Персоналды жұмыстан босату немесе қысқартуды жоспарлау. Өндірісті немесе басқаруды рационализациялау (оңтайландыру) салдарынан жұмыс күшінің керек шамадан артықтығы пайда болады. Персоналды босатуды жоспарлау сыртқы еңбек нарығына біліктілігі жоғары кадрларды шығармауға және осы персоналға әлеуметтік қиыншылықтар тудырмауға мүмкіндік береді.
Жұмыстан босайтын жұмыскерлердің жұмысын жоспарлау босатулар түрлерінің жіктеуіне негізделеді. Жіктеу критерийі жүмыскердің ұйымнан кету еркіндігінің дәрежесіне байланысты болады. Олар:
жұмыскердің талабы бойынша;
әкімшіліктің талабы бойынша;
зейнеткерлікке шығуға байланысты.
Ұйымнан кету адам өмірінде маңызды орын алатындыктан басқару қызметінің басты мәселесі жұмыстан босаған кісілерге басқа өндіріске барудың, әлеуметтік және жеке жағдайлардың жайлы өтуіне аса көңіл бөлулері керек.
Персоналды пайдалануды жоспарлау. Бұл процесс штаттық лауазымды жұмыс орындарын толтыру жоспарын жасаудан басталады. Бұл жұмысты анықтағанда адамдардың біліктілігімен қатар бір адамға түсетін психикалық және физикалық жұмыс көлемі мен үміткердің мүмкіндіктерін ескеру қажет. Адам үшін лайықты болатындай еңбек ету шарттарымен қамтамасыз ету қажет.
Оқытуды жоспарлау. Персоналды оқытуды жоспарлау ұйым ішінде және сырттай оқыту немесе білім алу, өз бетінше дайындалу арқылы болатынын ескерген іс-шаралардан тұрады.
Сыртқы еңбек нарығынан біліктілігі жоғары жаңа мамандарды іздемейақ персоналды оқытуды жоспарлау арқылы жұмыскердің меншікті өндірістік ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай жоспарлау жұмыскердің жұмысқа жұмылуына, мотивациялануына және тезірек бейімделуіне жағдай жасайды. Ол жұмыскердің өндірістің өзгермелі жағдайында сол жұмыс орнында-ақ бейімделу процесін жылдамдатады. Іс жүзінде ұйымда персоналды оқытудың екі түрі қалыптасқан: жұмыс орныңда және жұмыс орнынан тыс жерде.
Жұмыс орнында оқыту арзан әрі жедел болып табылады, күнделікті жұмыспен тығыз байланысының бар болуымен сипатталады және дәрісханада оқытуға әдеттенбеген жұмыскердің оқу процесін меңгеруін жеңілдетеді.
Жұмыс орнынан тыс жерде оқыту барынша тиімді, бірақ қосымша қаржылай шығындарды талап етеді және жұмыскерді өзінің қызметтік міндеттемелерінен алшақтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |