Толтыру маркері- бұл белгіленген диапазонның бұрышындағы кішкентай қара квадрат. Тышқанның курсоры толтыру маркеріне түскен кезде қара крест түріне ие болады: Автотолтыру маркері – белгіленген ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышында орналасқан қара квадрат. Автотолтыру – бұл мәліметтерді тезірек енгізуге көмектесетін функция. Маркерді жылжытқанда ұяшықтарда тек көшіру ғана жүргізілмейді. Мысалы: кез келген ұяшыққа 1, ал көрші ұяшыққа(оң жағына) 2 санын енгізіп, екі ұяшықты қатар белгілеп жол бойымен тартатын болсақ 1,2,3,4......қатары пайда болады. Ұяшықтың адресін пробелсіз латын әріптерімен енгізу керек. Формулаларда ұяшық адресін клавиатураның көмегінсіз, тышқанды шерту арқылы енгізуге болады. Формуланы енгізу әрқашан = белгісінен басталады. Формула жұмыс парағында есептеулер жүргізілетін өрнек түрінде көрсетіледі. Формула аргументі ретінде ұяшықтар мәне қолданылады: =A1+B1 Ұяшықтың салыстырмалы адресі – дегеніміз формулалар арқылы есептеудегі қалыпты жағдай. Мұндай формуланы оңға немесе солға көшірген кезде ұяшықтағы қатардың аты өзгереді, ал жоғары немесе төмен көшіргенде – жолдың нөмірі өзгереді. Мысал. А1 ұяшығына 5 санын енгізейік, В2 ұяшығына 7 санын. В1 ұяшығында формула бойынша есептегенде 6 санын, ал А2 ұяшығында 11 санын береді. Формуланы В1 ұяшығынан С1 ұяшығына көшіргенде қатардың аты өзгереде және С1дің мәні 7 тең болады. А3 ұяшығында 18. Абсолютті адресация, есептеу кезінде мәні өзгермейтін жағдайда қолданылады. Мысалы мына түрде жазылады: =$A$1. Соған сәйкес мұндай формуланы жұмыс парағының басқа ұяшығына көшірген кезде =$A$1 формуласында берілген мән сақталады. Егер жоғарыда көрсетілген мысалда, В1 ұяшығындағы А1 ді $A$1 ге ауыстырсақ, онда В1 және С1 ұяшығындағы мәндер бірдей 6-ға тең болады. Аралас адресация көшірген кезде құрамдас ұяшықтардың біреуінің аты өзгермеген жағдайда, салыстырмалы және абсолютті адресациялардың комбинациясын білдіреді. Формула енгізу. Клавиатурадан формула енгізу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |