Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары


«Сондықтан шамаларың келгенше Аллаһтан қорқындар...»



бет4/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Сондықтан шамаларың келгенше Аллаһтан қорқындар...» (әт-Тәғабун сүресі, 16-аят)

Ал адам өлтіру немесе қақтығыстар арқылы көрініс беретін қайтаруға келер болсақ, бұл, күмәнсіз, жағдайды тек одан сайын күрлендіреді және одан да көбірек зиян тигізеді, бұл жөнінде осы мәселені зерттеген әрбір адам хабардар».

Сұрақ: «Біздің салиқалы алдыңғы буынымыздың өкілдері көпшілік алдына шығып әмірлерге сын білдірген ба, және олар әмірлерге игі насихатты қалай берген?»

Жауап: «Әдетте олар әмірлердің кемшіліктері туралы көпшіліктің алдында сөйлемеген және мінберлерге39 шығып мұндай нәрселер туралы жарияламаған, өйткені бұл анархияға, шариғат мақұлдайтын нәрселерде де әмірлерге бағынбауға, және тек қана зиян әкеліп, еш пайда бермейтін нәрселерге әкеп соқтыруы мүмкін. Әдетте біздің салиқалы алдынғы буын өкілдері әмірге игі насихатты онымен оңаша қалғанда беретін, оларға жолдаулар жазатын немесе әмірмен байланыста болған ғалымдармен байланысты үзбей ұстап отыратын. Олар қайтарылған нәрселерге сөгіс білдіру үшін, зина жасайтын, арақ-шарап ішетін немесе өсімқорлықпен айналысатын адамның атын атамаған, ол әмір болса да, немесе биліктің қол астындағы болса да, ал бұл (өз кезегінде) қайтарылған нәрсені айыптауға және осындай (күнәларды) жасаудан кез-келген адамды тыйуға мүмкіндік беретін.

Усманның, Аллаһ оған разы болсын40, билік жүргізуінің тұсында бүлік басталған кезде бір кісі Усама бин Зәйдке41: «Сен Усманмен сөйлесіп көрмейсің ба?» - деді, ал ол оған: «Мен онымен сендердің көздерінше сөйлеседі деп ойлайсыңдар ма, бірақ мен онымен тек оңаша сөйлесемін, өйткені мен осылай (сендер айтқандай) істейтіндердің алғашқысы болғым келмейді42», - деп жауап берді.

Усманның, Аллаһ оған разы болсын, басқару тұсында адамдар жамандық істей бастаған соң және әмірлерге көпшіліктің алдында сөгіс айта бастағаннан кейін бүліктер мен ұрыстар басталып кетті, олардың салдарын адамдар бүгіңгі күнге дейін сезінуде. Бұл - Усманның43 өлтірілуіне, Али мен Мұғауяның арасында араздыққа және көптеген сахабалар мен басқа да адамдардың өліміне әкелді. Ал осының барлығына себеп болған – көпшілік алдында әмірді айыптау және оның кемшіліктерін атау болды, бұл - адамдарда оған деген өшпенділікті туғызды және оларды оны өлтіруге ынталандырды, ал біз Аллаһтан есендік тілейміз».


шейх Мұхаммед бин Салих әл-Усайминнің,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, жауаптары
Адамдардың әмірлерге деген қатынасы туралы шейх былай деді:

«Кездескен сайын әмірлер туралы әңгіме қозғау, олардың жақсы қасиеттері мен жетістіктерін айтпастан, намысын қорлау және олардың кемшіліктері мен қателіктері туралы мәліметтерді жаю кейбір адамдар үшін әдетке айналды. Мұндай әрекеттер, әрине, жағдайды қиындатады, ешқандай проблемаларды шешпейді және әділетсіздіктің жойылуына ыкпал етпейді және жаңа қасіреттерге әкеп соқтырады, әмірлерге деген өшпендікті туындатады және адамдарды олар орындауға тиісті бұйрықтарды орындамауға итермелейді. Әмірлер де, басқа да барлық адамдар секілді, жаман амалдар жасауы және қателесуі мүмкін екендігіне біз күмән келтірмейміз, өйткені әрбір адам қателеседі, ал қателікке жол бергендердің ең абзалы – тәубе етушілер. Біз, сондай-ақ, қателікке бой берген кез-келген адамның әрекеті туралы бізге үнсіз қалуға болмайтындығына да күмән келтірмейміз, өйткені біз барынша Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың әмірлеріне және қарапайым мұсылмандарға қатысты ықылас танытуымыз керек, бұл біздің міндеттеріміздің шеңберіне кіреді.

Сөйтіп, біз билік өкілдерінің бір қателік жібергенін көрсек, біздің міндетіміз олармен жеке сөйлесіп немесе хат жазып игі насихат беру болып табылады. Дәл осы - билік өкілдеріне ең алдымен ақиқатты жеткізіп, олардың қателіктері неде екенін көрсетудің, ал содан соң оларға насихат беріп, олар өз қол астындағыларына жақсы қарым-қатынас жасауы, олардың мүдделері жөнінде қамқорлық көрсетулері және оларды жәбір көруден қорғауы қажеттігін ескертудің ең қысқа жолы болып табылады.

Және біз олардың естеріне сахих хадистердің бірінде баяндалған Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін саламыз:



«О Аллаһ, менің үмметімнің (мүшелерінің) үстінен қандай да бір билік алып, оларға қатаң болғанға қатаң бол...» Муслим «Сахих», №1828 хадис.

Сондай-ақ ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ қамқорлығына (біреуді) тапсырған және ол өз қарамғындағыларын алдауды қоймай өлген кез-келген құлына міндетті түрде жәннәтты харам етеді», - деп айтты. Муслим «Сахих», №142 хадис. Және егерде биліктің өкілі Құран мен Сүннеттің насихаттарына иланса, міне осы - қалаулы нәтиже болады, кері жағдайда біз жоғарырақ мәртебеге ие болған біреуге, ол шара қолданып жағдайды түзетуі үшін, жүгінуіміз керек болады. Ал егер біз шешім қабылдау ісі тәуелді болған барлық тұлғаларға жүгініп болған болсақ және олардан жоғары тұрған ешкім қалмаған болса, онда біз өзіміздің парызымызды өтеген боламыз, ал осыдан кейін бізге тек әлемдердің Раббысына жалбарыну ғана қалады. Біз одан мұсылмандар мен олардың әмірлерінің істерін тәртіпке келтіруін сұраймыз».

Шейх Мұхаммед бин Салих әл-Усаймин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ былай деді: «Биліктің қол астындағылары әмірлердің бұйырғандарын орындап, оларға бағынуға және олар тыйым салған нәрседен, егер бұл шариғатқа қайшы келмесе, тыйылуға міндетті, кері жағдайда оларға мұндай істерде бағынбау керек, өйткені жаратылған біреуге Жаратушыға мойынсынбаушылық жасап бағынуға болмайды».

Шейх Мұхаммед бин Салих әл-Усаймин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ: «Аллаһ ұстануды бұйырған әмірлерге бағыну - сондай-ақ иман келтірген (адамның) үкімет бекітітіп қойған тәртіптерді сақтауын да қамтиды, (әрине) егер олар шариғатқа қайшы келмесе. Осылай істеген адам Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсынғанын танытады және бұл үшін сауап алады, ал кім бұған қайшы амал жасаса, Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсынбайды және күнә жасайды.

Ал әмірлердің өз қол астындағыларына қатысты міндеттері жайлы айтар болсақ, Онда оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Билік жүргізудің мақсаты - көбірек билікке және жоғары мәртебеге қол жеткізу емес. Бұл мақсат - тек Аллаһтың дініне көмектесумен және адамдардың дін және дүние істерін ретке келтірумен байланысты жауапкершілікті орындай алу болу керек.
Шейх Салих бин Фаузана әл-Фаузанның, Аллаһ оған есендік берсін, жауаптары
Сұрақ: «Құрметті шейх, өкінішке орай, әмірлерге қарсы шығуға шариғатта ешқандай нұсқау болмаған жағдайларда да оларға қарсы шығуды ақтап жүрген адамдар бар. Мұсылман және мұсылман емес әмірлермен болған қатынаста біз нені ұстануымыз керек?»

Жауап: «Егер мұсылман әмірі туралы айтар болсақ, онда бізден оған бағыну талап етіледі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:



«Әй мүминдер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да, нәтиже де - жақсы». (ән-Ниса сүресі, 59-аят)

Ал Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келер болсақ, ол былай деді:



«Мынау менің сендерге берген өсиетім: Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар және сендерге (эфиопиялық) құл әмірлік етсе де - тыңдаңдар және мойынсыныңдар. Ақиқатында, (сендерден) кім (менен кейін) өмір сүрсе, көптеген араздықтардың күәгері болады, сондықтан сендер менің Сүннетімді және менен кейін дұрыс жолмен ілесіп жүретін салиқалы халифалардың Сүннетін (мығым) ұстануларың керек...» Абу Дауд «Сунан», №4607 хадис; әт-Тирмизи «Сунән», №2676 хадис.

Бұл хадистің мағынасы жоғарыда келтірілген аяттың мағынасына толық сәйкес келеді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ: «Кім әмірге бағынса - маған бағынған болады, ал кім әмірге мойынсынбаса - маған мойынсынбаған болады», - деп айтқан. әл-Бухари «Сахих», хадис № 2957, Муслим «Сахих», хадис № 1835.

Мұсылмандарды әмірлерге бағынуға үндейтін басқа да хадистер мәлім.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «... тіпті ол сені арқаңнан ұрса да, және мал-мүлкінді тартып алса да, тыңда және мойынсын!» - дегені жеткізіледі. Муслим «Сахих», хадис №1847.

Сонымен, әмірдің бұйырғандары Аллаһтың бұйырғандарына қайшы келмесе, әмірге бағыну керек, егер де ол қандай да бір күнәлі іске бұйырса, оған күнәлі нәрседе бағынбау керек, ал басқа барлық нәрседе оған бағыну қажет.

Ал мұсылман емес әмірмен қарым-қатынасқа келер болсақ, онда мұсылмандар жәбірлеушілер және кәпірлерлермен қақтығысқа бармауы керек, өйткені бұл оларға зиян тигізуі және олардың жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын өзінің пайғамбарлық миссиясын орындай бастағаннан кейін он үш жыл бойы Меккеде өмір сүрді, ал ондағы билік кәпірлердің қолында еді, алайда исламды қабылдаған оның сахабалары кәпірлермен күреспеді, өйткені бұл оларға тыйым салынған еді, ал күресу туралы әмір оларға Мединаға қоныс тепкеннен соң және мұсылман мемлекеті құрылғаннан кейін ғана түсті».

Сұрақ: «Құрметті шейх, белгілі болғандай, дін дегеніміз - ықылас таныту (насиха)44, және ол исламның негізі болып табылады. Алайда әмірлерге келгенде, біз оларға қатысты ықылас танытуымыз белгілі қиындықтарға тіреледі. Ол (ықылас, насиха) қалай танытылуы керектігін, және өзгерістерге күшпен қол жеткізуге талпыныс жасалғанда туындайтын ең түйінді қиындықтар қандай болатындығын түсіндіре аласыз ба?»

Жауап: «Абу Рукәйә Тамим бин Аус ад-Даридің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Бірде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықылас таныту», - деді. Біз одан: «Кімге қатысты ықылас таныту?» - деп сұрадық. Ол: «Аллаһқа45 оның Кітабына46, және оның Елшісіне47, және мұсылмандардың басшыларына48, және жалпы барлық мұсылмандарға49», - деп жауап берді. Муслим «Сахих», № 55 хадис.

Мұсылман әмірлеріне қатысты ықылас оларға шариғат мақұлдайтын нәрселерде бағынуда, олар үшін Аллаһтан дұға-тілек тілеуде және оларға дұрыс жол мен олар жіберіп қоюы мүмкін болған қателіктерді, әмірлер оларға тап болмауы үшін, түсіндіруде танылады. Сонымен қоса әмірлерге ықылас таныныту оларға құпия түрде игі насихат беруді, сондай-ақ оған бағынатын шенеуніктердің өздеріне тапсырылған істерді адал орындауды да қамтиды. Сондай-ақ, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден кім (шариғатта) айыпты деп саналатын нәрсені50 көрсе, оны қолымен өзгертсін51, егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен52 (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда - жүрегімен53, және бұл - иманның ең әлсіз (көрінісі) болады». Муслим «Сахих», № 49 хадис.

Осыған сәйкес, мұсылмандар үш топқа бөлінеді:



  1. Білімге және билікке ие адам айыпталатын істі өз қолымен тоқтата алады. Мұндай адамдардың қатарына, адамдарды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын мұсылман мемлекетінің билігі тағайындаған әмірлер және мемлекеттік қызметкерлер жатады. Мұндай адамдар дана және шариғат заңдастырған әдістермен айыпты істерді өзгерте алады.

  2. Білімге ие, бірақ билікке ие емес адам. Ол айыпталатын істі сөзбен, яғни адамдарға шариғаттың харам мен халәлға, құпталатын мен айыпталатынға қатысты үкімдерін түсіндіру, оларға дұрыс жолды көрсету, оларға насихат айту уағыздау арқылы, өзгерте алады.

  3. Білімге де, билікке де ие емес, бірақ мұсылман болып табылатын адам айыпты болып саналатын істі жүрегімен айыптап, осындай істерді істеп жатқан адамдардан, олар оған өз ықпалын тигізбеуі үшін, өзін аулақ ұстауы керек.

Сұрақ: «Игі насихатты қалайша дұрыс беру керек, әсіресе іс әмірлерге қатысты жағдайларда? Олардың дұрыс емес амалдары жайлы көпшіліктің алдында айтуға болады ма, әлде оларға насихатты құпия түрде беру керек пе? Бұндай жағдайларда біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдері қалай істегенін түсіндіріп берсеңіз».

Жауап: «Күнә істеуден тек Аллаһтың Елшісі ғана, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, қорғалған еді, ал әмірлер, басқа да барлық адамдар сияқты, қателесетін қарапайым адамдар болып табылады. Алайда, әмірлер әділетсіздік танытып жатса да, адамдарды жәбірлеп, күнә жасап жатса да, олар айқын күпірлікке түспейінше, біз олардың қателіктерін, осы қателіктер туралы көпшіліктің алдында сөйлеу үшін және оларға бағынудан бас тарту үшін, сылтау қылмауымыз керек, өйткені бізге осылай істеуді Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұйырды. Бұл дегеніміз, олар тіпті күнә жасап, әділетсіздік көрсетіп жатса да, біз мұсылман елдерінің бірлігі мен қорғауын сақтап қалу үшін, оларға бағынуымызды жалғастыра беруіміз керек, өйткені әмірлерге мойынсынбау және оларға қарсы күрес жүргізу олар істеп жатқан айыпты болып саналатын нәрселерден де көбірек зиян әкеледі, әңгіме тек қана күпірлік пен көпқұдайшылдық төңірегінде болмаса ғана.

Біз әмірлердің қателіктері туралы мүлдем үнсіз болу керек деп айтып жатқан жоқпыз, жоқ, оларды түзету керек, бірақ мұны дұрыс істеу керек, нақтырақ айтқанда – оларға құпия түрде ауызша немесе жазбаша кеңес беріп.

Бұл істе Интернет сияқты құралды қолдануға да болмайды, өйткені бұл мінберлерден айтылған сөздерден де ықпалдырақ болады, өйткені айтылған сөздер ұмытылады, ал жазылған нәрсе қол ма қол жүре береді, ал мұнымен келісуге болмайды.

Бірде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықылас таныту», деп үш рет қайталағаны жеткізеді. Сонда сахабалар: «Кімге қатысты?» - деп сұрады. Ол: «Аллаһқа оның Кітабына, және оның Елшісіне, және мұсылмандардың басшыларына, және жалпы барлық мұсылмандарға», - деп жауап берді. Басқа бір хадисте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, Аллаһ сендерге үш (нәрсені) қалайды: сендер Оған ғана құлшылық етулеріңді және ешкімді оған серік қоспауларыңды; Сендер Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңді және Аллаһ өздеріңнен үстем етіп қойғандарға игі насихат берулеріңді». имам Малик «Әл-Мууатта», № 1864 хадис; имам Ахмад «Муснад», № 8134 хадис.

Ең дұрысы – әмірлерге насихатты өздерінің ой-парасаттылығымен танылған дін ғалымдары және ықпалды адамдар берсе, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді». (ән-Ниса сүресі, 83-аят).

Мұндай міндетті орындауға кез-келген адам жарай бермейді, ал көпшіліктің алдында әмірлердің қателіктерін талқылау игі насихатпен де, біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдерінің істеген амалдарымен де ешбір ортақтығы жоқ, тіпті осындай әдістерге жүгінетін адам, өзінің пайымы бойынша, игі ниетті басшылыққа алғандығымен ақталса да. Алайда, іс жүзінде, оның істеп жатқаны ол айыптап жатқан нәрседен де жаман, өйткені айыпталатын нәрсені айыптаудың өзі де, егер ол Аллаһ Тағала және Оның: «Сендерден кім (шариғатта) айыпты деп саналатын нәрсені көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда - жүрегімен, және бұл - иманның ең әлсіз (көрінісі) болады», - деп айтқан Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, заңдастырған жол-тәсілмен орындалмаса, айыпталуы мүмкін.

Сөйтіп, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, адамдарды үш топқа бөлді. Бірінші топқа, айыпталатын нәрсені өз қолымен түзете алатын адамдар жатады. Олар – әмірлер, немесе осы нәрсе оларға мемлекеттің атынан жүктелген адамдар. Екінші топқа айыпталатын нәрсені сөзбен түзете алатындар жатады, басқаша айтқанда, билікке ие мес, бірақ білім мен шешендік қабілет берілгендер. Үшінші топқа айыпталатын нәрсені жүрекпен тәрк етушілер, яғни билікке де, білімге де, шешендікке де ие емес адамдар жатады».

Сұрақ: «Сіз осы елде өмір сүріп жатып, өздерінің жиындарында билік өкілдерін жамандайтын жастар туралы не айтасыз?»

Жауап: «Мұндай әңгімелер еш негізсіз екендігі белгілі, ал оларды айтушы адамдар не жамандыққа ұмтылады, не бізді пайдаланып жүрген игіліктерімізден айырғысы келіп, өзгелерді адастырып жүргендердің ықпалында жүр.

Аллаһқа мадақ, біз өзіміз ілескен жолымызға сенімді болғанымыз секілді, өз әмірлерімізге де сенімдіміз. Бұл – «Біз толық кемелдендік және бізде ешқандай кемшілік жоқ» - деген сөз емес. Кемшіліктер бар, бірақ біз оларды, Аллаһ қаласа, дұрыс әдістермен түзетеміз.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзі тірісінде ұрлық жасайтын, зина жасайтын немесе шарап ішетін адамдар болды, ал Пайғамбар оларға қатысты шариғат бекіткен жазаларды қолданды. Бізде, Аллаһқа шүкір, осындай жазалар оларға лайық адамдарға қолданылады және ол тергеу барысында дәлелденген болғанда ғана. Бұдан тыс бізде адам өлтіруге тура сондаймен жаза беру қолданылады, ал бұл, Аллаһқа шүкір, игілік болып табылады, ал кемшіліктер болса да, олар болуға тиісті, өйткені бұл - адам табиғатына тән.

Аллаһ Тағаладан Ол Өзінің рахметімен біздің істерімізді жөнге келтіруін, бізге өз нәпсімізбен күресуге көмектесуін, тура жол нұсқауын және кемшіліктеріміздің түзетілуіне ықпал етуін жалбарынып тілейміз.

Әмірлердің қателіктері мен жаңсақтықтарын олардың мәртебесін түсіру немесе қоластындағылардың оларға деген өшпенділігін ояту үшін пайдалану Сүннетпен пен келісімнің жақтаушысы болған біздің салиқалы ата-бабаларымыздың әдістерімен еш ортақтығы жоқ. Сүннет пен келісімнің жақтаушылары адамдарды әмірлерге бағынуға, оларды жақсы көруге және бірлікті сақтап тұруға талпындырады, ал бұл - қажетті болып табылады.

Әмірлерді балағаттауға және олар туралы сөз тасуға келер болсақ, онда бұлар -көпқұдайшылықтан кейін қатаң тыйым салынған нәрселердің қатарына кіреді, өйткені араздыққа алып келіп, адамдардың жүрегінде ашыну сезімін туғызады».


Ғылыми зерттеулер және пәтуалар бойынша Тұрақты Комитеттің жауабы
Ғылыми зерттеулер және пәтуалар бойынша Тұрақты Комитетке қойылған сұрақ:

«Аллаһтың түсіргеннің негізінде билік жүргізбейтін әмір үшін Аллаһқа қандай тілектермен жалбарыну керек?»

Жауап: «Аллаһтан Ол бұндай әмірді ақиқат жолына бағыттауын және оған көмектесуін, сондай-ақ ол арқылы Аллаһ оның қол астындағыларының жағдайын жақсартуын, ал оның өзі адамдарды шариғатты басшылыққа алған түрде басқаруын тілеу керек».

Комитет мүшелері: Абдуллаһ бин Қууд,

Абдуллаһ бин Ғәдйән, Абд әр-Раззәқ Афифи

Төраға: Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз

ҮШІНШІ БӨЛІМ

ШЕРУЛЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ
шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, жауаптары
1992 ж. (х. 1412 ж.) шәғбән айында Джидда қаласында шейхқа мынадай сұрақ қойылды. Ерлер мен әйелдер қатысатын әмірлерге қарсы бағытталған шерулерді Исламға шақырудың құралы деп қарастыруға және де осындай шеруге қатысу барысында қаза тапқан адамды шахид немесе Аллаһ жолында жүрген адам деп санауға бола ма?»

Жауап: «Мен ерлер мен әйелдер қатысатын шерулерді қандай да бір проблемаларды шешудің құралы деп есептемеймін, мен оларды бүліктердің, жамандықтың, бір адамдардың өшпенділігін оятудың және басқа адамдардың құқықтарының бұзылуының себебшісі деп қарастырамын. Шариғат әдістері болып - шариғатқа сәйкес іске асырылатын: хат алмасу, игі насихаттар және жақсылыққа шақыру табылады. Бұл әдістердің мәнін ислам ғалымдары, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары және оларға таза жүрекпен ілескендер түсіндірген, ал олар, жоғарыда айтқанымыздай, хат алмасудан, әңгімелесуден және: «Әмір пәлен нәрсені істеді», немесе «Оның күнәсынан пәлен нәрсе орын алды», - деп мінберлерден жарияламай, әмірмен байланыс орнатудан тұрады, ал көмек сұрап Аллаһқа жалбарыну керек.

Шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикқа жауап беріп, шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз былай деді: «Өзіңіздің «Шариғат басқаруы туралы тараулар» атты кітабыңыздың 31 және 32-ші беттерінде Сіз Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шерулерді ислам шақыруының құралы ретінде пайдаланды деп айтып кетесіз, алайда, маған бұл жөнінде ешқандай нұсқаулар мәлім емес, сондықтан, бұл жөнінде кім айтқанын және мұны сіз қандай кітаптан тапқаныңыз жайлы хабарлауыңызды сұраймын.

Егер де мұның Сүннетте ешбір мысалы болмаса, онда Сіз өз сөзіңізден бас тартуыңыз керек, ал мен бұған нұсқайтын бірде бір хадис, немесе басқа да бір қайнар көз көріп тұрған жоқпын. Шерулер қандай зиян әкелетіні белгілі болғандықтан, бұған сахих нұсқаулар болған жағдайда да, бұзақылық таратушы адамдар өз мақсаттары үшін шерулер ұйымдастырмауы үшін, нақты не айтылғандығын толық түсіндіру керек.

Аллаһтан Сіз бен бізге пайдалы ілім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді тура жолмен жүрушілердің және онымен өзгелерді де жетелейтіндердің қатарынан етсін деп сұраймын. Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын».54

«Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздан шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикке.

Аллаһ Сізге Өзіне ұнайтын амалдарды жасауға көмектессін, және Сіздің қолыңызбен Өз дініне көмектессін, әмин.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!

Мен Сіздің кітабыңызды алдым және Сіз менің ұсыныстарыммен келісетіңізді қуанышпен қабылдадым. Аллаһтан Сізге бұдан да артық деңгейде қолдау көрсетуін және Ол сізді тура жолмен жүрушілердің және өзгелерді де тура жолға жетектейтіндердің қатарына қоссын.

Мен Сіздің шерулер туралы жазғандарыңызбен танысып шықтым, ал Сіз келтірген нұсқадағы дерек әлсіз деректер санатына жатады. Өйткені, оны жеткізушілердің бірі - Исхак бин Абу Фәруа болып табылады, ал оның жеткізгендері шариғи дәлел ретінде қолданыла алмайды. Алайда, бұл дерек сахих болған жағдайда да, онда Ислам тарихының ең алғашқы – мұсылмандар Мәдинаға әлі көшпеген, ал шариғат әлі толық қалыптаспаған кезеңі туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек.

Алайда, үндеу немесе тыйым салу мәселелерінде, басқа да діни істердегідей, Мәдинаға көшкеннен кейін қалыптасқан шариғатттың ережелеріне негізделу керек. Ал жұма және айт намаздарына, сондай-ақ басқа да, күн тұтылуда оқылатын, немесе жаңбыр тілеу сияқты Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, үндеген болуы мүмкін намаздарға келер болсақ, олар мұсылмандық діни рәсімдерге жатады және олардың шерулерге ешқандай қатысы жоқ.

Аллаһтан бізге, Сізге және барлық бауырларымызға бұдан да көбірек пайдалы білім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді, Сізді, сондай-ақ барлық мұсылмандарды бүліктермен байланысты болған адасушылықтардан және шайтанның азғыруынан сақтауын тілеймін. Расында, ең жақсысы - Аллаһқа ғана тілектермен жалбарыну.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!55».
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

АДАМ ӨЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ
Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың жауаптары
Сұрақ: «Алжирдағы мұсылмандардың қарулы тобының өкілдері полицияшыларды өлтіру және жалпы қару қолдану сияқты өздерінің жасап жүрген әрекеттерін Сіз құптайды деп жариялайды. Осы шындыққа сәйкес келеді ма? Сіз бұл адамдардың амалдары туралы шариғаттың үкімдері тұрғысынан не айта аласыз?»

Жауап: «Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен, Аллаһқа мадақ, және Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, оның сахабаларына және оның жолымен жүргендердің барлығына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Біз алдын да исламға шақырумен айналысатын барша бауырларымызға Аллаһ Тағала: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен56 пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нәхль сүресі , 125-аят), - деп бұйырғандай, адамдарды жақсы сөздермен және игі үндеулермен насихаттау керектігі және олармен ең жақсы құралдар арқылы пікірталас жүргізу қажеттігі туралы насихат берген болатынбыз.

Аллаһ Тағала сондай-ақ, былай деді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет