Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет5/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 



§1.2 Археологиялық ескерткіштер түрлері, барлау және қазба 
жұмыстары 
Археологиялық ескерткіштерді шартты түрде бірнеше топтарға бөлуге 
болады. Олардың ең ірілері екеуі – елді-мекен және жерлеу. 
Елді-мекен бекітілмеген (қоныс, қыстау) және бекітілген (қалашық) болып 
бөлінеді. Қыстаулар мен қалашықтар әдетте қола және темір дәуірлерінің 
ескерткіштері, қоныстар тас және қола дәуірлерінің елді-мекендері болып 
табылады. 
Жерлеулер негізгі екі түрге бөлінеді: қабір үстіндегі құрылыстары бар 
жерлеулер (қорғандар, мегалиттер, мазарлар) және топырақ үйіндісінен 
тұратын жерлеулер, яғни қандай ма болмасын қабір үсті құрылыстарынсыз. 
Біршама күрделі құрылыс – мегалиттік жерлеулер («мегалит» – грек тілінен 
«мегас» - үлкен, ірі, «литос» - тас), яғни ірі тастардан салынған мазарлық 
жерлеулер – дольмендер, менгирлер және т.б. Атлант жағалауларында, Батыс 
Еуропада, Солтүстік Африкада, Кавказда, Қырымда дольмендер (бретон тілінен 
«дол» - үстел және «мен» - тас) таралған.
Мазарлардан ең танымалы – пирамидалар. Мысалы, Хеопс пирамидасын 
тұрғызуға 6,5 миллион тонна тас кеткен. Оның биіктігі – 140 метр. 
Жерлеулер өлгендердің жасы туралы, демек сол дәуірдегі адамның орташа 
өмір сүру ұзақтығы, оның тұрмыс қалпы, немен қоректенгендігі туралы мәлімет 
береді. Бойы, жыныстық жетілу уақыты, неке жасы, сыртқы түрі және басқа да 
көптеген толық мәліметтерді мамандар қаңқаны зерттеп қана анықтай алады.
Сондай-ақ, жерлеулер, әсіресе жерлеу ғұрпын зерттей отырып, өлген 
адамның 
тайпаластарының 
діни 
көзқарастарын, 
нанымдарын, 
дүниетанымдарын анықтауға болады. 
Археологиялық барлау және қазба жұмыстары. Археологиялық 
зерттеулер далалық және ғылыми өңделген, яғни зертханалық деп бөлінеді. 
Далалық жұмыстар – бұл тек қазба жұмыстары ғана емес, ең алдымен 
археологиялық ескерткіштерді анықтаудан тұрады. 
Археологиялық барлаудың ең қарапайым және сірә ең сенімді тәсілі – 
барлық зерттегелі отырған территорияны жаяу аралап шығу және жердің 
бетін, әсіресе өзендер мен көлдердің жағалауларындағы мүйістерді, 
террасыларды, су жырып кеткен жерлерді, опырылып құлағалы тұрған 
жерлерді мұқият қарап шығу. 
Жекелеген жағдайда археологиялық ескерткіштердің іздері бірден: ежелгі 
және ортағасырлық қалалардың қалдықтары болып табылатын қорғаныс 
құрылыстарының іздері – орлар, дуалдар, ішкі бекіністер бойынша; мазарлық 
жерлеу құрылыстарының қалдықтары – пирамидалар, дольмендер, қорғандар 
көзге түседі. Бірақ, бір қарағаннан байқалмайтын 
археологиялық 
ескерткіштердің іздері де бар. Бұл іздер қандай? Ең алдымен, бұлар адамды 
қоршаған түрлі мүліктер, заттар. Бұлар археолог анықтайтын археологиялық 
ескерткіштердің алғашқы іздері болып табылады. Сондықтан ол мүліктердің 
тарихын және өткен ғасырдың «сәнін» жақсы білуі тиіс. 


10 
Барлау барысында археологтың басты міндеті олжалардың өзара 
орналасуын жазып алу болып табылады. Ескерткіштердің орналасу ауданын 
анықтау үшін ең алдымен жердің толық топографиялық жоспарын құру қажет 
және оған мұқият жер бетінде жатқан ежелгі заттардың орнын белгілеу керек. 
Жоспар кейде көп мәлімет береді. Бірақ, көбіне олжалар жердің ондаған метр 
қабатының астында жатады. Бұндай жағдайда қалай ежелгі объектілердің 
орналасуын, қалай жер астындағы ескерткішті анықтауға болады? Тәсілдері 
түрлі. Ең қарапайымы – шағын учаскеге тік немесе ұзын, терең ор салу. Суасты 
археологтары аквалангіні киіп теңіз түбін зерттейді, антикалық қалаларды 
анықтайды, мыңдаған жылдар бұрын батып кеткен кораблдердегі ыдыстар мен 
жүктерді, ежелгі теңізшілер теңізге лақтырған зәкірлерді және басқаларын 
жоғарға көтереді, зерттейді. 
Жиырмасыншы ғасырдың басында әуе шарында рим порты Остиидің 
қалдықтары фотосуретке түсірілген. Осылайша әуефотосуретке түсіру 
қалыптасты. Ол қазба жұмысына дейін-ақ ежелгі қалалардың жоспарын 
зерттеуге мүмкіндік берді, мәселен, жолдардың, жеке қоныстың және егіс 
даласының жоспарын анықтауға, жер үстіндегі қатынас жолдың жүйесін 
бақылап шығуға көмектесті. 
Электрбарлау әдісі кеңінен қолданылады. Оның барысында токтың 
көмегімен топырақтың ылғалдылық деңгейіне қарай қарсылығы өлшенеді. Жер 
астында 
қабырға 
қалдықтары 
болса 
ылғалдылық 
төмен 
болады. 
Электрқұрылғылардың көрсеткіштерін бақылай отырып, жер бетінен 
көрінбейтін ежелгі тұрғын үйлердің жоспарын құруға болады. Соңғы жылдары 
металл детекторлар қолданылады. Радарлы құрылғы да бар. Машинамен жер 
үстінен көлденең арнайы антенна орнатылады. Сыртқа шығарылған 
электромагниттік сәулелер бірен-сарандап қабаттар шегіне немесе жатқан 
заттардың бетіне түседі және экранда көрінеді. Өздігінен жазатын құрылғы жер 
астындағы объектілердің тереңдігін көріну уақытына қарай анықтайды, 4 метр 
тереңдікке дейін шұңқырдың, тұрғын үйдің және басқа тереңдіктердің көрінісін 
сызады. 
Археологиялық барлау, ескерткішті алғаш зерттеу – бұл, негізінен, қазба 
жұмысына дайындық. Далалық жұмыстың негізгі түрі – қазбалар.
Қазу – бұл ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы жел айдап әкелген, су 
тасқыны ағызып әкеліп үйген, шіріген өсімдіктер қалдықтары қабаттанған 
жердің барлық қабаттарын көтеру, өткен уақытта қалдырған, жоғалтқан немесе 
тастап кеткендердің барлығын мазаламай көтеру. 
Қазбаны бастамас бұрын, ескерткіштің бетін қазықшалардың көмегімен 
ауданы 1 (1x1) немесе 4 (2x2) м

етіп тең шаршыға бөледі. Әр қазықша 
нөмірленеді және жоспарға түсіріледі. Бұның барлығын сетка деп атайды. 
Сетка олжаларды жоспарлар мен сызбаларда белгілеуге көмектеседі. Қазбада 
барлық жұмыстар қолмен жүргізіледі, тек топырақты тазарту ғана 
механикаландырылған. 
Көп жағдайда көпқабатты ескерткіштер – көбіне бұл адамдар бірнеше 
қайтара қоныстанған жерлерде кездеседі. Өңделмеген кірпіштерден 


11 
сазбалшықты үйлер тұрғызылған Орта Азия мен Таяу Шығыста бір-бірімен 
қабатталған ежелгі қалалар қалдығынан биіктігі бірнеше ондаған метрлерге 
жететін төбешіктер – теллилер қалыптасқан. Мұндай көпқабатты 
ескерткіштерді реттеу қиын. Ағаштардан үйлер тұрғызған ежелгі елді-
мекендерді реттеу бұдан да қиын. Мұндай мекендерден ағаш, күл, көмір 
қалдықтары шірінділерінің жұқа қабаты және толықтай шірімеген органикалық 
қалдықтары ғана сақталады. 
Археологияда адамдар қызметінің іздері бар қабатты «мәдени қабат» деп 
атайды. Мәдени қабаттың қалдығы түрлі. Ежелгі Римдегі алаңның мәдени 
қабатының қалдығы – 13 метр, Ниппурде (Месопотамия) – 20 метр, Анаудағы 
мекенде (Орта Азия) – 36 метр. Африкадағы палеолиттік қоныстың үстінде – 
жүздеген метр тастар болған. Тәжікістандағы Қаратау қонысының мәдени 
қабатының үстінде – 60 метр саз балшық болған. 
Ежелгі адамдар археологтар үшін маңызды мәдени қабаттардың 
бұзылуына себеп болған жер үй, азық-түлік сақтау үшін, алау үшін шұңқырлар 
қазған. Ескерткіштердің стратиграфиясын, яғни қабаттардың кезектесуін 
жақсырақ реттеу үшін, текшелер арасында қозғалмаған учаскелердің енсіз 
алқабын – бровкілер қалдырады. Бровкілерден қазба жұмысы аяқталған соң бір 
мәдени қабат екіншісімен ауысқандығын көруге болады. Бровкілер көрінісін 
фотосуретке түсіреді және суретін салады. Бровкілер арасында жер біруақытқа 
қазба ауданы бойынша 20 сантиметрден көп емес қабатпен алынады.
Қазба барысында археолог олжаларды жойылудан сақтауы, толық 
сипаттауы, фотосуретке түсіруі, суретін салуы, ежелгі құрылыстардың 
жоспарын құруы, қазбаның стратиграфиялық көрінісін құруы, оларда 
қабаттардың кезектесу жүйелігін дәл белгілеуі тиіс. Сараптамаға қажетті 
барлық жадығаттарды алуы керек (археомагниттік, дендрохронолгиялық және 
т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет