Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Көз алмасының экстирпациясы (exstirpatio orbitae)



Pdf көрінісі
бет59/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129
оперативтік хир 8 н

Көз алмасының экстирпациясы (exstirpatio orbitae) 
 
Көрсетуі. Іріңді панофтальмит, көз алмасы күйреуі, ісіктер, көз алмасы 
құлауда оны қайтадан орнына салуға болмағанда. 
Бекіту және жансыздандыру. Ірі малды операция станогында, ал ұсақ 
мады жатқызып бекемдейді. Жалпы наркоз немесе жергілікті жансыздандыру 
қолдануымен, және көз жүйкесін тежейді. 
Аспаптар. Мюзе қысқашы, ине ұстағыш, ине және таңатын заттар.
Операция техникасы. Қабақтын шетінен 0,5 см қашықтықта 
параллельді конъюнктиваға дейін теріні кеседі (сурет 104).
Сурет 104. Көз алмасы экстирпациясы: а - қабақтын шетіне параллельді тілу; б – 
бөлектелген конъюнктивамен қоршалған көз алмасы (1), 2 – орбита қуысының шеті 
Конъюнктиваны қайшымен кесіп, конъюнктивамен қоршалған көз 
алмасын жеке қалдырып оны теріден ажыратады. Мюзе қысқышымен көз 
алмасын тарта тұрып қайшымен клечатканы, бұлшық еттерді, көз жүйкесін 
және көздің қан тамырларының бұтақтарын кеседі. Қан кетуін анжамен 
тоқтатады.
Содан соң орбитаға капиллярлық дренаж қойып оның соңынын сыртқа 
шығарып, қабақты түйінделген немесе құрықталған тігіспен тігеді. 
Бір тәулік-өткеннен кейін дренажды шығарады. Орбитадан қан кету 
көрінгенде оған таңғыш таңылады. 8 күннен кейін тігістерді алады. 
Нәтижесінде орбита қуысы грануляциямен толып, конъюнктивамен 


132 
жабылады, ал қабақтар біте бастайды (анкилоблефарон). 
Қабақтардың ішіне түйілуінде операция жасау 
Көрсетуі; қабақтар түйілуде иттерге, жылқыларға жиі жасайды. 
Жансыздандыру. Инфильтрациялық жансыздандыру. Қыңыр малдарға 
жалпы тыныштану құралдары қолданады (хлоралгидрат, аминазин т. б). 
Операция техникасы. Ірі малға түрегеп тұрған жағда операция 
жасайды. Қабақты йодталған спиртпен мұқият дезинфекциялағаннан кейін 
(ерітінді конъюнктиваға тимесін) хирургиялық іскекпен тері бүрмесін 0,75 - 1 
см ара қашықтықта ұстайды. Бүрме биігі 0,5 - 1 см болу тиісті: ол 
қаншалықты дұрыс қабақ тұратына тәуелді болады. Қайшымен тері бүрмесін 
кесіп алады. Құрылған жара жақтарын түйінделген тігіспен қосады (сурет 
105 1, 2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет