Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§3.3 Далалық зерттеулер жүргізудің техникасы



Pdf көрінісі
бет15/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§3.3 Далалық зерттеулер жүргізудің техникасы. 
Далалық этнографиялық тәжірибе қажетті жадығаттарды жинақтап
ғылыми білімді молайту үшін келесідей тәсілдерді қолданады: 
- байқау әдісі – халық тіршілігінің әр жақты қырларын көрсететін нақты 
жадығаттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Оның ішінді өмір сүру жағдайы, 
жергілікті халықтың мінез-құлық ерекшеліктері, тұрмысы осының бәрі іскер 
этнограф үшін таптырмас жадығат болып табылады. Әрбір этнографтың 
далалық жазбаларында немесе басқа да құжаттарында ескерілмеген барлық 
байқаған дүниелері оның күнделігінде қамтылуы қажет
- сұрақ-жауап әдісі – этнографтың таңдап алынған ақпарат берушімен 
немесе жергілікті жердің тұрғыны беретін ақпаратты пайдалану арқылы 
жүргізілетін далалық зерттеудің маңызды тәсілі
- эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның 
әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарға, әр түрлі оқиғаларға атсалысу. Бұл 
тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер 
қатысатыны жөнінде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті 
жағдайда жергілікті халықтан белгілі-бір салт-дәстүрдің немесе қажетті 
оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзіңмен көруге болады, бірақ бұның 
жүргізілуі сахына түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай – Ж.М.) 
жүргізілуі қажет; 


46 
- анкетілеу әдісі. Оның екі түрі бар: біріншісі өз бетімен жергілікті халық 
жауап беретін анкеталар. Бұлар өз ішінде: прессалық (анкета мәтіні баспасөз 
басылымында басылса); почталық (анкета жауап берушілерге почтамен 
жіберілсе); үлестірмелі (анкета жауап берушілердің өз қолдарына үлестірілсе) 
деп бөлінеді.
Екіншісі далалық сараман барысында этнограф жүргізетін анкета түрлері. 
Бұлар: тақырыптық анкеталар (сұрақтар көлемі шектелмейді, бірақ 
жинақталған формада); бланкілі анкеталар (аз сұрақтан тұратын, бірақ белгілі 
бір мәдени құбылыстың қаншама территорияны қамтығандығын анықтау 
үшін); уақытша анкеталар (зерттейтін объектіні анықтау үшін жүргізіледі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет