№ 2(143)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ
Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы
ISSN: 2616-6895, eISSN: 2663-2497
158
ХҒТАР 14.35.07
Н. Карелхан
1
, П.С. Ғапбарова
1
, О.А. Алшынбаев
2
1
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана, Казақстан
2
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан
(e-mail:
1
knursaule@mail.ru,
1
pgapbarova@mail.ru)
Сандық әдістер есептерін шешуде параллель есептеулер
қолдануды оқу процесіне ендірудің теориялық негіздері
Аңдатпа. Қазіргі таңда жоғары өнімді параллель есептеулерді дамыту заманауи
талаптардың бірі. Әлемде шешімі табылмаған есептер көп. Ондай есептердің көбі
жоғары өнімді есептеулерді қажет етеді. Сондықтан, білім беру саласында сандық
әдістер есептерін шешуде параллель есептеулер қолдану қажеттілігі туындайды. Ол
үшін параллель есептеулерді қолдана алатын кәсіби мамандар қажет. Бұл мақалада
бүкіл әлемдік және Республикамыздың жоғары оқу орындарында сандық әдістер
есептерін шешуде параллель есептеулер қолданудың оқыту жағдайларына теориялық
талдаулар жасалады. Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарында сандық
әдістер есептерін шешуде параллель есептеулер қолданудың қажетілігі негізделеді.
Түйін сөздер: параллель есептеулер, сандық әдістер, жоғары өнімді есептеулер,
сандық әдістерді параллель есептеу, ақпараттық технологиялар (АТ), ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар (АКТ), информатика, суперкомпьютер.
Достарыңызбен бөлісу: |