Сыныптан тыс және сыныптағы музыкалық жұмыстардың тағы бір
формасы –
жалпыға бірдей музыкалық-ағартушылық формалар. Бұл -
әр алуан музыкалық мейрамдар, дәрістік-концерттер, музыкалық ойындар
т.б. Олардың мектептен тыс өтетін жұмыстардан басты айырмашылығы –
балалардың барлығына бірлей арналған жұмыстар.
Онда балалардың
музыкаға қаблеті, қаблетсіздігі туралы сөз мұлде жоқ десе де болады.
Негізігі мақсат – барлық балаға бірдей музыка өнерін таныту, қалай да
болса музыканың сырлы да сиқырлы күшін бала жүрегіне жеткізу.
Мектептен және сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде
негізгі орын
алатын –
балалардың музыкалық мектептері. Балалардың музыкалық
мектептері екі бағытта жұмыс істейді:
ең алдымен балаларға жалпы
музыкалық білім беруді көздесе, екіншіден ең талапты,
дарынды
балаларды
кәсіби музыкант деңгейінде дайындайды.
Қорыта айтқанда – жалпы сыныптан, мектептен тыс музыкалық
жұмыстар
музыка сабағымен байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: