Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Қой ценурозын оперативті емдеу



Pdf көрінісі
бет58/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Қой ценурозын оперативті емдеу 
 
Қолданылуы. Операцияны ценурозы қабы үлкейіп, өзінің дамуымен 
клиникалық белгілердің пайда болу кезінде жасайды. Негізгі міндеті қаптың 
жайылу аумағын анықтау, яғни трепанация орнын табу болып табылады. 
Осы жағдайда П.П. Герценнің ұсынған топикалық балау әдістері 
орынды:
а) қапты мидың артқы оң квадрантында болуы қозғалу 
координациясының бұзылуымен байқалады, жиі айналып, оң жағына 
жығылады, көру қабілеті сақталған; 
б) қаптың артқы сол квадрантта болуы сондай белгілермен өтеді, бірақ 
мал айналып, сол жағына жығылады; 
в) алдыңғы оң квадрантында қаптың орналасуы көрудің төмендеуі 
немесе сол көздің көрмеуімен, алдыға жүруге ұмтылу, басты төмен түсіріп, 
оң жаққа манежді қозғалыстармен сипатталады; 
г) егер қап алдыңғы сол квадрантта болса, алдыңғыға қарама- қарсы 
көрініс байқалады: көрудің төмендеуі немесе көздің көрмеуі, сол жаққа 
манежді қозғалыстар . 


130 
Керекті құралдар. Скальпель, үшкір ұшты пинцет, фрез наборды 
трепан (ол болмағанда тұяқ пышағы), қан тоқтататын пинцет, инеұстағыш, 
инелер, шприц, инъекциялық ине, жіп, резина түтік.
Оперция техникасы. Керекті квадрант орталығында бұрышты немесе 
жартылай тілік істейді, ол жақсы төменге ағуды қамтамасыз ету үшін шетке 
қарап тұру керек. Сүйек үстіне қарсы бағытта жаруға ұмтылады және шетке 
ығыстырады. Алдымен ұсақ фрезбен, ал содан кейін шар тәріздімен 
трепанирлейді. Тығыз ми қабығын крест тәрізді инемен тіледі. Егер 
трепанирленген тесік ценурус қап орынына сәйкес келсе ол шығып тұрады 
және оны шығару қиын болмайды. Кері жағдайда ми қабатына әртүрлі 
бағытта инесі бар шприцті енгізеді. Инені енгізген кезде шприцте сұйық 
қаптың түзілуіне дейін аспирлейді, оның орны мен тереңдігін көрсетеді. 
Инені шығарады және оның бағытымен сол тереңдікке анатомиялық 
пинцетті енгізеді, онымен қап бөлігін ұстайды және жара қуысынан 
шығарады (сурет 103).
Сурет 103. Ценурустік қабын алу тәсілі (П. П. Герценше және В. Р. Тарасовша) 
 
Шығарылған қаптың қабырға аумағын саусақтармен бекемдейді, ал 
содан соң трепанация тесігін қойдың басын бұрады да төменгі жағдайға 
келтіріп, қапты абайлап саусақтың қозғалыстармен толығымен алып 
тастайды. Егер қапты саусақтармен ұстау мүмкін болмаса қап қабырғасын 
бұрап, пинцетпен алады. Қап жыртылған кезде қуысқа шприцке кигізілген 
түтікті енгізеді және порышынын қозғалыстарымен қабықты түтік қуысына 
тартып алады. Трепанацияны аяқтағаннан кейін сүйек үстіндегі 
трепанациялық қуысты терімен жабады және теріні түйінді тігіспен тігеді. 
Жараны клей таңғышпен жабады. 
Бастың сүйектері желінген кезде трепанацияны өткізбейді. Бас сүйекті 
Сайкович немесе Бобровтың ұшталған стилетті инесімен теседі, ол иненің 
шегінен шығып тұруы керек. Бас сүйекті ценурус қабымен бірге ине-
троакармен теседі және стилетті шығарғаннан кейін, қаптың сұйықтығын 
алады. Содан кейін инеге резина түтікті шприцті қойып, ине ұшын ценурус 
қабының қыр қабырғасына жақындатады және порышынның аспирирлеу 
қозғалыстарымен қаптың қабатын ине қуысына тартып алады. 


131 
Операциядан кейінгі малдарды таза төсеніші мол, қараңғыланған жерде 
ұстайды. Оларды тігістар шешілгенге дейін бақылайды (7 күннен кем емес), 
содан кейін қойларды отарға аударады. Қажет боғанда жануардың жалпы 
жағдайына байланысты емдеуді тағайындайды. Жазылуы 80% жағдайында 
болады (В.Р.Тарасов). Бірақ бұл сан кейде операцияның уақытында 
жасалуына байланысты мағыналы ауытқиды - 51,8% (Яковлев) 85% дейін 
(П.П.Герцен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет