Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары


Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі15



бет2/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі15

шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың

(Аллаһ оны рахымына бөлесін)

мәртебелі Мекке қаласында 1989 жылы (х. 1409 ж.) орын алған жарылысқа байланысты қойылған сұрақтарға берген жауаптары
Ислам әлемі мәртебелі Меккеде 10.07.1989 ж. (х. 07.12.1409 ж.) дүйсенбі күні кешкісін орын алған жарылысқа байланысты болған келеңсіз уақиғаны қатаң айыптады. Барша мұсылмандар мұны аса ауыр және жиіркенішті қылмыс деп санайды, өйткені ол Аллаһтың қасиетті Үйіне келген қажыларға үрей салу әрекеті, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, қасиетті аймақтарда жүріп-тұру ережелеріне қатысты тыйымдарды бұзу, және Аллаһтың құлдарына қатысты зұлымдықтың көрінісі болды. Аллаһ Тағала Меккені Ақырет күніне дейін қасиетті аймақ деп жариялады, және мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мүлкіне қол сұғуға Ақырет күніне дейін тыйым салды. Ол бұл тыйымдардың бұзылуын өте үлкен қылмыс және аса үлкен күнә деп жариялады да, Меккеде осығанған ұқсас бір нәрсе жасауға ниет еткен адамға қорлаушы азап тартқызатындығы туралы қорқытып айтты.

Мысалы, Аллаһ Тағала былай деді:



«...және кім бұл Мешітте зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа16, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз». (әл-Хаж сүресі, 25-аят)

Ал қорлаушы азап қасиетті аймақта жаман бір-нәрсе істеуді қалаған әрбір адамға уәде етілген болса, мұны іс жүзінде істеген адам туралы не айтуға болады? Мұндай қылмыс одан да ауырлау болатындығы және қорлаушы азапқа лайықтырақ екендігі – анық. Аллаһтың Елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметінің мүшелерін зұлымдық танытудан сақтануды қатаң ескерткен, бұл жөнінде көптеген хадистерде баяндалады.

Осындай ескертудің бірі болып Аллаһтың Елшісі өзінің қоштасу қажылығында мұсылмандарға берген түсіндірмесі табылады. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:

«Ақиқатында, сендердің өмірлерің, мал-мүліктерің және ар-намыстарың тура осы айдағы, тура осы қаладағы, тура осы күндей қасиетті (болуы керек). Мен (осыны сендерге) жеткіздім ба?»

Бұған сахабалар былай деп жауап берді:

«Сен жеткіздің, және (өзіңе жүктелгенді) орындадың, және (үмметіңе) игі насихат бердің деп күәлік береміз».

Содан соң Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Аллаһ, күәгер бол, я, Аллаһ, күәгер бол!» - деп қайта-қайта айтып, саусағымен бірде аспанға, бірде жерге көрсете берді. әл-Бухари «Сахих», №1741 хадис; Муслим «Сахихы», №1679 хадис.

Жарылғыш заттарды қолданып Аллаһтың қасиетті Үйінің қасында жасалған бұл жиіркенішті қылмыс аса ауыр қылмыстар және аса үлкен күнәлар қатарына жатады. Бұған Аллаһқа және Ақырет Күніне иман келтірген адам бара алмас еді, ал мұндай қылмысты Исламды, мұсылмандарды, және Аллаһтың қасиетті Үйіне қарай бет алған қажыларды жек көретін кімсе ғана жасай алалады. Ол қандай ұлы зиянға ұшырады және қандай ауыр қылмыс жасады!

Біз Аллаһтан бұл қылмыскердің жаман пиғылды амалдарын өзіне қарсы бұруын, оны өз руластары арасында масқара қылуын және Екі қасиетті Мешіт Қызметкерінің Үкіметіне айыптыны табуға және Оны Аллаһ белгілеп қойған жазаға тартуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз, өйткені бұл - Аллаһқа тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз,

Ислам әлемі Лигасының Бас Хатшысы,

Сауд Арабиясы Корольдігінің ғылыми зерттеулер,

пәтуалар, Ислам шақыруы және бағдарлауы

бойынша Басқармаларының Бас директоры17
Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ әл әш-Шейхтың

(Аллаһ оған есендік берсін)

АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына

жасалған әуе шабуылына байланысты

жолдамасы.
«Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа мадақ, пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысына, оның отбасына және барлық сахабаларына игілік пен сәлем болсын.

Бізге 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған уақиғаларға қатысты өте көп сұрақтар келіп түсуде. Адамдар: «Шариғат бұған қандай қарайды?» және «Осы сияқты істерді ислам діні мақұлдайды ма?» - деп сұрайды.

Мен Аллаһтан көмек сұрап, мынаны айтамын: адамдарға Исламды сыйлаған Аллаһ бізге рахым етті. Ол бұл діннің іске асуы ретінде кез келген орын мен кез-келген уақытқа жарамды, жеке адамдармен қауымдардың жағдайларын жақсылыққа қарай өзгерте алатын, ізгілікке, әділеттілікке және қайырымдылыққа шақыратын, көпқұдайшылықтан, жамандықтан, зұлымдықтан және қиянатшылдықтан бас тартуға үндейтін кемел шариғатты бекітті.

Аллаһ бізді осы дінге қарай бағыттағаны және оның ұстанушылары мен жақтаушылары еткені - Оның ұлы нығметтерінің бірі болды, өйткені шариғаттың үкімдеріне бағынатын, Аллаһтың Елшісінің Сүннетіне ілесетін және ешбір нәрседе бұл діннен ауытқымайтын мұсылман екі дүниеде де ешбір зиян шекпейді.

Мыңдаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған АҚШ-тағы қайғылы уақиға, күмәнсіз, шариғат құптамайтын амалдардың қатарына жатады, Исламға ешқандай қатысы жоқ және оның шариғат негіздерімен үйлеспейді. Бұл төменде келтірілген нұсқаулармен расталады:

1. Аллаһ Тағала әделеттен таймауға бұйырды, өйткені әделетке жер мен көктер сүйеніп тұр, және әділетке адамдарды оларға жіберілген елшілер мен көктен түскен Кітаптар шақырып отырды.

Аллаһ Тағала айтты:

«Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине, түсінерсіңдер». (ән-Нәхл сүресі, 90-аят)

Аллаһ Тағала, сондай-ақ, былай деді: «Расында, елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен18 жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік». (әл-Хадид сүресі, 25-аят)

Сондай-ақ, әділеттілігі мінсіз кемел Аллаһ ешкімге өзгенің күнәсін жүктеу болмайтындығы туралы үкім етті: «Ешкім басқаның (күнәсының) жүгін көтермейді». (ән-Нәжм сүресі, 38-аят)

2. Аллаһ, Оған мадақтар болсын, зұлымдықты Өзіне Өзі харам етті және оны құлдарының өзара қатынасында да харам деп жариялады. Бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде Аллаһтың былай дегені жеткізілген: «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір жасамаңдар!» Муслимнің «Сахихы», №6572 хадис.

Бұл Оның барлық құлдарына қатысты айтылған, мейлі олар мұсылман болсын яки болмасын, сондықтан да олардың ешбіріне басқа біріне қатысты зұлымдық жасауға рұқсат етілмейді және де ешкім бұған, дұшпандықтың немесе өшпенділіктің әсерімен болса да, жол бермеуі керек.

Аллаһ Тағала былай деді:



«Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ....» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят)

Сөйтіп, дұшпандық немесе өшпенділік сезімдері зорлық пен зұлымдыққа заңды негіз бола алмайды.

Жоғарыда баяндалғандарды ескеріп, барлық елдер мен халықтар, олар Исламды ұстанатынына немесе ұстанбайтынына қарамастан, мыналарды білуге тиіс:


  1. АҚШ-та орын алған, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да: ұшақтарды басып алып қашу, бейбіт тұрғындарға үрей салу немесе жазықсыз адамдарды өлтіру сияқты іс-әрекеттер зұлымдық пен езгінің бір түрі болып табылады. Мұндай әрекеттерді шариғат құптамақ түгілі, оларға тыйым салады және ең ауыр күнәлар қатарына жатқызады.

2. Өз дінінің қағидаттарымен таныс болған және де іс жүзінде Құран мен өзінің пайғамбарының Сүннетінің нұсқауларын ұстанатын мұсылман мұндай әрекеттерге қатысудан қашады, өйткені олар адамға Аллаһтың қаһарын төктіреді және зиян келтіреді.

3. Мұсылман үмметінің ғалымдары мұндай оқиғалардың шынайы мәнін көрсетуге міндетті, бүкіл әлемге шариғаттың ұстанымын және Ислам діні мұндай әрекеттерді еш құптамайтынын түсіндіруі керек.

4. Бүлік тарату, Исламды және мұсылмандарды қаралау және адамдардың жүрегінде дұшпандық сезімдерді лаулату мақсатымен мұсылмандарға қарсы айып тағып, бұл ақиқат дінді қаралап, Исламға қатысты болмаған нәрсені оған таңаған ақпарат құралдарының артында тұрғандар ақылға тоқтап, өз дінінің ереже-қағидаттарымен таныс болған кез-келген әділетті және ақылды адам туралы былай айтуға жол берілмейтіндігін, сол сияқты оған қарсы мұндай айып тағуға болмайтындығын түсінуге тиісті. Өйткені, Исламды ұстанатын халықтар, ғасырлар бойы үнемі адамдардың құқықтарын құрметтейтін еді және зұлымдық пен зорлық көрсетуден сақтанатын еді.

Айтылғандардың барлығы ақиқатты түсіндіреді және түсінбеушіліктерді жояды. Аллаһтан бізге ақыл-парасат беруін, бізді бейбітшілік жолдарымен жүргізуін, Өзінің дінін нығайтуын және Өзінің Сөзін ұлықтауын тілеймін. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.



Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ бин Мұхаммед Әл әш-Шейх,

Сауд Арабиясы Корольдігінің Бас мүфтиі,

Ең ірі ғалымдар Комитетінің және

Ғылыми зерттеулер мен пәтуа бойынша

Басқарманың басшысы
шейх Салих бин Мұхаммед әл-Люхайданның сөзі,

Аллаһ оған есендік берсін19
Құрметті телекөрермендер, сіздерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын.

Не орын алса да - Аллаһқа мадақ, Оның рахметімен игілік жасалып жатқан Аллаһқа мадақ, бүкіл нәрсенің тағдырын белгілеп және бекітіп қойған Аллаһқа мадақ!

Адамдар орын алған жайтқа қатысты пікірлердің ұштаспауына не әкеп соққаны туралы, және АҚШ-тың басына келген опат туралы бізге және бір-біріне сұрақтар қойып, осындай оқиғалар шариғат тұрғысынан қандай бағаланатынын білгісі келеді.

Ислам шариғаты кез келген уақиғаларға қолданыла алатын, құрамында кез-келген проблемалардың шешімі бар, және кез-келген апаттармен, соның ішінде жақын күндерде орын алғандар да бар, олардың көлемі туралы үкім шығаруға мүмкіндік беретін, бүкіл нәрсені қамтитын діни заң екендігіне күмән жоқ. Көбіне адамдар: «Шариғаттың осындай оқиғаларға қатынасы қандай?», «Шариғат осыны рұқсат етеді ма?», «Мұсылман ғалымдары осындай іс-әрекеттерді құптайды ма?» - деген сұрақтарды жиі қояды.

Исламның мұндай оқиғаларға қатынасы қандай екендігі туралы не айту керек? Мұсылман ғалымдары барлық орын алып жатқан жағдайлар туралы айтуы керек және мұсылмандар мен мұсылман еместердің басына түсіп жатқан сәтсіздіктерге шариғаттың қатынасын түсіндіруі керек.

Барлық нәрсе Аллаһтың тағдыры мен үкімі бойынша орын алып жатқанына және шариғат кез-келген оқиғаларға қолдануға жарамды екеніне еш күмән жоқ. Аллаһ – даналардың Ең Данасы, рахымдылардың Ең Рахымдысы, және Ол Әділетті Би болып табылады. Ол әділетсіздікті (зұлымдықты) өз өзіне харам етті және оны Өз құлдарының арасындағы қарым-қатынаста да харам етті, бұл жөнінде құдси хадистердің бірінде Аллаһ былай деп айтады: «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір көрсетпеңдер!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Жазықсыз адам зорлыққа ұшырап жатса және ешбір қылмыс жасамаған адам өлтіріліп жатса – бұл зұлымдықтың көрінісі болып табылады.Тек адамдарға ғана емес, жындарға да рахымшылдықтың, мейірімділіктің және жанашырлықтың пайғамбары етіп жіберілген Мұхаммед пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын; адамдарға барлық қажетті нұсқауларды түгел етіп берді. Ол әскери жорықтарға және соғыс әрекеттеріне қатысты, ал қолды жорыққа дайындау кезінде сарбаздарға: «Сендер баланы да, әйелді де, әлсіз қартты да, өзінің кельясында ғибадат етушіні де20 өлтірмеуге міндеттісіңдер», - деп бұйыратын. Муслим «Сахих», №4522 хадис.

Бұл дегеніміз: Ислам өзі де өлтірумен айналысып жатқан, соғысып жатқан және мұсылмандарға шабуыл жасап жатқандарды ғана өлтіруге рұқсат береді.

Осы орайда, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауыру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар - аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Онымен соғыспау керек еді», - деген. Абу Дауд «Сунан», №2669 хадис. Ал бұл – оны (әйелді) өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігін көрсетеді.

Мен теледидардан бұл ғимараттарға қалайша соққы берілгенін және олардың қирауының дәл қарсаңында адамдарды Қиямет күні басталғандай қорқыныш баулығанын көрдім, бұл сасқандарынан қай жаққа қашуын білмей жан-жаққа ұрынғандардың жүздерінен көрінді.

Міне сондықтан, осыны жасаған адамдар және осындай қылмыстарды жасаушылардың барлығы да Ислам тұрғысынан өте қауіпті қылмыскерлер болып табылады және олар ең жаман амалдар жасап жатыр. Ал кімде-кім: «Шариғаттың, Құран мен Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінің мақсатын білетін бірде-бір мұсылман діндары осындай әрекеттерді кұптайды», - десе, ол олар туралы жаман ойда болған болып табылады.

Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау - харам және жиіркенішті болып табылады. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, және мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!

Орын алған оқиғанының негіздемесін жасау үшін не ойланып табылса да, бұндай негіздемелер орынсыз болып табылады, ал мұндай әрекеттер, оларды Ислам критерийлерінің негізінде бағаласақ, ақтала алмайды. Мұсылмандарға Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

«...және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ....» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят)

Әділетке жер мен көктер сүйеніп тұр, ал жаппай жазалауға келер болсақ, бұл әділеттікпен еш ұштаспайды және ол - әділетсіздіктің көрінісі, сондай-ақ зорлық-зомбырлық пен жиіркенішті амал болып жазылады. Өйткені, бір ғана жазықсыз адамды өлтірудің өзі - ұлы қылмыс болып табылады, ал енді арасында сәбилер мен жас балалар және Қиямет күні келген сияқты қорыққанынан түсік тастаған болуы мүмкін жүкті әйелдер бар көптеген адамдарды өлтіру қаншалықты ауыр болмақ!

Мұсылманның ақыл-санасы бұл қылмыстың жасалу салдарынан адамдар куә болған жан түршігерлік көріністерді мақұлдай алмайды, сондай-ақ оны жасаған адамдардың ақталуы да қабылданбайды, тіпті олар мұсылман ортасында және мұсылман елінде өскен болса да; ал маңызды болып табылатындар бұл - ғалымдар айтып жатқан сөздер және шариғат мұндай әрекеттерді қауіпті қылмыстардың санатына жатқызатындығы.

Ұшақтарды алғашқы алып қашулар туралы хабарлар Сауд Арабиясы Корольдігінде мәлім болғанда, ол ұшақтардың арасында сол кезде бірде-бір сауд ұшағы жоқ болатын, және бұл елдің ғалымдары мұндай әрекеттерге, ұшақтағы жолаушылар мұсылман немесе мұсылман емес болуына қарамастан, тыйым салынғандығы туралы шешім шығарған еді. Ғалымдар мұндай зұлымдық - харам, ал негізсіз зорлық-зомбырлық және адамдарға үрей салуға оқшалану - ең ұлы жамандықтардың қатарына жатады және бұзақылықтың (пасықтықтың) көрінісі болып саналады деп тапты.

Ислам мемлекеті болып табылатын және шариғат нұсқауларына ілесетін Сауд Арабиясы Корольдігінің мұндай әрекеттерге және оларды жасаушыларға өз тарапынан айыптауларын жариялағаны таңданарлық жәйт емес, өйткені бұл мемлекет не бастаса да, оның бұл жолдағы қадамдары Исламға қайшы келмеуі керек.

Бұл дегеніміз, мұндай әреккетерді айыптай отырып, мемлекет діннің қағидаларын басшылыққа алады және Ислам ұстанымы атынан сойлейді, өйткені оның аймағында екі мұсылмандық қасиетті орындар бар және бұл жерден Исламның жолдауы жан жаққа тарала бастады, сондықтан-да оның мұндай жексұрындықты кұптамайтындығына, оны жасаушылардың қылмыстарына сөгіс жасайтынына және қылмыскерлерге пана беріп оларды жасыратындардың және олардың әрекеттерін құптайтындардың әрбірін айыптайтынына таңданудың қажеті жоқ. Исламды ұстанатын, шариғаттың мақсаттарынан хабары бар және шариғаттың Аллаһтың құлдарына қаншалықты мейірімді және аяушы екендігін білетін мұндай әрекеттерді өте жеккөрінішті және адамдарға ең көп зиян әкелетін амалдар деп санайды.

Мен теледидарға шығуымнан алдын маған көптеген сұрақтар қойылды. Олардың көптігін және адамдардың Сауд Арабиясы Корольдігі әділет органдарының ұстанымын түсіну үшін сот мекемесі басшысының сөздерін естуді қалауын ескерген түрде, мен шығып сөйлеуді және мыналарды айтуды жөн көрдім: мұндай әрекеттер сөгіске лайықты, алайда Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты, - деген сөзін ұмытпау керек. ат-Тирмизи «Сунан», №2159 хадис; Ибн Мәжәһ «Сунан», №3659 хадис.

Бұл дегеніміз: егер біреу қылмыс жасаса немесе белгілі қағидаттармен ережелерді бұзса, ол үшін жауапкершілікті оның өзі ғана көтереді және оны өзгелерге жүктемеу керек. Осы камера алдына шығып сөйлеуден бірнеше сәт бұрын мен бір газеттің сұрақтарына жауап беріп, бұл жан түршігерлік акцияның ақтауы жоқ екендігін және ол тек өшпенділіктің көрініс беруіне және мұндай әрекеттерді кұптамаған да, мақтамаған да мұсылмандарға қарсы бағытталған өш алу актілеріне әкеп соғатынын түсіндірген болатынмын. Алайда әділеттілік пен ақыл әркім тек өзінің күнәсі үшін жауап беруін және жеке біреулерден де, адамдардың топтарынан да өзге біреулердің күнәлары үшін есеп талап етілмеуін талап етеді. Бұл жөнінде пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты, - деп айтқанындай. Ал Құранда былай деп айтылған: «Ешкім басқаның (күнәсының) жүгін көтермейді». (Нәжм сүресі, 38-аят)

Бұл дегеніміз: жазықсыз адамға жамандық жасаған адамның күнәсінің айыбын жүктемеу керек, ал өзгелерге зиян тигізбейтін біреуді қылмыскердің жасаған қылмысы үшін жазаламау керек.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында америка халқына қатысты сұрақтар және американдықтар енді сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға немесе ол елге баратын араптарға немесе өзге ұлт өкілдеріне белгілі бір теріс ұстаныммен қарайтын болады деген мәселелер көтерілген болатын. Адамдарды «Осы ақылға қонымды ма?» - деген сұрақтар қызықтырады.

Мен алдын да айтушы едім, қазір де мынаны қайталаймын: өздерін демократияның көрнекті қорғаушылары және әділеттің жақтаушылары деп атайтын американдықтардан олар өз азаматтарына және еліне келуші араптарға, немесе өзге мұсылмандарға, немесе мұсылман емес араптарға мұндай қарым-қатынас жасайтынын күту - екі талай. Табандылығымен, ақыл-пайымымен және көптеген басқа да жақсы сипаттарымен ерекшеленетін американдықтар еш жамандық жасамаған адамдарға залымдар ретінде қарайды деу мүмкін емес, өйткені қылмыскер мен жазықсыз тең емес, ал бейбіт адамға зорлық акцияларын жасап жатқан адамның айыбын тағуға болмайды.

Мен тағы да бір рет қайталаймын: Ислам мұндай әрекеттерді мүлдем орынсыз деп санайды. Алдын мен соғыс кезінде әскери қимылдың қатысушылары әдетте бейбіт тұрғындарға тиетін зиян туралы да, олардың опат болуы туралы да ойланбайтыны туралы айтқан болатынмын. Алайда Ислам, балаларды, соғысқа қатыспайтын әйелдерді, қарт кісілерді және өз кельяларында ғибадат істерімен айналысатын монахтарды өлтіруге тыйым салған сияқты, соғыс қимылдарында қатыспайтындарды да өлтіруге тыйым салады. Осындай көзқарастарды ұстанған, елшісі түрлі халықтарға және жеке адамдарға жіберілген діннің ұстанушылары мұндай аса зымиян залым амалдарды құптай алмайды. Бұл әрекеттер өте үлкен және алдын орын алмаған қауіп болып табылады, ал оларға қатысу немесе болысу барлық жағдайда қылмысқа теңестірілуі керек. Бұдан тыс, мұндай әрекеттерді болдырмауға қажетті мамандарға белгілі болған барлық шараларды қолдану керек.

Шариғат өз құрамында дененің ғана емес, әлеуметтік науқастардың да алдын алу құралдарына ие екендігіне, және ауырудың алдын алу емдеуден жақсы екендігіне еш күмән жоқ, өйткені қауіп-қатерді болдырмау шариғаттың мақсаттарына және ақыл санасы дұрыс адамдардың талабына жатады.

Сөзді көбейтпей-ақ, мұсылман үмметінің атынан оның ғалымдары мен саясы басшылығы мұндай әрекеттерді кұптай алмайтынын ерекше қадап айтамын. Сондай-ақ, мен америка қоғамы да, жалпы батыс қоғамы да азаматтары оның қалауынсын қылмыс жасап жатқан мемлекетке келіспеушік талаптарын қоя алмайды және мұндай мемлекетке қарсы, мұндай әрекеттер жасауға ешбір рұқсат алмай және мемлекетін хабардар етпей осындай әрекет жасаушылардың амалдары үшін, дұшпандық қадамдар жасай алмайды деп нық сенемін, өйткені осы жиіркенішті қылмысты жасаушылардың біреуі де өз ниеттері туралы өз мемлекетінің ресми өкілдерін хабардар етті деп ойламаймын. Ресми тұлғалар кез-келген жерде өз отандастары туралы дұрыс және біржақты ғана болмаған пікірде болуы керек, әсіресе ол елдерде тұрақты немесе уақытша тұратын көптеген мұсылмандар оларға қарсы айыптаулар тағылған елдерден шыққандығын ескерген түрде. Ал Исламға қатысты айтар болсақ, ол мұсылмандарды түсі немесе тілі бойынша алаламайды.

Тағы да бір рет қайталаймын, АҚШ зардап тартқан іс-әрекеттер жабайы хайуандардың іс-әрекеттерінен де, біз әдетте көріп үйренген террористер мен қылмыскерлердің іс-әрекетінен де жан түршігерліктеу сипатта. Орын алғанның барлығы ерекше қауіпті және жиіркенішті болып табылады.

Аллаһ Тағаладан бізді бұл дүниеде кез-келген жамандықтан сақтауын, әрбір адасқанға тура жол сілтеуін, ақиқатқа және оны жақтаушыларға көмектесуін, жалғанды және оны жақтаушыларды көмексіз қалдыруын, біздің барлық істеріміз Оған ұнамды болуын және бізге рахымын төгуін тілейміз, өйткені Аллаһ рахымына бөлемегендерге ешкім көмектесе алмайды.

Аллаһтың елшісіне, оның бауырлары болған өзге пайғамбарлар мен елшілерге және шынайы ықыласпен ақиқатты ұстанатындарға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа мадақ, Ұлы да Мәртебелі Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.
Шейх Салих бин Фаузана әл-Фаузанның, Аллаһ оған есендік берсін, жауаптары
Сұрақ: «Аллаһ Сізді рахымына бөлесін. Мұсылман емес мемлекеттерде адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер қажеттілік болып табылады ма, және осыны джихад деп атауға болады ма?21»

Жауап: «Адам өлтіру мен жарылыстар - тыйым салынған болып табылады, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасірет шақырады және олардың өлтірілуіне, сондай-ақ қудалануына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы джихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс. Бұл істе Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Мәдинаға көшуге дейін Меккеде кәпірлердің арасында болған кезде мына аяттар түсті:



«Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» - делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Нисә сүресі, 77-аят)

Сөйтіп оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреу болса да өлтірілсе, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер, мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына ешбір қатысы жоқ және де ол Аллаһ жолындағы джихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады».

Сұрақ: «Аллаһтың елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кездерінде осы сияқты әрекеттер жасады ма?»

Жоқ: «Ешқашан, өйткені оларға бұл тыйым салынған еді».

Сұрақ: «Ол Меккеде өмір сүрген кезінде кәпірлердің мал-мүлкін жойды ма?»

Жауап: «Ешқашан, өйткені бұған тыйым салынған еді, ал оған тек Исламға шақырумен айналысу және адамдарға Аллаһтың жолдауын жеткізу бұйырылған еді».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет