Музыка Әуен ойнап тұрады, бұлт үстінде періште қыз бала отырады


Бекнұр: Мерекені қарсы алып, Мәз болғанда барша жұрт. Гүл ұсынып қыздарға, Береміз біз аналарға ән салып. 10.Аяулым



бет3/3
Дата27.02.2023
өлшемі34.18 Kb.
#470108
1   2   3
8 наурыз Анашым күнім

9.Бекнұр:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт.
Гүл ұсынып қыздарға,
Береміз біз аналарға ән салып.
10.Аяулым

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз

11.Әміре
Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
12.Жасмин
Ақылшымыз, данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жүріңіз
8-Би: “ Ромашка” Аяулым, Азиза,Адина,Аяна, Жанерке, Жасмин
Киімдері: Сары көйлек сары туту юбка ,ақ колготки, ақ туфли, қолға ромашка
Көктем ханшайымы:
Тамаша!Қандай жақсы.
Балалар менің әлі де ұзақ жол жүруім керек.Сендерді барған жерімде мақтай жүремін.Жасаған батылдықтарыңды ешқашан ұмытпаймын.Қош сау болыңдар!
9-жағымды әуенмен Көктем ханшайымы балалармен қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші
-Балалар біз қонаққа ,тойға барғанда бізге бар тәттілерін беретін кім ол?
Балалар:
ӘЖЕ!
Жүргізуші

  • Иә балалар,Әжемізғой!

Олай болса әжелерге арнап ән шырқайықшы.
10.ӘН. Әжемнің шәйі. хор
11-Тақпақтар
13.Рысбек:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын!
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжетай сізді жақсы көремін деп,
Ақырын құлағына сыбырлаймын.



14 Асылым
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
15.Диас
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем
16.Жанерке
Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін
17. Әділбек
Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
18. Жігер
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Жүргізуші:

  • Тамшылар!Бұл жаңбырғой!Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар.

Осы кезде әуенмен жаңбыр залға кіреді.
Жаңбыр:

  • Алақай!Бұл- мен! Мен Жаңбырмын!Армысыңдар балалар мен аналар! -Балалар,мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым,ал көктем мезгілі келісімен жылы жаңбырға айналдым.Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын,өсімдіктерді суарамын.Міне көктем де келіп жетті.Осы өлкеге келгеніме өте қуаныштымын.Ал сендер қуаныштысыңдарма? Көңіл күйлерің қалай?

  • Иә!Қуаныштымыз!

Жаңбыр:

  • Тамаша! Мен сендермен ән шырқаймын көңіл көтеремін!Әсіресе билегенді ұнатамын.

Жүргізуші:

  • Жаңбыр біз де биді жақсы көреміз!

12. Ұлдар биі. “Тамшылар”
Киімдері. Ақ рубашка, көк шляпа, көк панчо, туфли кара чишки
Тақпақтар
19.Данияр
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
20. Раяна
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
21.Мейрам
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
22 Көзайым
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
23 . Н.Азиз
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
24. .Дамир
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
Жаңбыр.
Балалалр,сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?
Жүргізуші:
-Біздің балалардың барлығы аналарына ылғи көмектесіп жүреді.
Жаңбыр:
Ойын Шарты мынадай: Қәзір мен екі баламен өз аналарын ортаға шығарып,жаюлы тұрған орамалдарды аналарыңа жылдам әкеліп беруді сұраймын .Әйтпесе менің тамшыларым орамалдарды сулап тастайды.
13.Ойын. «Үздік көмекші»
Жүргізуші:

  • Айттымғой Жаңбыр!Балаларымыз өте ақылды,қамқор!

Жаңбыр:

  • Тамаша Балалар,білімді екенсіңдер!мен сендермен көңіл көтеремін деп өз анамды мерекесімен құттықтауға ұмытып кеттім!Қәзір менің кетуім керек.Сендерге рахмет!Қош сау болыңдар!

Әуен ойнап балалар жаңбырмен қоштасады
14.қыздар биі «Қолщатыр » Көзайым, Аяла,Ұлдай, Асылым, Раяна,
Киімдері. Қызыл туту юбка, ақ топик, бастарына қызыл повяска
- Балалар біздің де аналарымызға жасаған сыйлығымызды тарту ететің кез келген секілді.
15. видеоролик арқылы балалардың аналарға деген тілегі көрсетіледі.
Әуен қойылып балалар өз аналарына жасаған сыйлықтарын тарту
етеді.
Жүргізуші:

  • Құрметті Аналар!Бұл жай ғана сыйлық емес балалардың шын жүрекпен арнап жасалған сыйлықтары ! Сіздерге осы мерекеде зор денсаулық,таусылмас мейірім тілейміз. «Анашым -Күнім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

«Анашым -Күнім» атты ертеңгілігі




Ересек “Наурыз” тобы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет