Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§6.2 «Халық тарих толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер



Pdf көрінісі
бет78/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§6.2 «Халық тарих толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер 
бағдарламасының мазмұны мен нәтижелері.


190 
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы халық санасын жаһандық 
ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның 
біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қалыптастыру 
арманынан туындайды. Бұл бағдарлама 2014-2016 жылдарға арналды.
Бағдарламының басты мақсаты – озық әдіснама мен әдістеме негізінде 
Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық 
тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын 
қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын 
зерделеу үшін жағдай жасау. 
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев тапсырысымен даярланған «Халық тарих 
толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасы аясында бірқатар 
зерттеу, білім беру және медиалық жобалар жүзеге асырылды. 
Ведомствоаралық жұмыс тобының ғылыми-тарихи қоғамдастықпен бірлесіп 
атқарған жұмыстарына жеке тоқталсақ, біріншіден, еліміздің тарихында 
тұңғыш рет «Қазақстан тарихы» веб-порталы әзірленіп, іске қосылды. Бұл 
порталдан Қазақстан тарихының қалай басталғаны қызықтыратын әрбір адам 
көптілде сирек кездесетін жарияланымдарды оқи алады, оған қоса өз 
жадығаттарын орналастыра алады.
Екіншіден, қазақстандық тарихшылар мен мұрағатшылардың жетекші 
шетелдік мұрағат орталықтарына ғылыми іс-сапарлары ұйымдастырылды. 
Экспедицияларға қатысушылар тарихи Түркі қағанатының қалыптасуы мен 
дамуы тарихы жөніндегі түркі тасжазулары мен қолжазба дерек көздерін 
айқындау, суретке түсіру және көшіру бойынша, Шыңғысхан дәуірі кезеңіне 
дейінгі түркі тайпаларының тарихи сабақтастығы мен бірыңғай этнографиялық 
байланыстары жөнінде қомақты жұмыс атқарды. 
Моңғолияға, Қытайға және Германияға ғылыми іс-сапар нәтижесінде көне 
дәуір, түркі руналық тасжазба, көнеүнді, қытай дерек көздерінің негізіндегі 
ежелгі көшпенділер тарихы бойынша тарихи куәліктердің көшірмелері 
әкелінді, олар түркі (ішінара алғанда, қазақ) халықтарының ата-бабалары 
тарихының прото-, көне және орта түркілік кезеңдері туралы түсініктер береді. 
Мысалға, тас мүсіндердегі атрибуттар әскери иерархия, әскери іс туралы, 
этностардың қоныстануы (этногеография) туралы, түркілердің дүниетанымы 
және т.б. туралы баяндайды. 
Қазақстан тарих ғылымына бұрын беймәлім болып келген Ұлы жібек 
жолындағы сақталған түркілік құлпытас және несториандық ескерткіштерді 
зерделеудің маңызы зор. Қазақстан, Қырғызстан және Қытай аумағындағы 
несториандық ескерткіштердің мәтіндерін салыстырып-тексеріп талдау қазақ 
халқы этногенезінің, діндер тарихының, түркі тілі мен жазуының қалыптасуы 
тарихының кейбір проблемаларын ашуға мүмкіндік береді. 
Египетке, Иранға, Түркияға, Өзбекстанға ғылыми іс-сапар нәтижесінде 
түркі Хорезмшахтары, моңғолдар, ұйғырлар, мұсылман билеушілері тарихы, 
Шыңғысхан, Әмір Темір тарихы бойынша құнды мұрағат жадығаттары 
айқындалып, әкелінді. Атап айтқанда, «Тарих-и ал-Салжук», «Тарих-и 
Жалаладдин 
Хорезмшах», 
«Маджа 
ал-ансаб», 
«Тарих-и 
Улжайту», 


191 
«Китабкамил фи-т-та’рих» - Мавераннахр түркі тайпалары, түркі хандары 
туралы мәліметтерді, сондай-ақ Түркістан қалаларының сипатын қамтитын 
Қазақстан мен Орталық Азияның моңғолға дейінгі және моңғолдық 
кезеңдеріндегі тарихы бойынша бірегей дерек көздері. 
Қытайға, Үндістанға, Ресейге, Ұлыбританияға ғылыми іс-сапар 
нәтижесінде Бодлеан және Британ кітапханаларында, Қытайдың Тұңғыш 
тарихи мұрағатында, Үндістанның Рампур қаласындағы Әмір Раз 
кітапханасында, Хайдарабад қаласындағы Саларджанг музейінде, Қалмақ 
Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталған құнды шығыс қолжазбалары 
айқындалып, көшірмелері әкелінді.
XIV ғасыр соңында – XV ғасырдың басында Дешті-Қыпшақта, Қазақ 
хандығы құрылуының ең шиеленіскен кезеңінде орын алған саяси оқиғалар 
тарихы бойынша жинақталған «Тарихи-и Кипчак-хани» фактілік материалы 
Қазақстан мен Орталық Азияның XVI ғасырдағы – XVIII ғасырдың алғашқы 
жартысындағы тарихын зерделеу үшін үлкен маңызға ие. 
«Нусрат-наме» және «Муиззал-ансаб» бірегей тізімдерін ерекше атап 
өткен жөн, онда қазіргі кезге дейін беймәлім болып келген және XIV–XVII 
ғасырлардағы шынайы тарихи оқиғаларды зерттеу үшін өте маңызды тамаша 
15 миниатюра, сондай-ақ XVI–XVII ғасырлардағы қазақ хандары мен 
сұлтандарының тарихы жөніндегі Махмуд-бен Валидің «Бахр-ал-асрар» 
шығармасы келтірілген. Бұл Әбілқайыр хан, Мұхаммед Шайбани хан, Керей 
мен Жәнібек хан, Әбдалла хан және т.б. билеген тұстағы қазақ 
мемлекеттілігінің даму кезеңі. 
Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатына ғылыми іс-сапар нәтижесінде қазақ 
тарихына қатысы бар 283 томнан (72812 құжаттан) тұратын Цин империясы 
мұрағаттық құжаттарының көшірмелері Қазақстанға жеткізілді. Бұл құжаттар 
1730 жылдың соңынан 1911 жылдың басына дейінгі 181 жылдан тұратын 
кезеңді қамтиды және қазақ-қытай саяси, сыртқы саяси және экономикалық 
өзара қарым-қатынастарды ашып көрсетеді. Қазақ билеушілерінің көрші 
мемлекеттер билеушілеріне жазған хаттарының ішінде Абылай ханның, сұлтан 
Болат ханның, Уәли сұлтанның және басқа да қазақ хандары мен 
сұлтандарының жазысхан хаттары туралы айрықша мәліметтер бар, онда 
елшілер алмасу туралы, Қазақ хандығындағы және Цин империясындағы 
лауазымды адамдарды тағайындау туралы хабарланады. 
Үшіншіден, тарихи бағыттағы жаңа ғылыми-зерттеу құрылымдары 
құрылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Орталық Азия дәстүрлі 
өркениеттерін зерделеу жөніндегі республикалық орталығы құрылды. 
Директоры болып тарих ғылымдарының докторы Т. Омарбеков тағайындалды. 
Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі 
өркениеттерінің ғылыми проблемаларын жаңа әдістемелік ұстанымдардың 
негізінде әлемдік тарихнамадағы таным әдістерін сындарлы қайта бағалау 
тұрғысынан пысықтау болып табылады. 
Орталықтың құрамына 5 сектор кіреді: Орталық Азияның дәстүрлі 
мәдениеттерінің тарихнамасы; көшпенділердің далалық империяларының 


192 
тарихы; қазақ халқының этногенезі; Орталық Азия көшпенділерінің шектес 
көшпенді емес халықтармен өзара қарым-қатынасының тарихы; Дешті-Қыпшақ 
көшпенділер қоғамының әлеуметтік және этномәдени құрылымы. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында сондай-ақ «Геоархеология» 
артефактілерді археологиялық даталау жөніндегі халықаралық ғылыми 
зертхана құрылды. Зертхана директоры болып тарих ғылымдарының докторы 
Ж. Таймағамбетов тағайындалды. 
Зертхананың негізгі міндеті – Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы 
археологиялық ескерткіштер мен артефактілерді зерделеу және даталау кезінде 
әлемдік тарих призмасы арқылы заманауи әдістемелік парадигмалар мен 
инструментарийлер негізінде жаратылыстану-ғылыми пәндердің әдістерінің 
әралуандығын пайдалану.
Жалпы генетика және цитология институтының базасында Популяциялық 
генетика зертханасы құрылды, ол Қазақстанның қазіргі халқының 
популяциялық-генетикалық құрылымдарын палеогенетикалық зерттеулер мен 
зерделеуге бағытталған. 
Зертхана 
археологиялық 
жұмыстар 
барысында 
табылған 
адам 
қалдықтарының палеогенетикасы, қазіргі қазақтардың ДНК-ларын жинау және 
талдау, жануарлардың шынайы қазақи тұқымдарының шығуын зерделеу 
сияқты бағыттармен шұғылданатын болады. 
Сол сияқты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Дүние жүзі тарихын 
зерделеу жөніндегі ғылыми орталық құрылды. Директоры болып тарих 
ғылымдарының докторы К.Жұмағұлов тағайындалды. 
Орталықтың маңызды міндеттері: 
- қазіргі жаһандану жағдайындағы Батыс пен Шығыс елдері арасындағы 
өзара қарым-қатынастардың негізгі стратегиялық бағыттары мен даму 
перспективасын анықтау; 
- Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа кірігуі жағдайындағы Еуразия 
өркениеті синтезінің тарихи-мәдени проблемаларын зерделеу, соның 
нәтижесінде Еуразия халықтарының әлеуметтік тарихының саяси өзара іс-
қимыл тарихымен сабақтастығын айқындау күтіледі; 
- Қазақстандық қоғамның дамуының, жаңғыруының өзіндік дербес жолын 
және оның одан әрі өсу келешегін анықтау мақсатында еуропалық жаңғыру мен 
интеграцияның тарихи тәжірибесін зерделеу;
- қазіргі заманғы тарих ғылымының басымдық бағыттары бойынша 
ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және өткізу; 
- түркі халықтарының дүние жүзі тарихындағы рөлі, орны мен маңызы 
туралы батыстық теориялық тұжырымдамаларды жаңа заманауи ұстанымдар 
әзірлеу үшін сыни талдау; 
- түркі әлемін зерделеуде Батыс Еуропа тәжірибесін жалпылау үшін 
Орталық Азия, Қазақстан халықтарының батыстық тарихнамасын жан-жақты 
зерделеу, жүйелендіру және сыни ой елегінен өткізу; 
- елдіміздегі және шетелдегі ұқсас ұйымдармен баспа қызметін жүргізу 
және бірлескен баспалық жобаларды жүзеге асыру. 


193 
Төртіншіден, мемлекеттік жоғары оқу орындарында 19 дербес Қазақстан 
тарихы кафедрасы қалпына келтірілді және құрылды. 
Бесіншіден, «Mangi el» жаңа халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи 
журналы жарық көрді. Бұл мына міндеттерді іске асыру үшін ашылған: 
- қазақтар мен Еуразияның басқа да түркітілдес халықтарының тарихы мен 
мәдениетін тереңдетіп зерделеу; 
- оқырманның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; 
- Қазақстанның ұлттық тарихы жетістіктерін танымал ету және насихаттау. 
Ғылыми-көпшілік 
басылымның 
бас 
редакторы 
«Қазақстан 
тарихшыларының ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Л.Н. 
Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан 
Сыдықов болып табылады. 
Алтыншыдан, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде 
тарих факультеті құрылды.
Жетіншіден, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы 
шеңберінде тарихи бейін мамандарын мақсатты дайындау ұйымдастырылды.
Қазастандық ғалымдарды жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына 
жіберу озық ғылыми ұстанымдар мен зерттеу әдістемелері базасында 
Қазақстанның тарих ғылымының әлеуетін дамыту мақсатында жүргізіледі. 
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2013 жылға арналған басымдық 
мамандықтар тізбесіне ғылыми тағылымдамадан өту үшін тарих ғылымы 
саласындағы 8 мамандық («Археология», «Жалпы тарих», «Тарих, дүние жүзі 
тарихы», «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау», «Этнография, этнология 
және антропология», «Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, 
этнопедагогика», «Өнер теорясы және тарихы» және «Жалпы психология, тұлға 
психологиясы, психология тарихы, этнопсихология») және шетелдерде 
«магистратура» мен «докторантура» бағдарламалары бойынша академиялық 
білім алу үшін 1 мамандық («Тарих, дүние жүзі тарихы») енгізілді. 
Сегізіншіден, өңірлерде әкімдер жанынан ұлттық тарихты зерделеу 
мәселелерін үйлестіру жөніндегі қоғамдық кеңестер құрылды. Құрылған 
қоғамдық кеңестер қызметі ұлттық тарихты, сондай-ақ тарихи өлкетануды 
зерделеуге бағытталған. 
Тоғызыншыдан, ұлттық тарихты зерделеу қазақстандық БАҚ-та жиі 
талқыланатын тақырыпқа айналды. 50 баспасөз басылымы мен Интернет-
ресурстарында қазақ тарихына арналған тақырыптық айдарлар қолданылуда. 
Олардың ішінде: «Халық тарих толқынында» - «Егемен Қазақстан» газетінде, 
«Народ в потоке истории» - «Казахстанская правда» газетінде, «Тарих-таным» - 
«Дала мен қала» газетінде, «Тарих» - «Жас қазақ» газетінде, «Біздің тарих» - 
«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Тарих толқынында» - «Алаш айнасы» газетінде 
және т.б.
Тарих мәселелері ұлттық тарих мәселелері жөніндегі арнайы 
бағдарламалар, циклдік хабарлар шеберінде жүйелі талқыланады. 
Интернет-рестурда, әлеуметтік желілерде ұлттық тарихты зерделеу 
жөніндегі іске асырылып жатқан шаралардың кеңінен талқылануы Қазақстан 


194 
азаматтарының мемлекетіміздің өткенін зерделеуге, оның жалпы дүние жүзілік 
тарихи процестердегі орнын түсінуге, өзінің сәйкестілігі мен тарихи 
түптамырын ұғынуға, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген 
қызығушылығын арттырды. 
Оныншыдан, жас тарихшылар қауымдастығы құрылды. «Республикалық 
жас ғалымдар қауымдастығы» Астана қаласында 2013 жылғы маусымда 
құрылды. Жаңа Қауымдастық өз қатарына қазақстандық тарих ғылымының 
тарихи процестерге өз көзқарасы бар және ұлттық тарихты объективті ұғынуда 
жаңа бағыттарды дамытуға қабілетті жаңа буы болып табылатын білімді жас 
кәсіби мамандарды біріктіруге арналған. 
Бүгінгі таңда ұйым мүшелері әртүрлі ғылыми және сараптамалық-талдау 
жұмыстарын жүргізуде. Ішінара алғанда, 2014-2016 жылдарға арналған «Халық 
тарих толқынында» бағдарламасы жобасының шеңберінде Қауымдастық 3 
ғылыми жоба әзірледі. Іске асыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 
шеіберінде тарих ғылымы саласындағы 2 әлеуметтік жоба дайындалды. 
Қауымдастық мүшелері ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-
практикалық орталығымен ынтымақтастығын дамытуда. Мәселен, «Шыңғыс 
хан» (1-5 сериялары) жалпы білім беру фильміне сараптама жасалды. Мәскеу 
облысының (РФ) Домодедово қаласында өткен жас сарапшылар семинарына 
қатысты. 
Осылайша, ұлттық тарихымызды түркі халықтарының тарихымен, Орта 
Азия мен Орталық Азия тарихымен, әлемдік тарихпен байланыста зерттеу, 
зерделеу жүзеге асырылды, Отан тарихының өзекті оқиғаларына куә болатын 
түпдеректер жинастырылып, елімізде Отан тарихының маңыздылығы артылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет