Н. Карелхан 1, П. С. Ғапбарова



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата16.09.2023
өлшемі0.52 Mb.
#477718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
158-168

Әдістеме бөлімі
 
 
Зерттеудің бірінші міндеті бойынша. Жоғары импакт факторы бар Scopus
Web of Science халықаралық библиографиялық платформалар мен ғылыми зерттеу 
жүмыстарында параллель есептеу мен оның сандық әдістерде қолдану мүмкіндіктері 
туралы өзекті ғылыми зерттеулер жариялануда:
Aktulga H.M., Fogarty J.C., Pandit S.A., Grama A.Y. ғалымдарының «Параллель реактивті 
молекулалық динамика: сандық әдістер мен алгоритмдік әдістер» мақаласында параллель 
тұжырымдар әдістердің ғылыми есептеулерге арналған ең ауқымды қосымшалардың бірі 
болып табылатындығы және Purdue ұсынған PuReMD реактивті молекулалық динамика 
кодын жобалау және енгізу туралы мәліметтер келтірілген [6].
Pekurovsky Dmitry «P3DFFT: үш өлшемді Фурье түрлендірулерін параллельді есептеу 
платформасы» мақаласында үш өлшемде (3D) жылдам Фурье түрлендірулерін (FFT) 
жоғары тиімді түрде жүзеге асыратындығы туралы баяндалған [7].
Yokota Rio, Barba L.A., Knepley Matthew G. ғалымдары «Petrbf-радиалды негіз 
функцияларын интерполяциялауға арналған параллель O(N) алгоритмі» мақаласында
O(N) күрделілігін көрсететін, O(N) жадысын қажет ететін және мың процеске дейін 
тамаша масштабталатын радиалды негіз функциясының(rbf) параллель интерполяция 
алгоритмі жайлы, сонымен қатар, интерполяция дәлдігі машиналық дәлдікке жетуі 
мүмкін екендігіне тоқталған [8].
Mehne Hamed Hashemia, Mirjalili Seyedali авторлары «Китті оңтайландыру 
алгоритміне негізделген оңтайлы басқару есептерін шешудің параллель сандық әдісі» 
атты мақаласында, оңтайлы басқару есептерін шешудің сандық алгоритмін әзірлеу 
туралы баяндаған. Бұл әдіс көп сатылы бастапқы есептің ақырлы өлшемді оңтайландыру 
тапсырмасымен және жақында ұсынылған Whale оңтайландыру алгоритміне (WOA) 
комбинация болып табылады [9]. Бұл мақалада итерациялардың санын параллельдеу 
арқылы азайту әдісі ұсынылған.
Schaich Davida, Degrand Thomas ғалымдары «Young-Mills суперсимметриялық 
теориясының N = 4 торына арналған параллель бағдарламалық жасақтама» мақаласында, 
su(N) калибрлеу тобымен төрт өлшемді N=4 суперсимметриялық Янг-Миллс теориясының 
торларын зерттеуге арналған жаңа Susy lattice параллель бағдарламалық құралы енгізілген. 
Сондай-ақ, жаңа параллельді бағдарламалық жасақтамаға шолу жасалған, тор жүйесі 
қысқаша баяндалады, қазіргі уақытта ұсынылып отырған қосымшалар сипатталған және 
олардың тор теориясының мамандары үшін негізгі жұмыс процесі түсіндіріледі [10].
Gao X., Owen L.D. Guzik S.M.J. авторлары «Сығылатын сұйықтықтың Навье–Стокс 
теңдеулері үшін жалпыланған қисық сызықты координаталық түрлендірумен параллель 
адаптивті сандық әдіс» мақаласында, Навье-Стокстың толық сығылатын теңдеулерін шешу 
үшін тордың адаптивті нақтылауымен төртінші ретті ақырлы көлем алгоритмі жасалған 
және де алгоритм параллель өнімділікке ұқсас болады деп күтілуде. Сығылатын тұтқыр 
ағындарды шешу үшін дисплей торларында параллель адаптивті сандық әдісіміздің 
масштабталуын бағалау үшін кейінгі зерттеу жүргізілген [11].
Мұндағы зерттеу әдістері индукция әдісі көмегімен талданды. Қазіргі таңда сандық 
әдістерді шешуде параллель есептеулерді қолдану өзекті болғандықтан, жаңа ғылыми 
зерттеулер пайда болуда.


Н. Карелхан, П. С. Ғапбарова, О.А. Алшынбаев
 
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.
 
Серия Педагогика. Психология. Социология
 
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Pedagogy. Psychology. Sociology Series
 
№ 2(143)/2023
161


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет