2. Power Point-ты іске қалай қосуға болады?
3. Power Point меню құрамы неден тұрады?
4. Слайд дегеніміз не?
5. Слайд-фильм(презентация) деп нені атайды?
6. Слайдтарды қалай қосуға болады?
7. Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?
33 –сабақ.Компьютерлік желілері туралы жалпы түсінік, оның тағайындалуы. Желі (Network) - компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты (кабельдердің көмегімен) немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — әлемдік желілер тобы болып табылатын Интернет.
Ауыстырылатын желі (Коммутируемая линия; switched line) — компьютердің қашықтағы абонентпен байланыс желісі. Жалғастыру жалпы тағайындалған телефон арнасы арқылы абонент нөмірін телефондық нөмір теріп алу амалымен жүзеге асырылады. Мұнда уақытша 1 жалғастыру (сеанс уақытында) орындалады.
Ауыстырылмайтын желі (Некоммутируемая линия; non-switched line) — терминалды компьютерге тұрақты түрде жалғастыруды жасақтайтын байланыс желісі.
Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.
Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі.
Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;