Н. К. Султанова



бет2/2
Дата01.10.2024
өлшемі65.07 Kb.
#504223
1   2
Султанова Н.К. 28.10.2022 пленарное

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады [13].
Инновациялық ақпараттық - педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, меңгеру және қолдану енетін мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс- әрекетінің инновациялық бағыты білім беу жүйесін жаңарту құралы болып табылады.
Сондықтан инновациялық әдіс–тәсілдерді оқу процесіне енгізу барысы, белгілі деңгейде белсенділігін, педагогикалық шарттарын төмендегі суреттен көруге болады:


Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Білім беру жүйесінде жаңашыл инновациялық ізденістер жолға қойылып, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқытудың әдістерін кеңінен қолданып жүрміз.Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады.Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады.
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Білім беру үрдісінде мұғалімнен тек өз пәнінің білгір маманы ғана емес, сонымен бірге танымдық, педагогикалық және психологиялық сауатты, саяси білімді және ақпараттық сандық технологияларда құзырлылық таныта алуы талап етілуде.
Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт.
Болашақ педагог интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу – тәрбие ісіне жанашырлық таныта алады. Оқу–тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына жауапкершілікпен қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидаларды, адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасаттылық сияқты мінез құлық қасиеттерді бойына сіңірген.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі
Қорыта айтқанда, Жогары оку орындарында жаңа инновациялык технологияларды колдануда әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетін дамыту, оны жаңа инновациялық технологияларда қолдану барысында стденттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет