166
қан кету орынын табуға болады, онда оны қан тоқтататын іскекпен қысып
алып бұрап қан кетуін тоқтатады. Сол жағдайда анжыларды салу қажеттілігі
болмайды.
Ен бауының тұқылынан қан кетуі – бұл асқыну бұқаларда жиі
кездеседі. Ен бауына лигатураны дұрыс салмағандықтан (әлсіз түйін,
лигатураны ен бауының кеңейген орнына салу) болады. Малды бүйіріне
жатқызады. Саусақтарды (немесе корнцангті)
қынаптық каналға енгізіп
қансыраған тұқылды тауып, оның пішу жарасының деңгейіне дейін алып
шығарады. Оны қан тоқтататын іскекпен немесе ішек қысыммен (ең
болмағанда лещеткамен) бекемдеп ұстап, қосымша немесе қайтадан лигатура
салады.
Жалпы қынаптық қабықтың түсуі көбінесе айғырларда пішу тілімінің
көлемі аз кесуінде байқалады, себебі жараның бөлінген сұйықтықтары
қалташаға жиналып оны сыртқа қарай салбыратады. Малды жедел
бекемдейді, сыртқа түскен жалпы қынаптық қабықтың бөлімін іскекпен таза
орнына дейін тарпып кесіп алады.
Ен бауының тұқылы түсуі айғырларда
пішетін қысқашты төмен салу
және пішу кезінде ен бауын шамадан тыс керу себебінен болады. Малды
тұрғызып бекемдейді. Түскен ен бауының тұқылын жоғарғы орнына
кетгуттан лигатура салып, сыртқа шыққан бөлігін эмаскулятормен немесе
қайшымен кесіп алады.
Шарбы майының түсуі айғырларда болады.
Әдеттегі ұма жарасынан
ұлғая беретін ақшыл - қызғылт бүрме салбырап тұрады. Операцияны жалпы
наркоз қолдануымен, мал жатқан кезде жасайды. Шарбыны 5 -10 см сыртқа
таза орнына дейін тартып оны кетгут жібімен тігіп немесе байлап одан ара
қашықтықта 2 см төмен алып кесіп тастайды, қалған кесігін іскекпен құрсақ
қуысына салады. Ұмадан бөліп алып, ен бауының кесігімен бірге 1,5 - 2 рет
айналдырып бұрап жабық тәсілмен пішудегідей лещеткаларды салады. Оны 8
күннен кейін шешеді. Лещеткалар болмағанда жалпы қынаптық қабығын №8
кетгутпен тігіп немесе қатты тарпып байлауға болады.
Ішек ілмегінің түсуі жиірек қабандарда және айғырларда көрінеді.
Жедел жағдайда айғырда ішек онан ары түспеу үшін стерилденген (немесе
таза) сүлгімен суспензорий таңылады. Малға плевра үстінен Мосин тежеуін
және наркоз істеп, оны арқасына немесе бүйіріне жатқызады. Сыртқа шыққан
ішектің ілмегін физиологиялық ерітіндімен немесе 0,5% новокаин қосылған
1:1000 этакридин ерітіндісімен суландырады. Өте абайлап шыққан ішек
ілмегін қайтадан орнына салады. Егер шыққан ішектің ілмегі салынбаса,
ондайда құрсақ қуысын тіліп сыртқа шыққан ішекті ішке қарай тартып
орнына келтіреді. Егер ішек бірталай зақымдалса
немесе некроздалса оны
орнына салғанымен, жылқы малы көп жағдайда өлімге душар болатынын
ескеру керек.
Қабандарға операция жасау. Малдың артқы жағын аздап көтеріп
сыртқа шыққан ішкі ағзаларды орнына салады. Бөліп алған жалпы қынаптық
қабығын ен бауымен бірге бұрап ұзын лигатурамен байлап, оның
соңғыларын шаптық сақинаның латеральдық және медиалдық сыртқы жақ
167
қабырғалар қатарына шығарады. Лигатураның артынан 2 см жоғары алып ен
бауын
кесіп тастайды, шаптық сақинаның шеттерін жақындатып лигатура
үштарын байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: