Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жыныс мүшенің персистентік жүгенін кесу



Pdf көрінісі
бет89/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   129
оперативтік хир 8 н

Жыныс мүшенің персистентік жүгенін кесу
 
Көрсету. Бұқаларда туа біткен жыныс мүшенің бас бөліммен күпек 
қаптың қабырғасы жабысқаны.
Анатомо - топографиялық деректер. Жаңа туған бұзауларда жыныс 
мүшенің күпекпен эктодермальдық пластинкамен дәнекерленген соңғы 
бөлімі 3 – 9 айлық жаста азат болады. Пластинка бөлінуі нәтижесінде 
күпектің қуыс қабы қалыптасады. Жыныс мүшенің төмеңгі бетінде бойлай 
жүгені құрылады, ол бұқаның бірінші жыныс қатынасында жарылып кетеді. 
Кейбір оқиғаларда жүген дәнекер ұлпамен өсіп, персиститенті - тұрақты 
қалыптасып қалады. Мына жағдайда жыныс мүшесінің соңғы бөлімі мен 
күпектің қап қабырғамен берік байланыстырылады. Байланыстырған 
персистірілген жүген, жыныс мүшесінің эрекция кезінде майысуына жағдай 
жасайды. Ал азат жүген жыныстық рефлекстерді тежеуге немесе 
бұрмалауына апарады. 
Бекітуі. Станокта. 
Жансыздандыруы. Жамбас ішіндегі өткізгіштік жансыздандыру. 
Операция техникасы. Жүгенге проксимальды циркулярлық бинт 
таңғышы таңылады (сурет 138). Кесуді скальпель немесе қайшымен жыныс 
мүшенің проксимальдық бас жағынан бастап
Сурет 138. Персистелген қаса жүгенін кесу схемасы: а - кескенге дейін ; б -
кескеннен кейін; 1 - бинт таңғышы; 2 - жүгенді кесетін орын; 3 - тігістерді салу 
 
оның күпек қап қабырғасынан толық босағанша бойлап жалғастырады. 
Қанаған тамырларды кетгутпен тігеді. Жараға кетгутпен түйінделген тігіс 
салады. Операциядан кейін бинт таңғышын шешеді, жыныс мүшені 
антисептикалық эмульсиямен өңдеп, күпектің қап қуысына салады. Жара 10 - 
15 күн арада жазылады. 


183 
Бұқалардың жыныс мүшесіндегі ісіктер экстирпациясы 
 
Көрсетуі. 
Әртүрлі 
мөлшердегі, 
жеке 
немесе 
көптік 
фибропапилломалар. 
Жансыздандыруы. Жыныс мүшенің өткізгіштік жансыздандыруы.
Операция техникасы. Малды станокта бекемдейді. Жыныс мүшені 
ісіктен жоғарырақ бинтпен бекітеді. Ісіктердің көпшілігін негізінен өткір 
скальпель немесе қайшымен кесіп алады, қалған ісіктік ұлпаларын қызған 
металлмен алып тастайды. Ол үшін күрмекті платиналық электрокаутер 
немесе Пакелена аппаратын қолданады. Аз мөлшерлі жеке ісіктерді тек қана 
каутеризациямен алып тастайды. Қанаған тамырларға қоршаған ұлпалармен 
бірге №3 кетгутпен тігіс салынады. Уретраның өсіндісіне кездейсоқ зақым 
келтірмеу үшін, оның қуысында бағдар болу үшін, катетер немесе зонд 
салады. Егер ісік өсіндінің сыртқы қабырғасына орналасып, кілегейлі 
қабықты сақтау мүмкіншілігі болмаса, оның ісікпен зақымдалған несеп-
жыныс өзегінің өсіндісінің бөлімімен бірге алып тастайды. Уретраның қалған 
қабырғасын жыныс мүшенің күпек жапырақшасына жапсыра тігеді, яғни 
соңғылық уретростомияны жүзеге асырады. Күпектің қап қуысына 
антисептикалық эмульсияны енгізеді. Бұқаны іске қолдануын 20 - 30 күннен 
кейін бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет