Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Музыкалық сабақтарында жалпы дидактикалық әдістерді



Pdf көрінісі
бет30/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
7.1 Музыкалық сабақтарында жалпы дидактикалық әдістерді
қолдану ерекшеліктері
Жалпы педагогикада әдістердің: білім көздеріне байланысты
(ауызша, көрнекіліктермен), міндетіне қарай (білім беру, икемділік пен
дағдыларды қалыптастыру), танымдық әрекетінің сипатына қарай
(түсіндірмелі-иллюстративті, эвристикалық т.б), дидактикалық мақсатына
(алғашқы материалдарды игеріп, меңгеру) қарай жіктеу бар. Осының
барлығы музыкалық білім беру педагогикасында да қолданылады.
Салыстыру әдісі музыкалық білім беруде кеңінен қолданылады. Ол
мынадай музыкалық материалдарды: тактінің әлді және әлсіз үлесі, forte
мен piano, әртүрлі екпін, тембрледі салыстыруда көп көмегін тигізеді.
Салыстыру әдісінің түрлері: 
- ұқсастықтар мен айырмашылытарды ажырата білу әдісі;
- ұқсастыру әдісі, мәселен таныс әуенді басқа туындалардан табу;
- қайта таңбалау (перекодирование) әдісі, музыкалық бейнені әртүрлі
би қимылдарымен жеткізу және т.б.
Тыңдау-көркемдік тәсілдері белгілі бір музыкалық туындыны
тыңдай отырып, өзінің орындауында көрсететін орындаушылық әрекетті
дамытатын әдістің бірі.
Ауызша тісіл арқылы оқығанда оқушылар біріншіден есту арқылы
музыкалық білімін сөз формалары арқылы жеткізуге тырысады, екіншіден
өз саналарында жалпы музыкалық терминдерді бекітуге көмектеседі.
7.2 Музыкалық білім берудің өзіндік, арнайы әдістері
Мұнда оқушының алатын музыкалық білімінің әр түрлі жақтарын
қамтиды.
Музыка сабағындағы сезімдік драматургия әдісі (Д.Б.Кабалевский,
Э.Б.Абдуллин).
35


Сезімдік драматургия тәсілі музыка сабағында мынадай
драматургиялық мәселелерді шешуге бағытталады:
- барлық сабақтың эмоциялық векторын айқындайтын интродукция;
- сипаты жағынан әр түрлі музыкалық туындылардың қарама-
қарсылықтары мен ұқсастықтарын шектей отырып үйлестіретін, балалар
мен мұғалімнің орындауындағы оқушының музыкалық әрекетінің
түрлеріне, жұмыс формаларына, музыкалық шығармаларға композиция
құру;
- оқушылардың өздері айқын да ашық музыкалық туындыларды
тыңдауы не орындауымен байланысты сабақтың сезімдік-эстетикалық
шарықтау шегінің (кульминация) көрінуі;
- сабақ мақсатының алдын-ала орындаулуы, оның сипаты мен көңіл -
күйі, жалпы сабақтың музыкалық композициясының логикалық аяқталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет