Мұндай кесте ақиқаттық кесте деп аталады.
А және В пікірлерінің логикалық көбейтіндісі (Конъюнкциясы) жаңа С пікір пайда болатынын айтады және ол тек қана екі пікір де ақиқат болған жағдайда ақиқат болады. C=A B немесе C=A &B (C тең A және B деп айтады).
Мысалы: А тұжырымы «шкафтың биіктігі есіктің биіктігінен аз» , В оқиғасы «Шкафтың ені есіктің енінен аз», С оқиғасы «егер шкафтың ені есіктің енінен аз болса, шкафты есіктен шығаруға болады» ЖӘНЕ «шкафтың биіктігі есіктің биіктігінен аз болса», яғни берілген операция екі тұжырым ЖӘНЕ арқылы байланысса ғана қолданылады.
Бұл операцияның ақиқаттық кестесі келесі түрде болады:
A
|
B
|
A B
|
0
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
1
|
0
|
0
|
1
|
1
|
1
|
А және В пікірлерінің дизъюнкциясы (логикалық қосындысы) жаңа С пікірі болады, онда ол ақиқат болады егер екі пікірінің біреуі ақиқат болса. Мысалы: А пікірі «Студент үйіне автобуспен жете алады» болсын, ал В «Студент үйіне тролейбуспен жете алады», С оқиғасы «Студент үйіне автобуспен немесе тролейбуспен жетти», яғни берілген операция екі пікір НЕМЕСЕ арқылы байланысқан жағдайда қолданылады.
Мұндай операцияның ақиқат кестесі келесі түрде:
Достарыңызбен бөлісу: |