132
болуын Ахмет хан және Алаша хандардың әрекеттерінің ықпалы деп санаған.
«Әмір Темір нәсілінен Құмар Шаих баласы, белгілі Бабыр патшаның
шешесімен бір туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентке хан болып, кішісі
қазақты билеген. Бұлар Шағатай нәсілінен Жүніс ханның балалары болған. Сол
қазақты билегенінің аты Ахмет екен. Сол өз уақытында аттанысқа жарарлық
қазақтан үш жүз әскер шығыпты, үш жүз басыға билепті. Әр жүздің халқы өз
ынтымағымен бір ұтысқанға есеп болыпты. Қазақтың «Үш жүздің баласы»
дейтұндығы – сол». «Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ
рақымсыздығына қарай «мынау бір алашы болды ғой» депті,
жан алушы
дегеннің орнына. Сондықтан ол кісі Алаша хан атаныпты. «Бабыр-намада»
солай жазылған. Сонан соң хан бұл атты қалмақ қорыққанынан қойды ғой, енді
сіздер шапқан уақытта «алашы-алашы» деп ұран-сүрен салыңыз деп бұйырып,
бұларға айғай салғанда көп жанның айқайымен «алаш-алаш» деп кетіпті.
Сондықтан «алаш-алаш болғанда», Алаша хан болғанда, қалмаққа не қылмап
едік деп, алаш ұранды қазақ атанған себебі сол екен».
Қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсарин де ХІХ ғасырдағы
тарихи ойдың дамуына өзіндік үлес қосқан. 1868 жылы «Дала облыстарын
басқару жөнінде уақытша ереже туралы» деген
еңбегінде патшалық Ресейдің
отарлау саясатын күшейтіп, бірқатар жаңа басқару тәртібін енгізгендігі және
олардың зардаптары жайында жазған. «… 1869 жылы Қырғыз даласында дала
облыстарын басқару жөнінде «Уақытша Ереже» Орынбор қырғыздарын
басқарудың бұрынғы тәртібін мүлдем өзгертіп жібергені белгілі. Орынбор
өлкесінің барлық қырғыздарын басқаратын бір облыс басқармасының орнына
үш облыс басқармалары – Орал, Торғай, Сырдария бекітілген. Орданың үш
жүзіндегі қырғыз хандарының ұрпақтары сұлтан билердің орнына – шығыс,
орта, батыста –
уезд басқармалары бекітіліп, оның әрбірінде 4-6 бастықтан
сайланған. Бұл жаңа облыстардың құрамында қызмет ететін бастықтардың бәрі
орыс офицерлерінен тұрады, алқыздарға берілген қызмет – уезд басқармасының
көмекшісі» - деген сипаттамалық тұрғыдағы тұжырымдары айтылғанның
дәлелі.
Өлкедегі казак отарлауы турасындағы көзқарастары ұлтжанды зиялының
ұстанымдарын анық көрсетеді. «Орынбор қырғыздарының (қазақтарының –
Ж.М.)
ең жақсы жерлеріне, қырғыздарды (қазақтарды – Ж.М.) «жабайы
номадтар» деп есептеп жүрген кездері де болған, Орынбор мен Орал казактары
қоныс тепкен. Тіпті қазірдің өзінде де казактар жер өңдеуге жарамды қалған
едәуір жердің өзінде де көздерін тігіп жүр. Осындай жерлерге қатысты мәселе
осы күнге дейін қырғыздар (қазақтар – Ж.М.) үшін өзекті болып, әлі де болса,
олардың казактарға ашық соққыға бара алатын жағдайлары бар» - деген жолдар
қазақ-казак қатынастарының сипатынан хабар береді. Уақытша ереженің қазақ
даласы мен халқының тарихи, әлеуметтік, мәдени дәстүрін ескермей іске
қосылғандығына налыған Ыбырай өз ой-пікірін ұлттық ерекшеліктерді көрсете
отырып, білдірген. «… қырғыз (қазақ – Ж.М.) өмірін білетін адамдардың пікірі
бойынша, орыс селоларындағы село жиындарын қырғыздарға да (қазақтарға да
– Ж.М.) қолдану ертерек болған, себебі орыс селоларындағы жиынға бір село
133
ішінде ғана тұратын халық жиналса, ал қырғыздарда (қазақтарда – Ж.М.) ауыл
құрылтайына кейде 100 шақырым жердегі
адамдарды жинауға тура келген,
себебі қырғыздар (қазақтар – Ж.М.) 2-ден 10 киіз үйге дейін әр түрлі жерлерде
қыстап қонып жүрген. Әрине, даугерлер үшін осындай жерден жинап әкелген
40-50 адамды тамақтандыру, аттарын қоректендіру өте қиынға соққан; жиынға
баратындарға да қиынға соққан, себебі көбі кедей болғандықтан; осындай
шалғай жерге жаяу жүре алмайтындықтан, оларға
кейде біреудің атын сұрап
алып, шаруашылығын ұзақ уақытқа тастап кетуге тура келген, себебі осындай
келісім сөздер мен айтыстар тезарада шешіле қоймаған». Отырықшы мал
шаруашылығы және соған сәйкес тұрмыс салтына көше бастаған үдерісті
отарлау саясатымен тығыз байланыста көрсете отырып, былай деп жазған: «15
жыл бұрын қырғыз (қазақ – Ж.М.) облыстарының уездерінде бірде бір жер үй
болған емес. Ал біздің көз алдымызда қырғыздар (қазақтар – Ж.М.) өздеріне
қысқа жылы киіз үйлер, киіз үйдің ішіне шойын немесе темір пештер орнатып,
содан кейін жер үйлер немесе ағаш үйлер, ал қазір бірнеше бөлмеде тұратын
там үйлер сала бастады. Қазіргі кезде жер үйі немесе ағаш үйі жоқ қырғызды
(қазақты – Ж.М.) сирек кездестіресіз, ал кейбір
жерлерде олар қыстауға
кішкене-кішкене тұтас ауылдар құраған. Тұрақты орын сала бастағаннан кейін,
үйлерге қоса мал қоралар салып, шөп шауып оны біршама мөлшерге жеткізіп,
қысқа сақтайтын болды».
Достарыңызбен бөлісу: