Бақылау сұрақтар:
Берілгендер қоры деп нені түсінесіз?
2. Берілгендер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
3. Қандай БҚБЖ білесіз?
4. БҚ қандай құрылымда болады?
5. БҚ- дағы информациялар қайда сақталады?
27 –сабақ. Мәліметтер қорын басқару жүйесі . Access -мәліметтер базасын құру. Конструктор режимінде кестемен жұмыс.
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу жиі кездеседі. Мыс: жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
-түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі-аты,білімі,мекен-жайы, телефоны,т.б.)
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі –компьютерде берілгендер қоры түрінде сақтау. Берілгендер қоры (БҚ)-құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматты файл.
Берілгендер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген программалар дайындалған; ACCESS т.б. оларды Берілгендер қорын басқару жүйелері (БҚБЖ) деп атайды.
БҚ кестесінде берілгендер адресі жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды Өріс (поле) деп, жолды Жазу (запись) д. а.
Access-ті іске қосу үшін:
Іске қосу- Программалар –Microsoft Access командасын қосу жеткілікті.
Мәліметтер базасы, негізінен, үлкен ақпаратты сақтауға және оларды іздеп табуға қызмет етеді. Сол сияқты мәліметтер базасына қаладағы дәріханалардың дәрілері жайында, тұтынушының сұрауы бойынша сол дәрінің қай жерде және қандай бағаға сатылатыны жайындағы мәліметтер жатады. Мәліметтер базасының бірінші амалы толтыру, мәліметтер өзгерісінің барлық түрлерін енгізу (мысалы, жаңа дәрілердің түсуі немесе бағасының өзгеруі, т.с.с), қажет мәліметтерді іздеу және іздеуді жеңілдету үшін реттеу. Жаңа БҚ құру үшін Файл-Создать командасын орындаймыз. Тапсырма облысынан «Ноавая база данных» пунктін таңдаймыз. Жаңа БҚ құру сұхбаттық терезесі ашылады. Оның «Бума» өрісіне енгізілген тізімнен жаңа БҚ орналастырылатын буманы таңдау және «Файл аты» өрісіне құрылатын БҚ атауын енгізу керек. Атау Access-тің БҚ құруға өту терезесіне енгізіліп, экранға БҚ терезесі шығады. Қор терезесінде БҚ құрамындағы алты объектімен жұмысты бастауға арналған алты қондырма бар. Олар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Макростар, Модульдер. Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.
Кесте-берілгендер қорының негізгі обьектісі. Кесте құрудың үш режимі:
*Кесте режимі
*кестелер шебері
*конструктор
Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.
Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз.
Енді MS Access терезелеріне шолу жасап кетейік және олардың мәзірлер қатарын қарас-тырып өтейік.
Бастапқы терезесі:
Деректер қорын құрастырушы терезесінің түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |