Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§1.2 ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлттық баспасөздің өлкелік



Pdf көрінісі
бет56/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§1.2 ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлттық баспасөздің өлкелік 
қызметі. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге 
келді. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уәлаяты газеті» шығып 
тұрды. Ол алғашында 500 дана таралыммен шыққан. «Туркестанские 
ведомостиге» қосымша ретінде шығып, кейіннен дербес органға айналды. 
Шартты басылымның негізі патша әкімшілігінің әр түрлі өкімдері мен 
нұсқауларын тарату болды. Сонымен бірге, өлкенің әр түрлі жерлеріне 
сипаттама берілді. Саяхаттар, егіннің шығымы, ауыл шаруашылығының жай-
күйі – мал аурулары, эрозия, су пайдалану туралы жекелеген мәліметтер 
айтылды. Газет беттерінен кеніштердің ашылуы, өңдеуші өнеркәсіптің жай-
күйі, телеграф жүргізу, әйел мәселесі және этнография жөніндегі әр түрлі 
мәліметтер көрініп отырды. Басылымды Ш.Ибрагимов пен Х.Жанышев 
редакциялады. 
1888-1902 жылдарда Омбыда қазақ тілінде «Дала уәлаятының газеті» атты 
газет шығып тұрды. Бұл «Акмолинские областные ведомости» газетіне 
қосымша болатын. Оның беттерінде ағартушылық идеялары насихатталды. 
Ресми бөлімде әкімшіліктің әр түрлі қаулылары мен өкімдері жарияланды. 
Оның беттерінде белгілі бір дәрежеде қазақтардың тұрмысы, мәдениеті 
жөніндегі әр түрлі мәселелер көтерілді. Қазақ тарихи аңыздарының және «Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Бозжігіт», «Еңлік-Кебек» эпосының 
нұсқалары, Қожанасыр, Алдаркөсе туралы, әнші Жиренше туралы әр түрлі 
сюжеттер және басқа да жадығаттар жарияланды. Сондай-ақ қазақ 
көсемсөзшілері мен зерттеушілерінің мақалалары басылып тұрды. 
Н.Жетпісбаев, Ш.Ибрагимов, А.Айтбакин, М.Бабажанов, Х.Қаржасов, 
С.Батыршин, Б.Дауылбаев, М.Шорманов, Ә.Диваев, Е.Букин, С.Нұрмұхамедов, 
Т.Сейдалин, А.Сейдалин, С.Жантөрин сияқты зерттеушілер өз қызметімен және 
мақалаларымен қазақтар арасында ғылым мен қоғамдық ой-пікірдің дамуына 
жәрдемдесті. Сөз жоқ, олардың бәрі ғылыми қоғамдардың жұмысына түрліше 
қатысты, алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің идеяларын өзінше қабылдады
бірақ қазақ зерттеушілерінің Омбы, Семей, Ташкент, Орал және басқа 
қалалардың қоғамдық өміріне араласуы ХІХ ғасырдың 70-90-жылдарындағы 
Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінің құрамдас бөлігі болды. 


125 
Қазақ ағартушы-демократтарының революцияға дейінгі Қазақстандағы 
ғылыми 
қоғамдардың 
жұмысына 
қызу 
араласуы 
қазақ халқының 
демократиялық орыс мәдениетімен, орыс азаттық қозғалысына қатысушылар – 
саяси жер аударылғандармен байланыс жасауына кең жол ашты. 
Орыс ғалымдары қазақ, дүнген, ұйғыр және басқа да халықтар арасында 
шын көңілмен және жанқиярлықпен жұмыс істеді. Олар бұл халықтарға білім 
негізін таратуға ұмтылды. Нақ сондықтан патшалық өкімет орындары озық 
зиялылардың белсенділігіне тым салқын қарады, айдауда жүргендердің қызметі 
халықтың неғұрлым артта қалған топтарына ықпал етуі мүмкін деп қауіптенді. 
Бұл орайда демократиялық орыс мәдениетін таратушы қазақтың демократ 
ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай 
Ылтынсариннің Қазақстандағы ғылыми қоғамдар жұмысына тартылуының 
маңызы зор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет