Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет38/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
multi-293 x970856161

Еңбек нарығын сегменттеу. Коммуникациялық функцияны тиімді орындаудың алғышарты ретінде еңбек нарығын сегменттеу болып табылады. Сегменттеу - персоналға деген сұраныс пен белгілі бір жұмысбастылық мотивіне ұқсас әсерімен ерекшеленетін, оның бөлек элементтеріне деген ұсынысты ажырату процесі. Бұл элементтерге еңбек нарығындағы қарым-қатынасында жұмыс берушіге сүйенетін мақсатты топтар жатады. Құрылатын мақсатты топтар мүмкіндігінше ішкі мазмұны біртекті, сыртқы құрамымен әртекті болуы тиіс.
Еңбек нарығын сегменттеудің негізгі әдістеріне факторлы және кластерлі талдау жатады. Факторлы талдау мақсатты топтардың құрылу критерийлерін бөледі. Персонал маркетингінің тәжірибесінде қабылданған сегменттеу критерийлеріне географиялық, демографиялық, экономикалық, психографиялықжүріс-тұрысы кіреді.
Сегменттеу критерийлері (фактор) бойынша кейбір мақсатты топтарды бөліп көрсету мысалы төмендегі кестеде берілген.


Еңбек нарығында мақсатты топтарды бөлу

Сегменттеу критерийлері

Параметрлер мазмұны

Географиялық

Аймақ, әкімшілік бөлініс, халық саны

Демографиялық

Жас мөлшері, жынысы, тұрмыс жағдайы, ұлттық құрамы

Экономикалық

Білім деңгейі, жас мөлшері бойынша жұмысбастылық, кәсібі бойынша, салалық құрылым бойынша, табыс деңгейі, еңбек стажы

Психографиялық

Жеке қасиеттері, тұлға типі, өмірлік қажеттіліктері

Жүріс-тұрыс

Мансаптық ұстанымдар, мотивациялық ұстанымдар, жұмысқа қызығушылық деңгейі

Тиімді сегменттеу жұмыс берушінің еңбек нарығымен қарым-қатынасының негізін анықтауға мүмкіндік береді, персоналға деген қажеттілікті қанағаттандыру жолдарын және көздерін бекітуге жәрдемдеседі.


Персонал қажеттілігін қанағаттандыру жолдары мен көздері. Персонал қажеттілігін қанағаттандыру жолдары мен көздері жұмыс беруші-ұйымға қатысты сыртқы немесе ішкі болуы мүмкін.
Сыртқы көздері - бұл ұйымның персоналға деген қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, кәсіби және әлеуметтік инфрақұрылымның объектілері.
Ішкі көздері - бұл ұйымның өзі персоналға қажеттілігін қамсыздандыру мүмкіндігі.
Персонал қажеттілігін қанағаттандыру жолдарына кадрлық қажеттілікті жабудың белгілі бір көздерінен персоналды қабылдау тәсілдері жатады.
Персонал қажеттілігін қанағаттандыруда екі жолды белгілеуге болады: активті және пассивті.
Активті жолдарына мыналар жатады:
1) ұйым өзіне қажетті персоналды оқу орындарынан жинайды, ол оқу орнымен де, білім алушымен де екі жақты келісім жасайды;
2) ұйым пайда болған вакансия бойынша жергілікті немесе аймақаралық еңбек агенттеріне (еңбек биржасы) тапсырыс береді;
3) ұйым персонал бойынша кеңесшілер қызметін және персоналды қабылдау бойынша арнайы делдалдық фирмалардың қызметін қолданады;
4. ұйым жаңа персоналды өз қызметкерлері арқылы тартады Бұл негізінен үш бағытта орындалады: үміткерлерді қызметкерлердің отбасы аясынан тарту; үміткерлерді басқа ұйымдардан тарту және оқу орындарынан тарту;
5. ұйым кадрлық ресурстарды ұсынудың белгіленген шарттары бойынша басқа жұмыс берушілермен лизингтік келісім құрады.
Персонал қажеттілігін қанағаттандырудың пассивті жолдары мыналар: 1) ұйым өзінің бос орындары жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамалық хабарламаларын беру және арнайы басылымдар арқылы хабарлайды;
2) ұйым үміткерлерді жергілікті жарнамалық шараларды өздігінен кейін күтеді.
Ұйым алдында тұрған мақсаттарға жету үшін ұйымды өз уақытында адам ресурстарымен қамтамасыз ету қажет ол үшін маркетинг жұмыстарын жүргізген жөн.
Ең алдымен кәсіпорын іс-әрекет ететін экономика саласына сипаттама беріледі, саланың даму кезеңдері мен үрдістері (үш негізгі түрі - тұрақты даму, дамушы және дағдарыстык жағдай) көрсетіледі, сондай-ақ кәсіпорынның саладағы орны көрсетіледі. Кәсіпорынға сипаттама берілгенде оның нарықтағы баска үйымдар мен компаниялардан келесі ерекшеліктеріне назар аудару қажет:

  1. Кәсіпорынның толық және қысқартылған атауы, онытіркеу орны мен күні, тіркеу куэлігінің нөмірі мен салык қызметіндегі есепке алу нөмірі, кәсіпорынның құкықтықмекен-жайы, банк деректемелері.

  2. Кәсіпорынның үйымдық-құқықтық нысаны.

  3. Жарғылық капиталының мөлшері.

  4. Негізгі меншік иелерінің жарғылық капиталдағы үлесін көрсеткен тізімі, олардың әрқайсысының кәсіпорынды құрғандағы және қызметіндегі рөлі.

  5. Кәсіпорынның негізгі іс-әрекет түрі.

  6. Соңғы үш жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржылық тиімділік көрсеткіштері.

  7. Кәсіпорын миссиясының қалыптасуы, алдыңғы жәнеболашақтағы мақсаттары мен мәселелері.

  8. Кәсіпорын ұсынатын өнім мен қызметтер нарығыныңкөлемі.

  9. Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтары.

  10. Кәсіпорын мәселелері.

  11. Басқарудың жоғарғы шеніндегі басшылардың сипаттамасы: бас директор, орындаушы директор, директорлар, басбухгалтер (тегі, аты, әкесінің аты, жасы, білімі, біліктілігі, алдыңғы үш жұмыс орны мен қызметі, ондағы қызмет ету мерзімі).

  12. Кәсіпорын мен бәсекелестерінің күшті және әлсіз жақтарын талдау және бағалау.

Кейіннен нарыққа ұсынылатын өнім мен қызметтерге тұтынушы тұрғысынан түсініктеме және анықтама беріледі. Оларды бәсекелестер өнімімен салыстырып, өнімді жетілдіру және өндірісті дамыту кажеттілігі негізделеді. Бизнес-жоспардың бүл бөлімі түсініктеме беру түрінде болады. Онда кәсіпорын ұсынылатын тауарлардың бәсекелес тауарларына карағанда артықшылықтары, олардың техника-экономикалық сипаттамалары, жетілдіру мен түрлендіру жолдары көрсетіледі. Көбінесе бизнес-жоспарда өнімнің (тауардың) келесі сипаттамалары көрсетіледі:

  1. Өнімнің атқарымдық мақсаты.

  2. Қосалқы өндірісте пайдалануды ескергендегі, өнімдіпайдалану мақсаттары;

  3. Сапалық көрсеткіштер (ұзақтығы, сенімділігі, пайдалану және жөндеу қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі, кабылданған стандарттарға өнімнің сәйкестігі, технологиялығы, әмбебаптығы, ақау пайызы, сапаны бақылауға, сату алдындағы,
    сатудан кейінгі және кепілдемелік қызмет көрсетуге талаптар).

  4. Сыртқы безендіру мен қораптау;

  5. Өнімнің қазіргі кездегі сатысы (ой, жұмыс жобасы,тәжірибелік үлгі, топтамалы өндіріс және т.б.);

  6. Тауардың (кызметтің) артықшылықтарына, әлсіз жәнекүшті жақтарына түсініктеме беру;

  7. Басқа тауарлармен салыстыру;

  8. Өнімді (кызметті) жетілдірудің негізгі бағыттары.

Маркетинг жоспары келесі бөлімдерден тұрады:
1) маркетинг мақсаттары мен стратегиялары;
2) тауар нарықтарын кешенді талдау және жобалау;
3) бағаның қалыптасуы;
4) тауарды (қызметті) тарату жүйесін таңдау;
5) жарнама;
6) сатуды ынталандыру әдістері, клиенттерге сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Кешенді талдау бизнес-жоспар дайындаудың негізгі кезеңдері болып табылады және шартты түрде төрт кезеңнен түрады. Бірінші кезеңде - нарықтың ықтимал сыйымдылығын бағалау, яғни белгілі аймақтың тұтынушылары бір айда, тоқсанда немесе жылда сатып алатын тауарлардың жалпы көлемі анықталады. Екінші кезеңде - нарық жағдаяты негізінде сатудың ықтимал көлемін бағалау, яғни белгілімүмкіншіліктерді есепке алғанда сату көлемін анықтау. Үшінші кезеңде - тұтынушыларды белгілі белгілері бойынша топтау негізінде нарықты сегменттеу жүргізіледі. Төртінші кезеңде - нарықты кешенді бағалау, яғни болашаққа сату көлемінің жобасын дайындау. Ірі кәсіпорындарда мұндай болжауды әзірлеу әр түрлі әдістердің (статистикалық ақпараттың көп көлемін пайдалану арқылы математикалық үлгілеу, маркетингтік зерттеулер жүргізу және т.б.) көмегімен анықталуы мүмкін. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында көбінесе тұтынушыларға сауалнама, кәсіпорын менеджерлерінің сараптамалық бағалауларын жүргізу арқылы шектеледі. Тауар бағасы көптеген факторларды ескеріп анықталады: өнімнің өзіндік кұны, тауардың ерекше артыкшылықтары, оның сапасы, бәсекелестердің ұқсас тауарларға немесе алмастырушы тауарларға бағасы, берілген тауарларға сұраныспен анықталған бағалар. Бағаны бекіту әдісі мен кәсіпорын жоспарлаған баға деңгейі кәсіпорында баға саясатының қалыптасқанын көрсетеді. Маркетингтегі баға саясаты төмендегілерді қамтиды:

  • нарыкка шығу;

  • нарықтан бәсекелестерді ығыстыру;

  • жаңа тауарды нарыкка шығару;

  • «нарықтан қаймақты калқып алу» стратегиясы негізінде жоғарыпайданы алу;

  • өнімді өндіру және сатуға байланысты шығындардыңорнын тез арада толтыру;

  • кәсіпорынның нарықтағы үлесін кеңейту және бірқалыпта ұстау және т.б.

Жарнаманың негізгі функцияларының бірі - бәсекелес тауарлар арасынан жеке сипаттамаларымен ерекшеленетін, тек осы тауар түріне ғана тән (тұтынушылыққасиеттерінің қайталанбауы, жоғары сапасы немесе төмен бағасы, қорапталуы) өнімді бөліп көрсету болады. Жарнама бөлігінде жарнаманың типі (тауарлық және фирмалық) және жарнаманы тарату кұралдары (сыртқы жарнама, басылым өнімдері, радио және тележарнамасы, көліктегі жарнама және т.б.) таңдалады. Кәсіпорын жарнаманы өзі немесе мамандардың көмегіменжасайтынын шешуі керек. Жарнама - қымбат іс-шара, сондықтан жобаны іске асыру кезеңіне жарнаманың бюджетін анықтау қажет. Жарнамаға кететін шығындар «Өндіріс жоспары» бөлімінде көрсетіледі. Кәсіпорындағы сұранысты қалыптастыру және өнімді өткізуді ынталандыру жүйесіне түсініктеме беріледі. Сервисті кеңейтудің кәсіпорын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда мәні зор. Бұл бөлімшеде сервистік қызметтердің сату алдындағы, сатудан кейінгі және кепілдемелік кызмет көрсету шарттарын көрсету кажет.
«Өндіріс жоспары» бөлімінде кәсіпорын жақындағы 2-3 жылда (ірі компаниялар үшін мерзім 4-7 жылға дейін созылуы мүмкін) тиімді өнім (қызметтер) өндіруді жоспарлау жолына түсініктеме береді. Бұл бөлімде - тауарлар қайда дайындалатыны, қандай өндірістік қуаттар қажет болады, қандай жабдық қажет және жетіспейтін жабдықты кайдан сатып алуға болатыны жоспарланады, өндірістік ағымдар тізбегі қандай, шикізат пен материалдар кімнен және кайдан сатып алынады, өндірістік бірлесу жоспарлана ма, сапаны бақылау жүйесі қандай, өндірілетін өнімнің (кызметтердің) өзіндік құны кандай? - деген сүрақтарға жауап береді. Бұл бөлімнің құрылымы және оны әзірлеу кезеңдері төмендегідей болады:

  1. Өндіріс және өнімді сату бағдарламасы (жылдар бойынша тоқсандарға бөліп көрсету): өнімнің әрбір түрі бойынша - табиғи және құндык көріністегі өндіріс көлемі, табиғикөріністегі сату көлемі, өнім бірлігін сату бағасы, сатудантүскен табыс, өнімді сатудан алынған жалпы табыс анықталады.

  2. Технологиялық үдерістің тізбегі: жобаның техникалықбазасы болып табылатын станокты жабдықтың, машиналардың және құралдардың түсініктемесі, қажет етілетін өндірістікқуаттар, энергия көздеріне талаптар, шикізат, материалдарға,жинақтайтын өнімдерге және өндірістік қызметтерге қажеттілік, өндірісті дайындауға талаптар, өндіріс технологиясынжетілдіру мүмкіншіліктері.

  3. Өндірісті үйымдастыруға койылатын талаптар: өнеркәсіптік (қүрылыс, көліктік, сауда және басқалары) өндірістіұйымдастыру түрлеріне, кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымдарына талаптар; өндірістік үдерісті ұйымдастыруға талаптар, соның ішінде кәсіпорынның қосымша шаруашылықтарын ұйымдастыруға, өндірістің техникалық дайындығына материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жне өнімді өткізуді ұйымдастыруға, маркетингтік қызметті ұйымдастыруға, кәсіпорын кадрларын қалыптастыруға; еңбекті ұйымдастыруға талаптар.

  1. Негізгі құралдарға қажеттілік: өндірістік алаңдармен қазіргіжабдықтардың саны және оған сәйкес жалпы қажеттіліктер; негізгі жабдықпен жабдықтаушылар және оныңшарттары (сатып алу немесе жалға алу). Жабдық лизингі.Амортизация түрлері (қарапайым жэне жеделдетілген). Амортизациялык аударымдар мөлшері, жеделдетілген амортизация мөлшерін пайдалануды негіздеу.

  2. Жабдықтаушылар мен серіктестер: кәсіпорын қандайкәсіпорындармен және ұйымдармен іскерлік карым-қатынасжасайтынын анықтау қажет.Шикізат және материалдар (атауы, жеткізу шарты) және бағдарланған бағалар. Материалжәне шикізатпен қамтамасыз етудің көздері.

  3. Айналмалы қорларға қажеттілік. Шикізат және материал, жылу жэне электроэнергия, ыдыстар, қосалқы бөлшектер, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс, сатып алынған жәнеөзі дайындаған жартылай өңделген өнімдер, болашақ кезеңшығындарын талдау кажет.

  4. Персоналдарға және еңбекақыға қажеттілік. Әр мамандық бойынша жұмыскерлер санын көрсетіп, мамандықтартізімін кұру қажет. Сонымен бірге мамандар мен қызметкерлер, негізгі және көмекші өндіріс жұмыскерлері бойынша талап етілген олардың біліктілігін көрсету қажет; еңбекті ынталандыру және еңбекақы шартын, бөлімшелердің құрамы
    мен құрылымын, персоналдарды оқыту мүмкіндіктерін, кәсіпорындардың даму деңгейі өскен сайын персоналдар құрылымындағы мүмкін болатын өзгерістерді бекіту қажет.

  5. Өнім өндірудің жылдық шығындары: өнімді өндіружәне өткізу шығындары (жылдық өнімге). Айнымалы (өндіріскөлеміне парапарлы) және тұрақты шығындар (өндіріс көлеміне тәуелсіз). Өнім (кызмет, жұмыс)бірлігінің өзіндік құны.

  6. Құрылыс кұны, жобалық-сметалық құжаттарда жәнесметалық-қаржылық есепте қарастырылған, жобамен бекітілген күрделісалым қүрылымы, оның ішінде құрылыс-құрастыру жұмыстары, жабдыққа жұмсалған шығындар және басқада шығындар.

  7. Экологиялық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Табиғатты қорғау шаралары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет