МҰстафа шоқай –ТҮркі әлемінің алыбы



жүктеу 23.42 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі23.42 Kb.
МҰСТАФА ШОҚАЙ –ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛЫБЫ

2011 жылғы қазанның 18 жұлдызында халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының «Тура Би» ғылыми шешендік өнер клубы мұрындық болуымен «Мұстафа Шоқай – түркі әлемінің алыбы» атты зияткерлік сұхбат өткізді.

Бұл жиынды ұйымдастыруға қатысқан және ат салысқан, кафедра меңгерушісі Байтоқаева А.Ш. және оқытушылар: Бөрібаева С., Омарова М., Смағұлова Г., Құлжанова Б., Ақбұзауова Б., х/құқық –12, 18 орыс топтары, аймақтану, х/қ 11 топтарының студенттері және клуб мүшелері.

«Тура Би» шешендік өнер клубының жетешісі Бақыт Ақбұзауова жиынды ашқан алғы сөзінде былай деді:

Құрметті студенттер, құрметті ұстаздар! Бүгінгі басқосуымыз түркінің ұлы алыбы Мұстафа Шоқайға арналады. Ғұмыр бойы большевиктердің отаршыл саясатымен күресіп, сол үшін туған өңірден қыр асуға мәжбүр болған Мұстафа Шоқайдың өмір жолы кімді болса да бейжай қалдыра алмайды.Ол –Кеңес Үкіметі кезінде халық жауы атанып, қуғынға ұшыраған, күні кеше ғана есімдері ақталып, халқына оралған Алаш қайраткерлерінің бірі. Кеңес Үкіметі тұсында Мұстафа Шоқай есімін атау қылмыспен пара-пар болды. Кеңестер Одағының алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ Шоқайдың шығармаларының басылуына, таратылуына және тіпті оқылуына тиым салынды. Бұл тиымдарға мойынсұнбағандар, сірә оның атын атағандар қатаң түрде жазаланды. «Халық жауы» деген желеумен Шоқайға байланысты мәліметтер оқулықтар мен энциклопедияларға кірмей қалды. Тарих кітаптарында Шоқай отанын сатқан опасыз ретінде көрсетілді. Оның нақты бір дәлелі С.Шәкібаевтің «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты повесі. Бұл кітапты оқып, өз басым М.Шоқай туралы теріс пікірде болған едім. 1941 жылы эмиграцияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына қаңтардың 7-де 119 жыл толды. Ұлт мұраты үшін күрескен, қазақ халқы ғана емес, түркі халықтарының бірлігі мен ынтымағын аңсаған, Түркістан идеясының авторы Мұстафа Шоқайды толығымен тани алмағанымыз анық. Ендеше Мұстафа Шоқай атамызды толығырақ танып, оның ел үшін сіңірген еңбегін толық зерделеу үшін сөзді студенттерге берсек.

Зияткерлік сұхбатта студенттер Байжігітова А., Ержанова Алтынай., Жөкенова А., Жүнісова А., Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны, саяси қызметке араласуы, Думадағы мұсылман фракциясындағы хатшылық қызметі жайлы айтып өтсе, Өміржанова С., Мұстафаның інісі жазған хатын оқып, Зияданова Айдана Мұстафаның эммиграциядағы қызметі жайлы жан жақты қызғылықты ақпарат ортаға салды. Азат Түркістан мемлекетін құруды мұрат еткен Мұстафа Шоқай сынды алаш ардагері туралы айтылған ойларды 2 курс студенті Мелдеханов Дәулет өзінше қорытындылады.

Мәжіліс «Мұстафа Шоқай» атты фильмді көрумен қатар жүріп отырды. «Түркінің ұлы алыбы Мұстафа Шоқайға 125 жыл» деп жазылған портреттік биллборд, қабырға газеті бұл жиының салтанатын арттыра түсті.

Жиын соңында доцент М. Омарова, кафедра меңгерушісінің орынбасары С. Бөрібаева, ректораттың тәрбие бөлімінің қызметкері Канафиева Ш.Е. Мұстафа Шоқай жайлы ойларын ортаға салды.



Жиын өзінің алдына қойған мақсаты – түркі әлемін біріктіруді мақсат еткен, сол жолда саналы өмірін сарп еткен, тағдыры жұмбақ, халқымыздың бірегей ұлы Мұстафа Шоқайды жастарға танытуда жасалған маңызды бір қадам деп бағаласақ артық болмас.
Ақбұзауова Бақыт

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ дың доценті, ф.ғ.к.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет