік даналар қоры
40. Мұражай заттарының айырбас қорының құрамындағы қор
А. Коллекциялық қор Б. Дублеттік қор В. Артық дублеттік даналар қоры
41. Мұражай заттарын анықтау процесі
А. Атрибуция Б. Акультурация В. Адаптация
42. Мұражайда қор жұмысының бір бағыты – қорды есепке алу. Заңды күші бар есеп құжаты
А. Мұражайға келген адамдар мен топтарды тіркеу кітабы
Б. Мұражай затын ғылыми сипаттау карточкасы
В. Мұражай затын беру туралы акт
43. Мұражай заттарының табиғи ескіруге ұшырауына ең алдымен әсер ететін көрсеткіш
А. Температура Б. Жарық түсу В. Ауаның ластануы
44.Шартты түрде мұражай заттары жарыққа төзімділігі жағынан үш топқа бөлінеді. Фотосуреттер, акварель жататын топ
А. Жоғары төзімділіктегі Б. Орта төзімділіктегі В. Төмен төзімділіктегі
45. Заттың табиғи ескіру процесін тежеу үшін сақтаудың белгілі ережелерін жасау . Терминді анықтау
А. Реставрация Б. Консервация В. Атрибуция
46. Мұражайда уақытша экспозиция ұйымдастыру
А. Мұражай көрмелері Б.Мұражайда ашық қор ұйымдастыру В. Мұражайдан тыс ескерткіштерді көру
47. Мұражай экспозициясында әрбір экспонатқа міндетті түрде берілген аннотациялар жиынтығы
А. Этикетаж Б. Экскурсия В. Жол көрсеткіш
48. Арнайы бағыт пен алдын-ала белгіленген тақырып бойынша экскурсовод-маманның басшылығымен мұражайды білім алу және тәрбиелік мақсатта топпен көріп шығу. Терминді анықтау
А. Этикетаж Б. Экскурсия В. Жол көрсеткіш
49. Экскурсияны топтардың құрамы бойынша жіктеу. Өлке туралы жалпы мәлімет беретін шолу экскурсиясын ең алдымен қажет ететін топ
А. Әлеуметтік жағынан анықталатын Б. Мамандық жағынан анықталатын В. Басқа аймақтан келген қонақтар тобы
50. Мұражай өзінің көпшілік-тәрбие жұмысында қолданбайтын жұмыс формасы
А. Мұражай жанындағы үйірмелер Б. Тақырыптық кештер В. Ғылыми-зерттеу конференциялар
13. Емтихан сұрақтары
1.Қазақстандағы мұражайлардын тарихы.
2. Мұражай ісіні негізгі ұғымдары: мұражай жәдігері, мұражай, мұражай ісі.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайы.
4. Мұражай қорларын сақтау: температуралық – ылғалдылық тәртіп.
5. Семейдегі Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени қорықөмұражайы және «Абай – Шәкәрім» мемориалдық кешені.
6. Республикалық кітап мұражайы.
-
Мұражай ісіні негіздері.
8. Мұражай жәдігерлерді аудағы зиянды заттардан сақтау.
9. Мұражайдағы жарық түсу тәртібі.
10. «Әуезов үйі атты ғылыми-мәдени орталық
11. Қазақстанның ұлттық валюте мұражайы№
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы.
13. Табиғи жаратылыстану жәдігерлердің сақталу кезеңдері№
14. Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайдын тарихы.
15. Мұражайдағы ғылыми-ағартушылық жұмыс.
16. Республкалық кітап мұражайы.
17. Мұражайдағы биологиялық тәртіп.
18. Қазақстан Республикасы ҰҒА археология музейі.
19. Монғолияның Баян-Өлгий аймақтық мұражайы.
20. С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайы.
21. Мұражайтанудың зерттеу әдістерінің негізгі бағыттары.
22. Мұражай экскурсиясын дайындау кезеңдері.
23. Ш.Уәлиханов «Алтын емел» Мемлекеттік мемориалдық мұражайы.
24. Мұражайдың мәдени-көпшілік және тербие жұмысы.
25. Қазақстан палеолит мұражайы.
26. Мұражай экскурсиясын дайындау кезеңдері.
27. Мұражай заттарының топтары.
28. Мұражайжүйесі және жіктелуі.
29. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлтық Университетінің археология және этнология мұражайы.
30. Мұражайжүйесі және жіктелуі.
31. Мұражайлардың негізгі профилі жағынан топтары.
32. Мұражайқорларын сақтау.
33. Ресейдегі мұрадайлар.
34. Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптары мұражайы.
35. Мұражайдағы биологиялық тәртіп.
36. Мұражай ісіні негіздері.
37. Мұражай жәдігерлерді аудағы зиянды заттардан сақтау.
38. Қазақстан палеолит мұражайы.
39. Қазақстандағы мұражайлардын тарихы.
40. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталық.
Достарыңызбен бөлісу: |