Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Пішетін малдың жасы, уақыты, орны және оны пішуге даярлау



Pdf көрінісі
бет70/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   129
оперативтік хир 8 н

Пішетін малдың жасы, уақыты, орны және оны пішуге даярлау 
ережесі. Малды кез келген жаста пішуге болады, бірақ өнім шығатын малды 
пішуге қолайлы мезгілі туралы сұрақ әлі толық шешілмеген.
Еркек малды түріне, тұқымына, тез жетілуіне байланысты, пішу 
мақсаттары (бордақылауға немесе жұмысқа қолдануға) және орындалатын 
операцияның тәсіліне тәуелді оларды әртүрлі тәсілдермен пішуге болады. 
Жұмысқа пайдаланатын айғырларды 5 жастан асқан мезгілде пішеді, оны азу 
тістері шыққанынан анықтайды. Ал етке арналғандарды пішудің қажеті жоқ. 
Одан ерте уақытта пішкен малда, еркек жыныс гормондары тапшылығына 
байланысты олардың дамуы төмендеп, конституциясы толық жетілмейді. 
Кейбірде ұмалары жалпы қынаптық қабық қуысына түспейді. Есектерді және 
қашырларды 3–4 жасында пішуге болады. Бордақылауға арналған бұқаларды 
Қазақстанның онтүстік аймақтарында көбінесе пішпейді, себебі олар тез 
жетеліп 1,5 – 2 жылда толық 400 кг дейін салмақ жинап алады. 
Республикамыздың солтүстіктерінде кешірек жетілетін себептен бұқаларды 
пішкен дұрыс болады. Тәжірибелік көп деректерге байланысты және ауыл 
шаруашылық мамандарының байқауымен оларды 6 ай мезгілінде емес, одан 
кешірек, организм толық қалыптасуына байланысты 1 жастан асқан кезінде 
пішу қолайлы болады. Сол жағдайда мал бордақыланып, қажетті салмаққа 
жылдам жетеді. Жұмысқа пайдаланатын бұқаларды 1 жылдан асырып 
операция жасайды.
Еркек тоқтыларды және лақтарды 5 - 6 айда және одан үлкен 
жастарында пішуге болады. Тек текелерді союға дейін 4 – 5 айдан 
кешіктірмей пішу қажет, себебі оның етіндегі жағымсыз иіс болады. Еркек 
тоқтыларды қандай тәсілмен ерте пішсе олардың жетілуі және организмнің 


150 
ауруға төзімділігі нашар болады. Қабандарды тәжірибеде 4 – 8 - 12 аптада 
пішуін ұсынады, бірақ ерте пішкенде олардың дамуы саябырлайды, сол 
себептен оларда текедегі сияқты олардың етінің жағымсыз иісін жою үшін 
сойғанға 3–4 ай қалғанда пішкен дұрыс болады. Жалпы қабандарды әдетте 1 
жылдан асырмай етке сояды. Түйелерге 2,5 - 3 жасында операция жасайды. 
Бұғыларды (корализации дәуіріне) 10 - 12 айында, үй қояндарын 1,5 -2,5 
айында пішеді. Бірақ пішуді, шаруашылық жағдайларында, емдік 
көрсетулеріне және басқа оқиғаларға байланысты жарамды мезгілде жасауға 
болады.
Пішер қарсаңында ірі малды азықтандырмайды, ал операция алдында 
ішегін және қуығын азат етеді. Айғырларды операция қарсаңында ішкі 
шаптық сақинасын ректальды зерттейді; себебі олардың мөлшеріне пішу 
тәсілі тәуелді болады. Егер шаптық сақиналарға саусақтың үш ұштарын 
енгізуге болса, ондайда айғырларды жабық тәсілмен пішеді. Негізі ірі малды 
ашыққа шығатын, шөп басқан көгал жерде пішкен қолайлы. 
Еркек малды пішу әдістерінің жалпы сипатамасы. Еркек малды пішу 
тәсілдерінің саны өте мол. Бірақ олардың барлығын негізінен екі тәсілге 
біріктіруге болады - қанды және қансыз (перкутандық). Ол тәсілдерді 
пайдалану және жүзеге асыру операция жасалатын малға, шаруашылықтың 
жағдайына, ветеринар маманның шеберлігіне, операцияның мақсаттына
операцияның аумағындағы патологиясына және қолданылатын құралдардың 
ерекшеліктеріне тәуелді болады. 
Малды қанды әдіспен пішу кең таралған, жиірек қолданылады; ондайда 
ашық және жабық тәсілдерді қолданумен көбінде енді және ен қосалқысын 
толық алып тастайды. Ашық тәсілде жалпы қынаптық қабын жарып, ұманы 
ашып енді, ен қосалқысымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы 
қынаптық қабықты кеспейді, енді және ен қосалқысын оларды жабатын 
жалпы қынаптық қабықпен бірге тіліп алады.
Жыныс бездер элементтерін жарым-жартылай жоюдың негізгі мақсаты 
шәует бөлінуін тоқтату, еркек жыныс гормон өңдіруін сақтау. Қанға 
бөлініп шығатын жыныс гормоны малдың денесін молырақ дамытып 
қалыптастырады, ал ұрықтандыруға қабілеттілігі болмайды. Осы тәсілді 
толық пішу деп есептеуге болмайды. Оны көбінде стерилдеу деп атаған 
дұрыс болады. Ең көп таралғаны 2 тәсіл: 
а) еннің тек қана паренхимасын жою (экспрессиялық пішу) оның 
болбыр ұлпасының негіздерін және ен қосалқысының сақтаулы; 
б) ен қосалқасының құйрықтарының резекциясы - операцияны кейде 
қойларда және өгізшелерге жасайды. Операция жасалған малда либидо 
сақталып, олар ұрғашыларды ұрықтандыруға мүмкін болмағанда, мына 
операцияны тексеретін қошқарларды дайындау мақсатымен ұсынылған 
болатын ( жыныстық стерилдеу). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет