Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы Мамандығы «Музыкалық білім беру»



жүктеу 1.33 Mb.
бет1/8
Дата05.03.2016
өлшемі1.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Н. Дүкенбай

Г. Дүкенбай



Музыкалық психология,

музыкалық білім беру

психологиясы,

музыкалық іс-әрекет психологиясы
Мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттері мен

оқытушыларына арналған оқу құралы

Павлодар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Н. Дүкенбай

Г. Дүкенбай

Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы

Мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттері мен

оқытушыларына арналған оқу құралы

Павлодар


Кереку

2008


КДК 159.9:78 (075.8)

ББК 88. 4 я 73

Д 87
Баспаға С.Торайғыров атындағы ПМУ Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі

ұсынды
Рецензия жазғанан:

Г.К. Қажыбаева – филология ғылымдарының кандидаты, доценті.


Н.Дүкенбай, Г.Дүкенбай

П30 Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы,

музыкалық іс-әрекет психологиясы: мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттеріне және оқытушыларына арналған оқу құралы / ПМУ доценті Н. Дүкенбай, ф.ғ.к., ПМУ доценті

Г. Дүкенбай. – Павлодар : Кереку, 2008. – 104 б.


ISBN

Оқу құралы келесі материалдарды қамтиды: Тұлға. Музыкалық қабылдау. Музыкалық қаблеттер. Ойлау. Тұлға және қоғамның музыкалық санасы және музыкаға оқыту: психологиялық-педагогикалық аспектісі ... музыкалық психология және музыкалық білім беру психологиясы мен музыкалық іс-әрекет психологиясының негізгі түсінігі, категориялары. Жалпы музыкалық қабілетінің дамуы мен қалыптасуы (есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, кәсіби есте сақталуы), көркем-бейнелеушілік қалыптасу мәселесін, шығармашылық қиялы мен елесін, оқу әдісінің жүйесі мен оқушы-музыканттың шығармашылық потенциалын (деңгейін) қарастырады.

Оқу құралы Мемлекеттік стандартқа сәйкес 050106 (бакалавриат) «Музыкалық білім беру» мамандығы және 6N0106 (магистратура) бойынша жазылған. Оқу құралын оқытушыларға, магистранттарға, аспиранттарға, жоғары және орта арнайы кәсіби оқу мекемелерінің студенттеріне, жалпы білім беру мекемелерінің мамандарына ұсынамыз.

УДК 159.9:78 (075.8)

ББК 88. 4 я 73

ISBN


© Н. Дүкенбай, Г. Дүкенбай, 2008

© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2008



Кіріспе
Педагог, орындаушы, музыкант-ізденуші болам деген мамандарға кәсіби музыкант болып қалыптасу үрдісінде психологиялық дайындық маңызды роль атқарады. Музыкалық білім беру үрдісінде психология, оның ішінде музыкалық білім беру психологиясы (іс-әрекет психологиясы) оқу-білім процесіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге ықпал тигізеді: жалпы және арнайы қабілетінің қалыптасуына, көркем-бейнелі ойлауының дамуына, техникалық дағды мен икемділігін түйсінуіне және т.б.

Берілген пән бойынша практикалық дәрістер оқушы-музыканттың практикалық іс-әрекетіне байланысты (осы атауды «музыкалық іс-әрекеті психологиясы» дәлелдейді). Оның атауын, мазмұнын, тақырыптарын оқу құралы ашады дегенге сенеміз. Студенттің музыкалық-психологиялық мәселелерге кіруін және де өз-өзін осы саладан хабардар етуін үйретеді. Ең негізі өзін-өзі музыкалық психологияға бейімдейді және берілген материалдарды білім жүйесінде, өз білімінде де қолданады.

Оқу құралында жалпы және арнайы психология саласындағы белгілі өкілдердің пікірі, көзқарастары және ғылыми позициясы берілген. Бір байқайтын нәрсе: психология саласына үлес қосқан, музыкаға әуес психологтар және музыканттар психологиямен шұғылданатындардың да пікірлері аз емес.

Психология саласында шетел ғалымдары Г.Риман, Э.Курт т.б. үлкен жетістікке жеткен және Ресей ғалымдарының да үлесі мол: Б.М.Теплов, Л.С.Выготский, Г.М.Коган, Е.В.Низайкинский, В.В.Мендушевскийлердің еңбектері де атаулы атаққа ие болды.

Сондықтан музыкалық-шығармашылық іс-әрекет психологиясын, оның негізін және заңдылықтарын кәсіби музыкант білуі жөн. Сондықтан музыкалық психологияны білмей жақсы оқытушы, мұғалім болмайсың, музыкалық психологияны біле тұра сабақ үрдісінде, дәріс оқығанда, көрермен алдында орындау барысында бір мәселені шешуге болады, ол-сахналық стресс. Музыкалық - психология үрдісіне кіру керек нәрсе және ол қызықты да.

Қазіргі ғылым ой-пікірінде, адам іс-әрекет үрдісінде, шығармашылық практиканы қосқанда, өзінің қабілетін, потенциалын, креативін бір ретте төрт, не үш бөлігінің мүмкіншілігін пайдалана алады.




Пәннің мақсаты мен міндеттері және оқу үрдісінде алатын орны

Қазіргі мектепте музыкалық білім беру, музыкалық тәрбие беру баланың шығармашылық талабы мен музыканы қабылдауының дамуына бағытталған. Болашақ музыка мұғалімін дайындау барысында музыкалық көңіл-күйінің, ой сезімінің, көзқарасының үлкен маңызы бар.

«Музыкалық психология және музыкалық білім беру психологиясы» курсы (пәні) музыкалық - педагогикалық факультет студенттерін ақпараттық жолдармен дамыту емес, психологиялық-эмоциялық күй ерекшелігінің музыкалық іс-әрекеті арқылы дамыту. Музыка сабағын нық, нақтылы да психологиялық, физиологиялық негізінде құруға болады.

Пәннің мақсаты: арнайы музыкалық - психологиялық білімін сезіну, музыка табиғатының ерекшеліктерін табу, білу, сана мен өз сана-сезімі, музыкалық тәжірибе және музыка педагогикасындағы осы тәжірибенің ерекшелігін меңгерту.

Пәннің міндеттері:


  • музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру;

  • музыкалық санасы, ойлауы және қарым-қатынасын

қалыптастыру;

  • музыканы оқытудың психологиялық ерекшелігін білдіру;

  • музыкалық іс-әркетіндегі психологиялық эмоция-жігерлік

тысқары ерекшелігін қарау;

- жасқа бөліну, топтардың музыкалық дамуының

психологиялық ерекшелігі.

«Музыкалық психология және музыкалық білім беру

психологиясы» курсын студенттер әр пәндерде алған білімдері мен дағдыларына және өзіндік жұмысында пайдаланады.

Пәнді меңгеру қорытындысында дәлелдеуі, икемденуі қажет:

- адамның музыка туралы ерекше түсінігі, оны психологиялық

физиологиялық тұрғыда қарастыруы;

- музыкалық сапалылығы, ойлауы мен қарым-қатынасының

ерекшелігі;

- музыкалық іс-әрекетінің психикалық эмоция-жігерін тысқары

ерекшелігін сезу;



  • балалардың жас ерекшеліктеріне қарай музыканы қабылдау дамуының психологиялық ерекшеліктерін білу.


Музыкалық іс-әрекетінің психологиясы

Педагог үшін де, орындаушы үшін де, ізденуші үшін де, кәсіби

музыкант болу процесінде психологиялық дайындық маңызды роль атқарады. Өз әрекетінде міндетті түрде психологиялық аспектісімен шұғылдану қажет.

Қазіргі ғылым, адам өзінің әрекет процесінде үштен бір, не төрттен бір қабілетін, мүмкіншілігін пайдаланады. Сондықтан, психологиялық механизмді біле тұра – өзінің әрекет деңгейін көтере алады. Әрине, психология саласын біле тұра, өз бетінше қабілетін дамыта алмайды, бірақ та потенциалын қолдана алатыны сөзсіз.



1 Тұлға
1.1 Тұлға, даралық. Көркемдік - шығармашылық әрекет

Философтар, педагогтар, психологтар, социологтар тұлға категориясына түрлі анықтама береді.

Даралық болып туады, тұлға ретінде болу деген афоризм бар. «Мен» - тұлға мінезіне тұрақтылық қасиет, оның ішінде адамның сана-сезімі, «жақынға» деген, «алыстағы» қоршауға қатынасы, әлемге және өзіне деген ұғым. Осыны көркейтсе, адам өзі де көркейеді.

Өнерде басқаша: Моцарт «Дон Жуанды», «Свадьба Фигаро»-ны жазбаса, ол үшін ешкім де жазбаушы еді, дәл солай Абай болмаса, Абайдың қара сөздері болмаушы еді. Италияда 1452 ж. Леонардо да Винча тумаса «Моно Лиза» болмаушы еді.

«Таптырмайтын адам болмайды» деген сөз бар, бірақ ол өнерге қатысты айтылмаған. Дәрігерді, жұмыскерді, мұғалімді «ауыстыруға» болады, ал шығармашылық адамды «ауыстыруға» болмайды. Жоғары деңгейдегі көркем шығарма ешқашанда қайталанбайды. Дәл солай оқушылармен, жастармен қатынасқанда, педагог тұлғасын қайталауға болмайды, дәл солай музыкант тұлғасы (суретші болсын, әртіс болсын, әдебиетші т.с.) өзінің кәсіби әрекетінде қайталанбайды.
1.2 Музыка мұғалімінің кәсіби-маңыздылық сапалығы

Музыка сабағы өнер сабағы ретінде өте маңызды. Бұл тұрғыда музыкалық, педагогикалық, және басқа да білім, дағды мен икемділік қажет, онсыз музыка сабағы болмайды. Ең қажеті мұғалімнің жеке тұлға ретінде оқушыларды музыкамен қызықтыра алуы, музыканы ләззат ала орындауға, тыңдауға деген сезімін оята білуі. Музыкант-мұғалімде «интелегентный» деген қасиет болады. «Интелегент» - тұлғаның негізгі бөлігі болып табылады. Өйткені - ол музыкант. Сондықтан музыка мұғалімінің қасиетіне жататыны:

- музыкалығы, өзін музыкант деп санауы;

- балаларға деген махаббаты, эмпатийлығы;

- кәсіби ойшылдығы мен өзіндік сезімі;

- музыкалық-педагогикалық сезгіштігі;

- мұғалімнің әртістігі;

- музыка мұғалімінің тұлғалық позициясы.

Ең негізі, музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру – оның әдіснамалық мәдениеті. Әдіснама ғылымның бір саласы, ізденіс жолының әдісі ретінде қолданылады. Әдіснаманың оқу-ізденіс жұмысында алғаш рет аннотация, рецензия, баяндама дайындау болса, келесі ізденістің шыңы – шешім, гипотеза, нәтиже ретінде кәсіби әрекетінің жетілуі.
1.3 Музыка сабағындағы педагогикалық қатынас. Мақсаттары, функциясы, қазіргі талап, қатынас әдісі

Мұғалімнің кәсіби сапалылығы мен қасиеті – музыка сабағында жалпы сыныппен қарым-қатынасының икемділігі және әр оқушымен жеке қатынасы. Музыкалық-педагогикалық қатынас педагог музыканттың кәсіби шығармашылығының бір бөлігі ретінде қаралады да, ол функция жүйесі ретінде қалыптасады.

Музыкалық-педагогикалық функция қатынасына жататындары:

- коммуникативтік - ақпараттық – музыка сабағында

оқушыларға ақпаратты жеткізуі мен қабылдауы;

- функциялық реттеу – музыкамен көркем қатынас процесіндегі

басқару және оқушы мен мұғалімнің арасындағы реттеуі.

Сондықтан музыкалық-педагогикалық құрылысында келесі элементтер көрінеді: мотивация, мазмұнды-мағыналы, коммуникативті-орындаушылық.



Мотивациялық элемент – музыкалық - педагогикалық қатынастың негізі (көркем - эстетикалық табиғаты).

Мазмұнды-мағыналы – көркем - коммуникативтік мақсаты ретінде қаралады. Ол – көркем - эстетикалық бағыт, мұғалім мен оқушының музыкалық қатынас ерекшелігі, және де ең негізі – музыка сабағында коммуникативтік эстетикалық ситуацияны жасау.

Музыкалық - педагогикалық қатынасқа музыкалық-орындаушылық элементі жатады. Олар: музыка мұғалімінің елесі, функция, эмпатия, рефлексия, зейіні, аффектілік есте сақтау, мимика, пантомимика, өз-өзін ұстау және музыкант-педагогтың көркем-интеллектуалды саласындағы тұлғалығы.


1.4 Еріктілік – психологиялық категория. Еріктілік әрекетіне талдау және жіктелісі

Еріктілік деген – адамның өз мақсатына жету жолындағы

кездесетін қиыншылықтар мен бөгеттерден өте білу, адамның ерекше мінездемелік қасиеті. Еріктілік деп мақсат бағытындағы адамның өзінің қиыншылықтарын жоя алатынын, өз мінез-құлқын ұстай білетінін, жүріс-тұрысын бақылай білетінін айтамыз. Еріктілік әрекетінің психологиялық логикасы: маған керек мен істеймін, ештеңеге қарамай міндетті түрде жасау керек. Ол істегісі келе ме, жоқ па, оған қарамай қандай іс әрекет болмасын, ол істеу керек.

Еріктілік импульс адамның сана сезімінен келеді, не іштей сезімінен болады.

Еріктілік феноменді екіге бөлеміз: жай және күрделі. Жай еріктілік күнделікті өмірде кездеседі – жұмыс істегім келмесе де, оны атқарам деу, үйренген музыкалық шығарманың қиын кездерін меңгеру, оқушыдан берілген тапсырманы сұрау түрінде болады. Музыкадағы кішкене де болсын мәнерін қадағалау үшін ерікті түріндегі ынтасы керек.

Күрделі ерік (әрекетінің кешені) тұлғадан өмірлік қажеттілікті, мақсатты, маңыздылықты талап етеді. Жас адам өзіне мақсат қояды: «Мен беделді жоғарғы оқу орнына түсемін, жауапты халықаралық конкурсқа қатысамын, емтиханда күрделі шығарманы дайындап, алдарыңызда естіртемін» - деп. Бірақ қандай қиыншылықтар кездесетінін біле тұра, мұндай шешімге келу қиын, қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік болуы мүмкін. (Істегім келеді, бірақ қорқамын. Істегім келмейді, бірақ істеу керек).

Осы қорқынышпен, сенімсіздікпен ерік күресе білуі қажет, оның ең маңызды функциясы, міндеті - осы.

Алған міндетті әрекет негізгі міндетіне айналады. Еріктік үрдіс адамның сұранысына, қызығушылығына, құштарлығына, тұлғалық құндылығына байланысты.

Мынандай пікір бар – арнайы өлшем бар, побужденияның (оянушылықтың) динамикалық (әсерлеушілік) деңгейі бар, ол көрсеткіш нәтижесін көрсетеді, ол деген күш баспалдығының тәуелдігі мен нәтиже алудың арасы. Л.Ауэр сөзінде: «Мен жиі байқаймын, оқушының атаққұмарлығына әрекеттеу, бір нәтижені намысына тигізу, мен асқан нәтижені байқаймын».
1.5 Музыкалық әрекетінің кәсіби талабының ерік контекстілігі

Абсолюттік еріктің қандай да болсын көркем-шығармашылық әрекетінде, музыка мұғалімі мамандығында, композитор, орындаушы шығармашылық тәжірибесінің нәтижелі болуына керектігі. Сондықтан ерік адамның ерекше қасиеті түрінде көркемдік-шығармашылық қабілеттігіне кіреді. Сондықтан ерік ауыспалы, адамның болмысы мен әрекетіне, жағдайына байланысты. Ерік мінездің арқасында ауыспалы, өзгермелі болса да, адамның мінез құлқысының базасы, әрекетінің субъектісі ретінде болады.




1.6 Тұлға қасиетінің еріктілігі. Ерік пен қиқарлық. Музыкант-оқушылардың еріктілік тәрбиесі

Адамның қайсарлық, қаттылық мінез-құлқы, шешімдерді қабылдау жеделдігі мен белгіленуі еріктілікке белгілейді. Ал музыкалық-орындаушылық өнерінің теоретигі Г.М.Коган, еріктілік әлсіз жігер, бұл адам әрекетінің жай көлемді ырғағы. Адам өзін нақты бір іс-әрекетке арнаса, сол жұмысының минусы, плюсы болса, оның психологиялық-тұлғалық, еріктің сапалылығы мен ерекшелігіне байланысты. Сондықтан еріктіліктің формасы мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін.

Қалай да болсын адамның эмоциясы, есте сақтауы, елесі болмаса да, психологтардың айтуынша, адам еріксіз болмайды.

Тағы бір кезең, мәселе: ерік - өжеттік – қиқарлық. Осы ұғымдар өз-өзімен кездеседі, қиылысады. Бірақ айырмашылықтары да бар. Қиқарлық, біріншіден, бала кезде кездеседі, жас ерекшілікке және дұрыс тәрбие алмауына байланысты. Ал, еріктілік пен өжеттілік – мақсатқа жету, шешу барысында көрінеді, кәсіби қиыншылықтарды жеңе білуде байқалады, осының бәрі адамның интелектісінің дамуында. Ерік интелектіні ақиқаттауға қажет, ал интелект ерікті бағыттайды және өнімдейді.


1.7 Мінез - психологиялық категория. Мінез типологиялары

Ертеден мамандардың байқағаны, тек бірыңғай музыканттар ғана эмоционалды қарым-қатынас жағынан өздерін жарқын көрсете білген. Басқаларында кәсіби жетістіктері анықталып, интелектуалдық бастау алады. Ал келесіде өзіне міндеттелген іс-әрекеттер қасиеті еркінен сезіледі. Мінез классификациясы жөнінде ғалымдардың көркемдік-шығармашылық әрекетіндегі түрлері жайында айтады.

Француз ғалымы А.Фулье шығармашылық адамдарды үш түрге бөлген: «сезімтал», «интелектуалды» және «еркін».

Лазурскийдың пікірінше, мінез түрлері адамның қызығушылығы кәсіби әрекетінде, білім мен дағдыларының, көзқарасы мен әлемді сезіну кезіндегі бағытында пайда болады. Осы кезде адамның «психо-әлеуметтік кешені» анық байқалады.

Сондықтан, психологиялық үрдісі (сезімталдық, интелектуалдық, еріктік) тұлғаның сапалы болуы, сапалығының сәулеленуі үрдісі мен жағдайының қалпы бола тұрып, құбылмалы әрекет ету. Осының бәрі адам мінезінің негізі және базалық категориясы.

Өнер адамдарының ойлау түрлерін көрсете отыра, Б.С.Мейлаха келесі көрсеткіштерді анықтайды:

а) «көркем - аналитикалық түрі» (аналитикалық компонентіне сүйену);

ә) «субъекті - экспрессивті түрі» (сезімтал мен эмоционалды болуы аналитикалық тенденцияға қарағанда анық бейнелейді).

б) «рационалды түрі» (еркіндік түрімен ұқсастығы)
2 Музыкалық қабылдау
2.1 Музыкалық қабылдау - әлеумет-мәдениеттік және психологиялық-педагогикалық мәселесі

Музыкалық қабылдау музыкалық мәдениетте көп қырлы да маңызды:

1 - ншіден, композитордың, орындаушының музыка қабылдауының қорытынды мақсаты;

2 - ншіден, композициялық тәсілдердің, стилистикалық ізденістері мен жаңашылдықты бекітуі және таңдау құралдары тыңдармандардың сезінушілік қабылдауы және музыкалық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өзінің жанасуы;

3 - ншіден музыкалық қабылдау – оқушының музыкада алғашқы қадамынан композитор болу деңгейінің музыкалық әрекеті түрлерінің бірлігі: қандай да музыкант өз-өзінің тыңдаушысы.

Оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға қазіргі мәдениеттің шыңы көпқырлы мәдениет «өнімінен» айырмашылығы бар. Көпқырлылығы әсіресе музыкада байқалады, тыңдаушыны өзіне бәсекеге тарту үшін жай ғана музыка жанрлары мен стилі, оның түрлері де жатады: классика, джаз, эстрада және рок-музыка.

Классикалық музыканың осындай «бәсекеде» жағдайы өте нашар. Бір жағынан ғасырлар бойы қалыптасқан классикалық музыка, атақты композитор-тұлғалар, дарынды музыканттар – композитор, орындаушы, дирижер, хормейстер т.б. халық компазиторлары. Бір жағынан бұл - мәдени мұра, жоғарғы рух, тарих, музыкалық сұлулықтың деңгейі, орындаушылық мүмкіншілігі (мемлекеттің қолдауы - концерттер, филармония, хор-оркестр, мекемеде симфониялық оркестрдің бары, академиялық хордың барысы т.с.). Бірақ мынандай жағдайды бәсеке деп айтуға болмайды, шамамен тыңдаушыны өзіне тарту, тыңдаушыны әсемдікті сезіне білуге, тәрбиелеуі т.с.с.

Ал енді классикалық музыканың басқа музыкадан кейін қалуы – ол өзімізге байланысты. Әліде де музыкаға демеушілік керек, тыңдаушыны, музыка сүйер адамды бала жастан тәрбиелеу – бұл қоғамның міндеті. Сондықтан, классикалық музыкаға кең мағынадағы аудитория керек. Жоғары музыка әлеміне кіру үшін адамды музыкалық мәдениетке оқыту, тәрбиелеу. Ол деген: оқушыларды музыканы қабылдауына үйретуден бас тартпай, үлкен кісіні де тыс қалдырмай тыңдау мәдениетіне үйрету.

«Дәл, парапар қабылдау» (В.Мендушевский) деген ұғым пайда болды. Парапар қабылдау – музыкалық тіл, жанр, стиль және рухани-құндылық мәдениет принципі. Бұл – берілген шығарманы көркем мәдениеті тәжірибесінде қабылдау өнегелігі, үлгісі.
2.2 Музыкалық қабылдаудың түрлері

Музыкалық қабылдау адамның алдына бір-бірімен байланыстылық мақсатты қойып отыр:

- парапар қабылдауының шарты бойынша музыкалық тіл

жетіктігін меңгеру;

- түрлі музыкалық сауаттылығын меңгеру кезінде есту

қабілетіне биіктік-ырғақтық қатынасының ұйымдастыру;

- музыканың тақырыптық дамуын байқауы, нұсқауы және

қорытынды бөлімдерін экспозициядан айыруы;

- музыкадағы өзгерістерді білу - тақырыптық ұқсастығы,

айырмашылығы, бағыттылығы және өзінің санасында тыңдалған музыканың бейнесі.

Ағылшын психологы Вернон ЛИ: ... музыканы қабылдауда адамдардың екі түрі болады: «тыңдаушы» және «тыңдай алатындар».

«Тыңдаушы», ол деген, адамның өзінде қабылдағаны бір нәрсе сияқты жылжиды, өзгереді, қүрделі рухы мен интелектуалды әрекетінің процесі. Ал, «тыңдай алатындар» керісінше, өңде елестету, зейіні музыкадан алыс кетуі.

Баланың музыка қабылдау зейіні екпініне, динамикасына, бояуына, артикуляцияға, фразаларға ... қысқасы - орындаушылық құралдарға көп көңіл бөлінеді. Ал, үлкен кісілер музыкалық дамуда ашық, көрнекті бейнеге, музыкалық тақырыпқа, динамикалық және бояу кезеңдеріне көп көңіл бөледі.

Үлкен кісіге қарағанда балалардың музыканы қабылдауы келесі ерекшеліктерде:

- есту сезімі музыка бейнесінде биіктік-ырғақтық қатынасынан ерекше емес құралдардың басымдылығы;

- бейнелік сипатының синкреттік бөлінбегені, әуеннің барлық аспектісі сана - сезімде тұрақтанып, бір нәрседе қалыптасады (мысалы: музыканың бояуында; не екпін - ырғақтық жағы);

- үзінділік (бөлімділік) – музыка жүйелі бүтіндей қабылданады, бірақ жеке үзінділердің (бөлімдердің) бірлестік ретінде;

- қысқа фразаларды қайталауға құштарлығы, ол музыкалық ойдың бастысы және танымайтын шығармадан қорыққаны.

Бұның бәрі, баланың музыка қабылдау қабілеттігінің кейбір психологиялық - педагогикалық мәселесінің қалыптасуы.
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауының қалыптасуы: әдістемелік аспектісі

Ол баланың психофизиологиялық ерекшелігі мен қасиетіне байланысты. Жас ерекшелігіне байланысты музыка мұғалімі балаларды музыка қабылдауға үйретеді, тәрбиелейді. Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар анықталады. Қалыпты, дені сау бала зерделі, білгіш, оны бәрі (әр нәрсе) қызықтырады, зейіні көз тартады.

Баланың таңырқауы: музыка қоршаған ортаны, адамдарды, жануар әлемін, түрлі көріністерді, табиғат көріністерін суреттейді; музыка көңілін ашады, жылатады, билейді, адымдайды, «өмірден» алынған көріністерді ойнайды ... Мұғалім музыканың суреттеу-бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі керек – бұл музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты, музыканы қабылдау қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуы болып есептеледі.

Бұл мақсаттар қалай шешіледі?

- оқушылардың қызығушылығын арттыру, қолдау, ұстап тұру деген мағына;

- мұғалімнің сөзі – музыкалық көрінісін дәл, жанды айта білу (бірақ та - жүгіріп тұрған «зайчик», сайрап тұрған «птенчик», төмен ырылдап тұрған «мишка» деген сөздер болмасын);

- музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, сабақ бөлімдерінің кезектігін ауыстырып отырған жөн:

- репертуардың маңыздылығы.



Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, кезектігін ауыстырып отырған жөн.

Музыка тыңдауда:

- кріспе сөзбен (қысқа да нұсқа, маңызының байлығы, балаларды қызықтыру, композитор туралы, шығу тарихы, кезеңі, шығармашылық тапсырмалар беру және де қандай да болсын диалогқа ынталандыруы қажет: өз пікірі қалыптасады, өзінің позициясы тұрақталады);

- ән орындау, үйрету, қайталау, еске салу т.с. (хор, ансамбль, жеке, әдебиет мәтінімен байланысы, жас ерекшелігі, репертуары, диапазоны т.с.);

- қарапайым аспаптарда орындау (бір топ аспап – шулы-соқпалы аспаптар, екінші топ – сыбызғылыр, блокфлейталар, ксилофондар, металлафондар, сырнай, домбыры т.с.);

- аудиотаспа, бейне таспаны қолдану (сонда да жанды орындау бірінші қатарда тұр);

- теориялық негіздері (биіктігі, ұзақтылығы, бояуы, екпін, ырғақ, музыкалық терминдер, жанрлар, аспаптар т.б.);

Ең негізі – көркем - бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға, қызығуына, эстетикалық талаптарға т.б. оқушыға жан жақты өсуіне, дамуына жағдай жасау.
2.4 Музыкант және музыкант емес: қабылдаудың түрлері және дамуының айырмашылығы

Музыкалық қабылдаудың музыкалық қабілетінің негізгі даму жолдары, нақты мақсатқа жету үшін педагог-музыканттың кәсіби деңгейлігі – ол: бірінші рет естілген музыкалық шығарма болашақ музыканттың шығарманы партитура ретінде (түрінде) елестетуі.

(Үлгі: Моцарт, эксперимент: №40 симф. 9 түрі ойналды, ауыстырды, батыс түрі, т.с.). Табиғат берген есту сезімі әртүрлі деңгейде дамиды, жағдайға байланысты.
2.5 Композитордың қабылдауы – музыкалық қабылдаудың

ерекше түрі

Музыкалық қабылдаудың даму жолындағы әдіс - тәсілдерінің негізгі жолы - өзі музыка жазуы.

Композитор – бұл музыкант, жоғарғы деңгейдегі музыка қабылдауының эстетикалық сапалылығының көрсеткіші. Композитор – жоғарғы деңгейдегі кәсіби-музыкант, композиторда музыканы қабылдауының сапалығының көпшілігі жоғары түрде көрінуі (эстетикалық қабылдаудың бағыты музыкалық процесінің, музыкалық ойының біртұтастылығы, қорытындысы ретінде). Моцарт былай депті: ... мен музыкалық шығарманы біртұтастай, бір көріністен байқаймын. Шығарманың музыкалық идеясы болу керек, оның негізгі түйіні, ортасы, сол ортада өзінің ойын, шығармашылығын әкелуі.

«Музыканы қалай жазу керек? ... ол музыкаға айналғанша, мен өз уайымымды ішімде сақтай жүрем және де уайымым бірнеше рет музыка болады...». Тыңдалған, уайымдалған әлем композитордың ойында, сезімінде жүреді, шығармашылық материал іздеуінде болады да табады.

Композитордың қабылдау сапалығы – эстетиканың ұлғайюы, музыкалық тұтастылығының логикасы, ұйқастық сезімі, ерекше есту сезімділігі, қабылдаудың шығармашылық белсенділігі. Осы айырмашылықтар мен ерекшеліктер арқылы қабілеті мен дарындыны сезуге болады.

Музыка сабағында композициялық, шығармашылық кезеңдер ойынмен ашылатыны дәлелденген. Ойнау арқылы балалар түрлі шығармаларды, әуендерді, әндерді т.б. әуенді шығара (жаза) алады (музыканы олар ертегі, аңыз, мультфильм, ойыншықтар, хайуанаттар арқылы тез қабылдайды). Ол үшін балаларға музыкалық сауатының негізін үйрету, көрсету керек: қарапайым норма, қатегория, өнердің заңдылықтары т.б. Әуен үнемі қозғалыста: дамуда, жоғары, төмен, бір жерде, дыбыс биікте, төменде, бір жерде, қатты, ақырын, ырғағы бар екен, екпіні, көңілді, мұңды, тез және баяу музыка болады.

  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет