Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жыныс мүшесін өткізгіштік жансыздандыру



Pdf көрінісі
бет88/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Жыныс мүшесін өткізгіштік жансыздандыру 
 
Көрсетуі. Жыныс мүшені зерттеу мақсатымен сыртқа шығаруы, емдік 
өңдеулер, уретраны және қуықты катетеризациялау, әр түрлі ісіктерді 
экстирпациялау, ампутация және басқадай операцияларды жасау. 
Жылқыны жансыздандыру техникасы. Сол қолмен анустан төмен
бұттың жұмсақ ұлпалары арқылы құйымшақтық доғаны табады. 
Саусақтардың жеңіл қозғалысымен бұттың ұлпаларын орта сызықтан сол 
жаққа жылжытады. №1090 инені орта сызықтан оңға құйымшақ доғаға 
қарсы, үстінен төмен қарай және оңнан солға бағыттап қадайды (сурет 136). 
Ине бұттың жұмсақ ұплаларынан өтіп, жыныс мүшесінің аяқтарының 
арасындағы шонданай доға ортасындағы сүйекке тіреледі. 20 мл 3% - дық 
новокаин ерітіндісінің жібереді. 5 - 7 минуттан кейін жылқылардың 
көпшілігінде күпектен жыныс мүшесі түсіп, сыртқа шығып қалады. 
Жансызданудың ұзақтығы 2 сағатқа созылады. 
Сурет 136. Жылқының жыныс мүшесін өткізгіштік жансыздандыру. 
Бұқаны жансыздандруы. Бұқаны танау сақинасынан станокқа бекітеді. 
Шаншу нүктесі құймышақ-шонданай будасының артқы нұсқа ортасында 


181 
және шонданай-тікішек шұңқыршақ деңгейінде болады. Жансыздандыру 
үшін бағыттайтын және инъекциялық екі инелер қажет. Бағыттау үшін 
Бобровтын инесін қолданады. Инъекциялық үшін №10120 немесе №12120 
инелер бағыттайтын иненің каналына азат кіруге тиіс. 2%-дық новокаин 
ерітіндісін қолданады. 
Операция алаңын дайындаудан кейін бағыттайтын инені теріге шаншу 
орнына қойып, оны краниовентральды шынтақ төбесіне бағыттайды. Теріні 
тескенен кейін, әр уақытта үзбей құймышақ-шонданай будасын иненің 
үшымен сезе тұра оны жамбас қуысқа бағыттап жылжытады. Инені жамбас 
қуысқа бар ұзындығымен енгізеді. 
Содан соң бағыттайтын ине каналына, құймышақ-шонданай 
будасының артқы жақ ұзындығына барлық тереңдікке инъекциалық инені 
кіргізеді. Инъекциялық инеге шприцты қосып жеңіл қысыммен 40 мл 
новокаин ерітіндісін енгізеді. Инъекция кезінде ине ұшын сагитальдық 
жазықтыққа сәл жылжытады, онымен жансыздандыратын ерітінді арқылы 
жамбас клечаткасын кең бүруге болады. Онымен жыныс жүйкесі және 
жамбас жүйке өрімінің бұтақтарының бөлімдерін тежеумен қамтамасыз 
етіледі. Кейін инелердің екеуінде (сол шаншу нүктелерінде) горизонтальдық 
жайға келтіріп қосымша 20 мл жансыздандыратын ерітінді инъекциялайды. 
Инъекциялау уақытында инелерді бірте-бірте жамбас қуыстан шығарып 
фронтальдық жазықтықпен жылжытады. Бұл инъекциямен тік ішек және 
жамбас өрім бұтақтары жүйкелері тежелуі жүзеге асады (сурет 137), ұқсас 
тәсілмен оң жақ жүйкелерді тежейді. 
5-10 минут өте ұманың көлденең бүрмелері жазылады, ен төмен түседі, 
шап терілерінің және ұманың сезгіштігі жоғалады. Жыныс мүшенің сигма 
тәрізді бүгілісі түзуленеді, жыныс мүшесі сырқа шығады немесе күпектен 
жеңіл шығарылады. Жыныс мүшесі және күпек ауырсыну сезімінен 1,5 – 2 
сағатқа жоғалтады. 
Сурет 137. Иненің сол жақтағы жыныс және тік ішек жүйкелерін тежеу кезіндегі 
орналасу схемасы: 1 жыныс жүйкесі; 2, 3- орта және каудальды тік ішек жүйкелері 


182 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет