Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет81/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   129
оперативтік хир 8 н

Крипторхиттарды пішу 
 
Крипторхизм - ауытқу, еннің бірі немесе екеуіде төл туған кезеңде 
құрсақ қуысында (құрсақ крипторхизмы) немесе шаптық каналда (шаптық 
крипторхизм) кідіріп, жалпы қынаптық қуысына түспеуі. Барлық 
жануарларда болады, бірақ қабандар мен иттерде жиірек кездеседі.
Көрсетуі. Операцияны ең көп таралған құрсақ крипторхизмде, малдың 
иесінің талабымен жасайды. 
Операцияны жасауға дайындау үшін малды 12 сағат дейін азықтан 
айырады.
Бекітуі. Малды арқасына жатқызып немесе басын төмен келтіріп 
бекітеді. 
Жансыздандыру. Нейролептик, инфильтрациялық жансыздану.
Операция техникасы. Қабандарға операцияны 4 – 6 айлық жасында 
жасайды. Жыныс мүшеден шеттеп 2 см ара қашықтықта, оны күпекпен бірге 
жылжытып, 
құрсақтың 
вентральдық 
қабырғасында 
парамедиалдық 
лапаротомияны істейді. Кесудің ортасын соңғы алдыңғы емшек деңгейіне 
келтіріп, алдыңғы сыртқы шаптық сақинасынан бастайды. Түзу бұлшық етті 
тіліп өтеді. 6 айдан асқан малға лапаротомияны сербектің алдындағы 
емшекпен қосатын сызық ортасынан жасаған жақсырақ болады. Кесулер 
мөлшері құрсақ қуысына 2 саусақ еркін енуге болатындай болуы тиіс. Құрсақ 
қабырғасы бөлімдерін саусақтармен мұқият зерттеп, еңді тауып алып, жара 
қуысына тарпып әкеліп оны лигатура қолдануымен бөліп алады. 
Операцияның негізінде ішпердесін, бұлшық етті және теріні жекелеп тігеді. 
Ұрғашы малдарды пішу (ovariectomia) 
Мегежіндерді пішу 
 
Анатомо - топографиялық деректері. Жыныстық толысқан ұрғашы 
шошқаларда аналық безі бөрткен жидек түрінде болады. Оның ұзындығы 1,5 
- 4 см. Аналық без екеу оң жағынан үлкенірек. Аналық без дорбасы - 
бахромка (кеңіген аналық безді өткізгіш бөлімі) жақсы дамыған және аналық 
безді толық жабады. Аналық бездердің өздері будаларда ілінеді (брыжейка), 
аналық безі оң жағынан 1 - 2 см ұзын (Исаев). 3 - 4 айлық шошқаларда 
аналық безі соңғы бел омыртқасының алдында, құрсақ қуысының үштен бір 
бөлігінің жоғарғысынан төмен емес деңгейде орынасады. Ересек 
шошқаларда аналық бездері құрсақ қуысының ортаңғы деңгейіне дейін тіпті, 
оданда төменге жетеді (сурет 127).
Ішек орта толуында аналық бездер мен жатыр мүйіздері құрсақ 
қуысының ортасында біркелкі орыналасады және құрсақ қабырғаларынан 


168 
оңнан жіңішке ішектердің ілмектерімен, ал сол жағында соқыр ішекпен 
бөлектенген. 
Жиі жағдайда аналық бездер лық толған соқыр ішекпен ығыстырылып, 
құрсақтың оң қабырғасында орналасады. Шошқаның басын төмен қаратап 
бекіткенде соқыр және жіңішке ішек төмен жылжып, қарынның артқы 
бөлімін азат етеді. Шошқалардың жатыр мүйіздері ұзын болып, көп санды 
ілмектерді құрастырады. Жатыр мүйіздерінің ұзындығы кейде 150 см жетеді. 
Сурет 127. Жатыр және аналық бездердің топографиясы: 1 - жасы кіші 
шошқаларда; 2- есейген шошқаларда; ов - аналық без; св – аналық бездің брыжейкасы
(байламы); ма — жатыр; п - қуық 
Қанмен қамтамассыз етілуі. Екі қайнардан болады. Қолқадан ішкі 
тұқымдық артерия бөлінеді, ол аналық безге барып (аналық без артериясы), 
жатырға бұтақ қайтарады - краниалдық жатырлық артерия. Ішкі бүйір 
артериядан орта жатырлық және каудалды жатырлық артерия бөлініп 
шығады (сурет 128). 
Жүйкеленуі. Каудалдық шажырақай түйінін және жамбас жүйкесінің 
парасимпатикалық талшықтары постганглионарлық бұтақтармен жүзеге 
асады.
Пішуге көрсетілімдер. Бордақылаудың жақсаруы. Көпшілік жағдайда 
4-8 айлық жастан басталатын, оқтын-оқтын қайталанатын күйлеудің 
нәтижесінен мал мазасызданып, олардың тірі салмағы төмендейді. 
Жыныстық қозу кезеңде, күйлеген шошқа 30% дейін салмағын жоғалтады. 
Кейбір жағдайда жалпы жоғалту әрбір басқа 5-8 кг болады. 
Пішілген малдан бордақылау кезде 10 – 15% артық салмақ алынып, 
жемдеу уақытының ұзақтықтылығы 15-30 күнге қысқарады. 
Ю.Г. Кутеповтің зерттеуі бойынша пішілген малдың ұшасының 
салмағы пішілмеген малмен сылыстырғанда одан 30% ауыр тартатындығын 
көрсетті. Малды 4-8 айлық жасында, бордақыға қояр алдында 2 апта бұрын 
пішуге болады. Кәрі


169 
Сурет 128. Шошқаның жыныс ағзаларын қанмен қамтамассыз ету: 
1- қолқа; 2- ішкі ұрықтық артерия; 3- аналық без а.; 4- краниальдық жатырлық а.; 5- 
артқы шажырақай а.; 6- терең айналадағы және 7- сыртқы бүйірлік а.; 8 - жамбастық а.; 9- 
терең жамбастық а.;10 - құрсақ үстіңгі а; 11- каудальдық құрсақ үстіңгі терең а.; 12- сыртқы 
жыныс а. және 13 - оның желінге баратын бұтағы; 14- құрсақ үстіңгі каудалдық а; 15- ішкі 
бүйір а; 16- құйымшақтық орта а.; 17 - орта жатырлық а.; 18- краниальды қуық а; (19);20 – 
бұйір белдік а; 21 - алдыңғы бөксе а.; 22- орта геморридальды а.; 23- каудальды жатырлық 
а.; 24- оның тік ішектегі бұтақ; 25- каудалдық қуық а.; 26 - қынаптық а.; 27 - артқы бөкселік 
а.; 28 – каудальдық геморридальды а.; 29 - шаптық а.; 30, 31 клитор бұтағы. 
мегежіндерге қолдану тоқтауынан кейін операция жасайды. Бір рет 
пайдаланатын (тексерілетін) мегежіндерді туғанынан 7 күн өткеннен кейін 
пішіп жіберуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет