Н. Әзімбаев «7» сәуір 2009 жыл. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы ауыл шаруашылығы



Дата01.07.2016
өлшемі328.83 Kb.
#171125



БЕКІТЕМІН:

Аягөз ауданы әкімі

Н. Әзімбаев

« 7 » сәуір 2009 жыл.


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы ауыл шаруашылығы

бөлімінің 2010 – 2012 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Аягөз, 2009 жыл


Стратегиялық жоспардың құрылымы


  1. Аудан ауыл шаруашылығы бөлімінің миссиясы мен көзқарасы 3

  2. Ағымдағы жағдайды талдау 4-7

  3. Аудан ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттер мен нысаналы индикаторлары 8-16

  4. Аудан ауыл шаруашылығы бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қауіп-қатерлер 17-18

  5. Бағдарламалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі 19-20

  6. Бюджеттік бағдарламалар 21-22



Ауыл шаруашылығы басқармасының миссиясы
Аудан агроөнеркәсіптік кешені саласының экономикалық өсуіне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру. Аудан нарығын сапалы, зиянсыз және қолжетімді азық – түлікпен толық қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы басқармасының көзқарасы
2010 – 2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың шараларын іске асыру нәтижесі АӨК салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 28,1% арттыру және мемлекет қаражаты мен материалдық активтерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету.

Ағымдағы жағдайды талдау
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

Бүгінгі таңда аудан агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндірістің тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.

2008 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шауашылығының жалпы өнім көлемі 4015,4 млн. теңгені құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда өндірістің өсімі 4,0 % құрады.

2008 жылы жалпы астық дақылдарын жинау 1,6 ц/га түсімділікпен 1,2 мың. тоннаны құрады, бұл тиісінше 2007 жылы қол жеткізілгенге қарағанда 6,8 ц/га және 7,0 мың тоннаға кем.

2008 жылы жалпы күнбағыстың дәнін жинау 2007 жылмен салыстырғанда 30,0 тоннаға, ал оның түсімділігі 1,2 ц/га кеміген.

Аудан бойынша 2008 жылы құрғақшылықтың салдарынан 2007 жылмен салыстырғанда жалпы астық өнімдерін өндіру 4,8 есеге, ал күнбағыстың дәнін жинау 1,2 есеге азайған.

Саланы дамытуға бағытталған шараларға қарамастан егін шаруашылығы ауа-райына құбылыстарына тікелей байланысты болып отыр. Сонымен қатар суармалы жер көлемі мен ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде ылғал қорын сақтау технологиясын енгізу көлемінің өсімі аз. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің ылғал қорын сақтау технологиясын енгізу 2,2 есеге өскенмен оның жалпы егіс көлемінде алатын орны тек 6,0 % құрайды.

Іс жүзінде егістік жерлерге минералдық және органикалық тыңайтқыштар пайдаланылмайды. 2007-2008 жылдары 1 гектар егістік жерге минералдық тыңайтқыштар еңгізілген жоқ.

Жалпы егістік көлемінде екпе пардың мөлшері төмен, немесе 2007 жылы - 5,0%, 2008 жылы – 6,0% құрайды.

Бұдан басқа, өсімдік шаруашылығында бірқатар шешімін таппаған күрделі мәселелер бар: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің экстенсивті технологиялары; қазақстандық селекцияның жоғары сапалы сорттары мен гибридтерінің жоғалуына әкелетін, отандық селекция мен тұқым шаруашылығының жеткіліксіз дамуы; қайта өңдеу кәсіпорындарының әлеуеттілігін толық қамту үшін майлы тұқымдардың импорты; сорт сынаудың өндірістік процестерінің техникалық жарақтануының төмендігі; суармалы жерлерді пайдалану тиімділігінің төмендігі; химияландыру деңгейінің қолдануы; ауыл шаруашылығы дақылдары түсiмдiлiгінің төмендеуіне себепші болатын ғылыми негізделген агротехнологиялардың сақталмауы, агротехнологиялық жұмыстардың оңтайлы мерзімдері ұсталмауы; көкөніс, жеміс және картопқа арналған техникалық жарақталған қоймалардың жоқтығы, оларды дайындау мен қайта өңдеудің ретке келтірілмеуі.

Көрсетілген мәселелерді шешу үшін мемлекеттік қолдаудың нысандары мен бағыттарын жетілдіру арқылы өсімдік шаруашлығын әртараптандыруды әрі қарай ынталандыру қажет.

Аудан аумағында фитосанитариялық жағдайды үнемі бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, бірқатар күрделі мәселелер бар: ауыл шаруашылығы өндірісіне зиян келтіретін көптеген карантиндік, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы; оның ішінде карантинге қатысты қолайсыз елдерден әкелінетін карантинді өнімге жататын өсімдіктердің ағынының ұлғаюы; өсімдік карантині бойынша шекаралық күзет орындарының материалдық-техникалық жарақтандырылуының жеткіліксіздігі; өсімдік карантині бойынша шараларды ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етудің болмауы. Фитосанитариялық шаралар толық көлемде өткізілмейді.

Егіншілікті тиімді жүргізу, топырақ құнарлылығын сақтау және ұдайы өсіру үшін тыңайтқыштар қолдануды ары қарай ынталандыру қажет.

Мал шаруашылығы саласында 2008 жылы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша (тірі салмақпен алғанда ) 12,9 мың тонна ет, 42,3 мың тонна сүт, 3,6 млн. дана жұмырытқа және 424 тонна жүн өндірілген. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда ет өндіру 9,0 пайызға, сүт 5,0 пайызға, жұмырытқа 25,0 пайызға және жүн 8,0 пайызға артқанын көрсетеді.

2008 жылы мал шаруашылығы саласында шаруашылықтардың барлық санатында малдар мен құстар санының өсуі 2007 жылмен салыстырғанда 1 – 5 пайызды құрады. Мал шаруашылығында жүргізіліп жатқан селекциялық-тұқымдық жұмыс саланың дамуына белгілі бір әсерін тигізіп отыр.

Алайда, мұнда бірқатар ұстап тұратын факторлар бар: барлық ауыл шаруашылығы мал санының 80 пайызға жуығы жеке үйлерде болуы; асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен болып қалуда және 2 – 5 % ғана құрауы; жануарларды асырау және қоректендірудің қарадүрсін технологиялары, өнімді өндіру және қайта өңдеу технологияларының ескіргендігі, мал шаруашылығы процестерін механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің жоқтығы; жемшөп базасының әлсіздігі, толық мөлшердегі құрама жемнің жетіспеушілігі және оның салдары ретінде мал мен құстардың өнімділігінің төмендігі; ауыл шаруашылығы малдарын ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздігі; малдарды сәйкестендіру, мал қорымы және сою пунктерін салу бойынша жергілікті атқару органдары жұмысының әлсіздігі.

Ветеринария саласында ауданда эпизоотикалық саулық және мал шаруашылығы азық-түліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нысаналы жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, елдің толық ветеринариялық саулығын қамтамасыз етуді мынадай күрделі мәселелер ұстап тұр: малдар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотикаға қарсы шаралардың толық көлемде жүргізілмеуі, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорындарда ветеринариялық бақылау жүргізетін бөлімшелер санының жетіспеушілігі; зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамай ауыл шаруашылығы малдарын ұстау; ветеринариялық зертханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейінің төмендігі; жергілікті атқарушы органдарының мал қорымы және сою пунктерін салуда ұйымдастыру жұмысының әлсіздігі, жануарларды сәйкестендіру жүйесінің реттелмеуі, ветеринар мамандар –лицензия алушылардың біліктілігі деңгейінің төмендігі.

АӨК-не қарасты қайта өңдеу кешенінің қазіргі жағдайын өндірісітің өсуі үшін айтарлықтай әлеуеті бар және бірқалыпты деп бағалауға болады. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру.

Алайда 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы шикізатының қайта өңделген үлесі оны өндірудің жалпы көлемінен: сүт – 0,5 %-ға дейін, (2007 жылы – 0,1 %), астық – 12,0 %-ға дейін (110,0 %), ет – 14,3%-ға дейін (10,9 %) дейін артты.

2008 жылы қайта өңдеу кәсіпорындары 34,5 млн. теңге сомасында өнім өндірді, бұл 2007 жылға қарағанда 31,7 % артық.

Шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту бойынша және кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға өту жұмысы жалғасуда.

Сонымен қатар, бірқатар күрделі мәселелер бар: ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың технологиялық құрал-жабдықтарының жоғары дәрежеде тозуы, (50 % жоғары); ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу өнеркәсібі деңгейінің төмендігі және сапалы шикізаттың жоқтығынан қайта өңдеу кәсіпорындары қуаттылығының толық жүктелмеуі, қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілетті деңгейінің жетіспеушілігі және қорытындысында олардың ішінде кейбіреулері бойынша импорт үлесінің жоғары болуы, ХАССП принциптерін енгізу бойынша жұмыстың аздығы.

Машина-тракторлық паркті жаңарту жөнінде нысаналы жұмыс жүргізілуде. 2008 жылы ауыл шаруашылығы техникасының 20 данадан астам негізгі түрлері сатып алынды.

Алайда, ауданның қазіргі кездегі ауыл шаруашылығы машиналарының паркі 80%-ға дейін тозып тұр. Негізгі ауыл шаруашылығы техникасының орташа 10 – 12 жыл жұмыс істеу мерзімінде, жылдық құрамы 12 жылдан асатын тракторларды пайдалану 96 %-ға, астық жинау комбайндарын – 95,0 %-ға жуығын құрайды. Мұнда, жыл сайын тракторларды жаңарту орташа 0,02 %, астық жинау комбайндары – мүлдем жоқ.

Былтырғы жылы агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау көлемі елеулі түрде артты. Егер 2007 жылы осы мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен 53,7млн.теңге, оның ішінде субсидия көлемі 13,7млн. теңге, несиелер мөлшері 40 млн. теңге бағытталған болса, 2008 жылы бөлінген қаржы 86млн. теңге немесе 1,5 есе көп, оның ішінде субсидия көлемі – 30 млн. теңгені, несиелер – 5 млн. теңгені құрады.



Ауыл шаруашылығы жерлерінің мелиорациясы

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйесінен ауыз суды берудің қызмет құнын субсидиялау 2008 жылы төмендетілген тариф бойынша адам саны 3781 болатын елді мекенді қамтитын 30,5 м3 көлемдегі ауыз суды беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.



Республикалық бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суды жеткізу құнын арзандатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттер мен нысаналы индикаторлары


Атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 ж.

2009 ж.

болжам

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

1

2

3

4

5

6

7

1 - Стратегиялық бағыт. Агроөнеркәсіптік кешен салаларын қалыпты дамыту және аудан бойынша АӨК өнімдері өндірісін тұрақты өсіруді қамтамасыз ету

1.1 - мақсат. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін тұрақты өсіру және оның өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар:

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері өндірісінің өсуі

%

104,0

107,8

102,6

102,6

102,7

Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету

%

100,8

105,0

105,0

105,0

105,0

1.1.1міндет. Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімділігі мен сапасын арттыру

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыруды қамтамасыз ету

%

102,3

103,1

101,5

101,5

101,5

Ылғал қорын сақтау технологиялары арқылы егілетін алаңдарды ұлғайтуды қамтамасыз ету

%

мың га.


17,2

1,5


23

2,0


26,3

2,5


32,0

3,0


32,5

3,5


Өндірістің, с.і. басым дақылдардың агротехникалық циклін қамтамасыз ету (субсидиялау арқылы)

мың га

мың га


9,7

10,0

10,5

11,0

11,5

9,7

10,0

10,5

11,0

11,5

Тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) қолдану көлемін көбейтуді қамтамасыз ету

%

тонна


-

-


-

-


-

-


-

-


-

-


Сорт сынау және тұқым сапасын сараптау жүйелерін жетілдіру және егу үшін сапалы тұқымдардың үлесін арттыру (шығындар)

%

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту (субсидиялау арқылы):
бірегей тұқым өндірісі көлемін қамтамасыз ету:
элиталық тұқым сату көлемін қамтамасыз ету:

тонна
тонна



14

0



28

0


56

0


70

0


84

0
























1

2

3

4

5

6

7

Жер мен суғару суын тиімді және ұтымды пайдалану есебінен ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды суармалы жерлердің алаңын ұлғайту (шығындар)

мың га



1,4

1,9

2,2

2,4

2,6

Суару желісінің пайдалы әсер ету коэффициентін қазіргі көрсеткіштен арттыру

коэфф.

0,5

0,6

0,7

0,8


0,8

Суармалы жерлерді, с.і. ылғал қорын сақтау технологияларын қолдану арқылы суғару суымен қамтамасыз ету (субсидиялау арқылы)

%

%


100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

6,0

7,0

9,0

11,0

11,0

Аса қауіпті зиянды организмдер мен аурулардың
карантинді зақымдаушылар, өсімдіктер мен арам шөптер ауруларының

дамуы мен таралуы болжанған алаңдарда

химиялық күрес жүргізу (шығындар)


мың га.
мың га



9,7
0,5



10,0
0,9



10,5
1,1



11,0
1,3



11,5
1,5



Азық-түлік астығының мемлекеттік қорын жаңарту және ішкі астық нарығын реттеу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу жолымен Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі мен мобилизациялық қажеттілігін қамтамсыз ету

мың тонна





0,2


0,5


0,5


0,5


0,5


1.1.2 міндет. Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыруды қамтамасыз ету

%

101,0

101,9

102,0

102,1

102,3

Асыл тұқымды өнім (материал), оның ішінде:

ІҚМ


қой

шошқа


жылқы

түйе сатып алу

бұқа өндірушілердің тұқымы

асыл тұқымды сатып алу (субсидиялау арқылы)


тірі салмағы, тонна

мың мөлшер

мың дана


16

0



41,7


30
10

0

41,7



40
15

0

55,0



50
20

0

55,6



60
25

0

56,0



Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы санында асыл тұқымды мал басының үлес салмағын арттыру (субсидиялау арқылы)

%

0,02

0,03

0,08

0,1

0,15

1

2

3

4

5

6

7

Ауыл шаруашылығы құрылымдары өндіретін өндірістің жалпы көлемінен мал шаруашылығы өнімдерінің:

еттің


сүттің

жұмыртқаның

жүннің (субсидиялау арқылы) үлес салмағын арттыру


%

5,0


5,2

2,5


3,0

5,5


3,7

3,0


8,0

6,0


4,2

3,5


8,5

6,5


4,7

4,0


9,0

7,0


5,2

4,5


9,5

Шығыс Қазақстан облысында жүнді бастапқы өңдеу фабрикаларын қайта құру және жаңарту «Қазруно» АҚ Семей қаласы

бірлік

0

0

0

0

0

1.2. - мақсат. Аудан бойынша қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдері өндірісін тұрақты өсіру және олардың өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету

Нысаналы индикаторлар:

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдері өндірісінің артуын қамтамасыз ету

%

101,2

101,5

102,0

102,2

102,5

1.2.1 – міндет. Қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту және қолдау

Екінші деңгейлі банктердің несие ресурстарының пайыздық ставкаларын субсидиялау бағдарламасына қол жеткізе алатын қайта өңдеу кәсіпорындарының үлес салмағын мынаған дейін жеткізу (субсидиялау арқылы)

%
бірлік


0

0

0,1

0,2

0,3

0

0

1,0

2,0

3,0

Тұтынудың жалпы көлеміне тамақ өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша импорттың үлесін төмендетуді қамтамасыз ету:

сары май


өсімдік майы

шұжық


ірімшік

қант


көкөніс және жеміс шырындары

жеміс- көкөніс консервілері



%

10,0


4,0

6,0


2,0

6,0


35,0

94,0

10,0

4,0


6,0

2,0


6,0

33,0


90,0

10,0


4,0

6,0


2,0

6,0


33,0

88,0

9,9

4,0


6,0

2,0


6,0

25,0


80,0

9,5


4,0

6,0


2,0

6,0


25,0

80,0


ИСО және ХАССП стандарттарын енгізген қайта өңдеу кәсіпорындарының санын арттыруды қамтамасыз ету (субсидиялау арқылы)

бірлік.

Жалпы сандағы үлесі (%)



0
0

0
0

2
10,0

3
11,0

4
12,0

1

2

3

4

5

6

7




2 - Стратегиялық бағыт. Аудан агроөнеркәсіптік кешені салаларының өндірген өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету

2.1. - мақсат. Жергілікті өнімдердің бәсекелестік басымдылығын дамыту

Нысаналы индикаторлар:

өсімдік шаруашылығы өнімдерін
мал шаруашылығы өнімдерін

ғылыми қамтамасыз етуді қамтыған аграрлық сектор кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірістің өсуін қамтамасыз ету



%

5,0
2,0

10,0
5,0

10,0
5,0


10,0
5,0

15,0
7,0

2.1.1. – міндет. Бәсекеге қабілетті ғылыми әзірлемелерді құру, енгізу мен таратудың тиімді жүйесін құру арқылы АӨК саласының жедел ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығы және басқа да дақылдардың жаңа сорттары мен будандарын құру (шығындар)

бірлік

1

1

2

3

3

Ауыл шаруашылығы және басқа да дақылдардың жаңа сорттары мен будандарын енгізу

%

3,0

5,0

7,0

9,0

9,0

Жалпы егістік алқабынан отандық селекция сорттары дақылдарының егістік алқабын ұлғайту

%

5,0

5,0

5,0

5,5

5,5

Егін, орман, су, балық, мал шаруашылығында, ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіруде, ауыл шаруашылығын өнімін қайта өңдеу мен сақтауда технологияларды құру (шығындар)

бірлік

0

0

0

0

0

Егін, орман, су, балық, мал шаруашылығында, ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіруде, ауыл шаруашылығын өнімін қайта өңдеу мен сақтауда технологияларды енгізу

%

0

2,0

2,2

2,5

2,8


2.1.2. – міндет. Аудан агроөнеркәсіп кешенін мамандармен қамтамасыз ету және адам капиталын дамыту





1

2

3

4

5

6

7

Жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде АӨК, су, балық, орман және аң шаруашылығы салаларының қажеттілігі үшін мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарына абитуриенттердің түсуі (шығындар)

магистратураға:

ауыл шаруашылығы ғылымдары

техникалық ғылымдар мен технологиялар

ветеринария

жоғарғы білім алуға:

ауыл шаруашылығы ғылымдары

ветеринария



Адам


6

0

0



0
2

2


7

0

0



0
3

2


9

1

1



1
5

4


10

2

2



2
8

4


11

3

3



2
10

5


Аграрлық салада білімді өндіріске жеткізе білу жүйесі бойынша мамандар мен фермерлерді оқыту

адам

0

10

50

50

50

3 - Стратегиялық бағыт. Аудан АӨК салаларының қазіргі инфрақұрылымын дамыту және ауыл шаруашылығы саласын техникалық жабдықталуын арттыру

3.1. – мақсат. АӨК салаларының қазіргі инфрақұрылымын дамыту және техникалық жабдықталуын арттыру

Нысаналы индикаторлар:

Мамандандырылған ұйымдардың қызметін алушыларды ұлғайту

%

1,1

1,2

1,5

1,9

2,0

Жаңартылған ауыл шаруашылығы техникасының үлесі

%

2,0

2,3

2,8

3,0

3,5

3.1.1. - міндет. Техникалық және технологиялық қайта жабдықтау

Аудан АӨК машина-тракторлық паркін жаңарту қарқынын, соның ішінде «ҚазАгроФинанс» АҚ қатысуы арқылы ұлғайту,

(бюджеттік инвестициялар есебінен) (лизинг арқылы)



%

0,5

0,5

0,7

0,7

0,7

%

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5



3.1.2.міндет. Сумен жабдықтау жүйесін, гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету

Белгіленген талаптарға сәйкес су шаруашылығы объектілерін пайдалану:

республикалық


дана




2


2


2


2


2


1

2

3

4

5

6

7

Негізгі құралдарының 80 %-ы тозған су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі жабдықтарын жаңарту (бюджеттік инвестициялар)

%

20,0

30,0

70,0

50,0

50,0

3.1.3.міндет. Сумен жабдықтау және су шаруашылығы имараттары жүйесінің тұрақты дамуы

Ауылдық елді мекендерді және шағын қалаларды сапалы ауыз сумен қамту (бюджеттік инвестициялар)

АЕМ саны

15

17

19

25

29

Су шаруашылығы имараттары арқылы тасқын судың апатсыз өтуі үшін өзен арнасының жағасын бекіту

км

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

3.1.4. – міндет. АӨК салаларына қызмет көрсететін инфрақұрылымдарды дамыту

Ауыл шаруашылығы өндірісін және ауыл шаруашылығы емес бизнесті несиелендіру

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және қайта өндеуге несие беру, сондай-ақ несие серіктестіктері жүйесі арқылы

бірлік

5

6

7

8

9

Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесе отырып өндіру, дайындау, қайта өндеу, өткізу, сақтау, тасымалдау және тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау бойынша жеңілдікті несие беру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен ауыл тұрғындарын біріктіруді ынталандыру (несие беру)

бірлік

1

2

3

3

3


Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығы емес түрлерін дамыту (несие беру)

бірлік

1

2

2

3

3

Өсімдік шаруашылығында қауіп-қатерді төмендету

Қолхаттарға кепілдеме беру жүйесін дамыту және тұрақтылығын қамтамасыз ету:

астық бойынша




мың тонна




0,3



0,3



0,4



0,4



0,5



Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін сақтандыру арқылы сақтауды қамтамасыз ету (субсидиялау арқылы)

мың га

7,0

8,0

9,0

9,5

10,0

АӨК-ні ақпараттық-маркетингтік және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету

Ақпараттық-кеңестік қызметтерді өтеусіз негізде алушы АӨК субъектілерінің санын мынаған дейін жеткізу: (шығындар)

мың бірлік

0,2

0,3

0,4

0,4

0,4

Көрме-жәрмеңкелік шаралар, бизнес-форумдар мен конференциялар өткізу (бюджеттік инвестициялар)

бірлік

0

1

2

2

2

1

2

3

4

5

6

7

АӨК тұлғалары жұмысына байланысты ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсету

мың адам

0,5

0,6

0,6

0,7

0,8

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізінде алдыңғы қатарлы тәжрибелерді насихаттау және оқыту семинарларын өткізу

бірлік

2

3

4

5

5

Бұқаралық ақпараттық құралдарда алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді насихаттау және бинес-жоспарларды жасауға көмек көрсету

бірлік

3

5

7

9

10


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметтік мүмкіндіктері
Мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, реттелген салада мемлекеттік қызметті ұсынудың сапалы, әрі оны жақсарту, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеру, теориялық және тәжірибелік білімді жаңарту, техникалық мүмкіндіктерді көтеру, білім беру бағдарламалары бойынша жасай алу және машықтандыру мақсатында аумақтың органдардың қызметі өз кезінде мынадай жолдармен қамтамасыз етілді:

материалдық және ақпараттық-техникалық жарақтандыру;

мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру;

тауарлар мен қызметтерді сатып алу;

ғимарат пен үймереттерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Бұдан басқа, бөлінген ақша қаражаттарының тиімділігін көтеру және қолдануын айқындау бойынша бөлімінің қызметін күшейту және қаражаттандыру механизмін жетілдіру жұмыстарын әлемдік тәжірибеге сай ролін аттыру бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.


Мүмкін болатын қауіп-қатерлер
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің шараларын іске асыру мен қызмет процесінде сыртқы мемлекеттік органның бақылауына келмейтін және мақсатқа жетуга кедергі келтіретін төмендегідей қатарда қауіп-қатерлермен (жағдайлар, көріністер) қақтығысуы мүмкін:


реттік

№№


Қауіп-қатерлердің түрлері

Нәтижесі

Қауіп-қатерлерді басқарудың механизмдері мен іс-шаралары

1.

Табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлер (құрғақшылық, аяздар, үсіктер, жылу жетіспеушілігі, артық ылғалдылық, бұршақ, нөсер, қатты жел, құйын, су алу, жаппай жылыну, республикада және арнаулы елдерде өсімдіктер мен жануарлардың жаппай ауыруы);


Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің азаюына әкеледі.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне озық және алдыңғы қарарлы технологияларды енгізу. Аудан ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерін міндетті сақтандыру жүйесімен толық қамтуды іске асыру.

2.

Баға қауіп-қатері (ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік және республика ішіндегі бағасының өзгеруі);


Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен АӨК өнімдерін сату нарығы азаяды.

Ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің сапалы өнім өндіруіне бағыттау мақсатында субсидиялау жүйесін және «ҰХ «Қазагро» АҚ маркетингтік құрылымдарымен байланысты дамыту қажет.

3

Қаржылық қауіп-қатер (әлемдік қаржы дағдарысы; республикалық бюджеттен және т.б. бөлінетін қаражат көлемінің қысқаруы);


Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің азаюыны әкеледі.

Ауылды жерлерде аумақтық қаржы институттарын дамыту қажет.

Бағдарламалық және басқа нормативтік құқықтық құжаттар тізімі


  1. Ел Президентінің 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»;

  2. Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы;

  3. Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңы;

  4. Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңы;

  5. Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңы;

  6. Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңы;

  7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын іске асыру бойынша жасалатын шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;

  8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2005 – 2007 жылғы жолдауын жыл сайын іске асыру бойынша негізгі бағдарларының жалпыұлттық жоспары;

  9. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған Стратегиясы;

  10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясы»;

  11. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудң 2007 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

  12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 10 отырысының хаттамасымен мақұлданған, Қазақстан Республикасың агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы;

  13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы;

  14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы;

  15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 675 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге кредит беру үшiн шағын кредит ұйымдарының желiсiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006 – 2008 жылдарға арналған iс-шаралары;

  16. «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысы;

  17. Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген «Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы ҚазаҚстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары»;

  18. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы;

  19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 – 2011 жылдарғы арналған шаралар кешені»;

________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет