Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет32/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
multi-293 x970856161

6 лекция
Персоналды жоспарлау
1. Персонал маркетингі және функциялары
2. Қызмет түріне және жұмыс орнына қойылатын талаптарды оқып білу (зерттеу).
3. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасын зерттеу
4. Персонал маркетингінің коммуникациялық функциясы.


1. Персонал маркетингі - ұйымды ұзақ мерзімге адам ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған, басқарушылық қызметтің түрі. Бұл ресурстар стратегиялық потенциалды құрады және оның көмегімен нақты мақсатты, міндеттерді орындауға мүмкіндік туады.
Персонал маркетингі адам ресурстарын басқару саласында өндірістік маркетинг функцияларын мазмұнды түрде кеңейтуді білдіреді. Оған келесі элементтер кіреді:
- маркетинг нарыққа бағытталған басқарудың негізгі қағидасы ретінде;
- маркетинг шешімдерді жүйелі түрде іздеу әдісі ретінде. Қазіргі заманғы нарықты зерттеу әдістерін қолдану арқылы стратегиялық, сонымен қатар оперативті шешімдер үшін мәлімет базасы құрылады;
- маркетинг бәсекелестік артықшылыққа жету құралы ретінде.
Персонал маркетингі жұмыс орнын еңбек нарығында сатылатын тауар ретінде сипаттайды. Осы көзқарастан персонал маркетингінің элементтері келесі түрде болуы мүмкін: ол персоналды стратегиялық және оперативті жоспарлау бағыты ретінде белгіленеді; ішкі және сыртқы еңбек нарығын зерттеу әдістерін қолдану аркылы персоналмен жұмыс істеу үшін ақпарат базасын құрады; мақсатты топтармен коммуникация (нарық сегменті) арқылы жұмыс берушінің тартымдылығына жетуге бағытталған.
Шетел ұйымдарында персонал маркетингі міндеттерінің құрамы мен мазмұнын анықтаудағы тәсілдерінің екі негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады:
Бірінші қағида персонал маркетингінің міндеттерін кең мағынада қарастыруды ұйғарады. Қазіргі жағдайда персонал маркетингі адам ресурстарын басқарудағы белгілі бір философия мен стратегия ретінде түсіндіріледі. Персонал (соның ішінде потенциалды) ұйымның сыртқы және ішкі клиенттері ретінде қаралады. Мұндай маркетингтің мақсаты - максималды қолайлы еңбек жағдайын жасау арқылы кадр ресурстарын оңтайлы пайдалану. Персонал маркетингінің бұл қағидасы кең мағынасында нарықтық ойлануға сүйендіреді, бұл оны кадрларды басқарудың дәстүрлі әкімшілік тұжырымдамасынан өзгеше етеді.
Екінші қағида персонал маркетингін тар мағынада - персоналды басқару қызметінің ерекше функциясы ретінде сипаттайды. Бұл функция кәсіпорынның кадр ресурстарына деген қажеттілігін толтыру мен анықтауына бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет