Жүнді жабынды әсемдеу
Мехтық қой терісінің сапасын арттыру үшін оның жүнді жабынын әсемдейді, ол үшін түкті түзулеп, жалтыратады. Әсемдеу үрдісі кезінде түкке химиялық және термо-механикалық әсерлермен әрекет етеді.
Әсемдеу үрдісі негізінен үш бөлімнен тұрады: 1) түкті пластификациялау; 2) пластификацияланған түкті түзулеу; 3) түкті түзуленген күйінде бекіту. Пластификация жасау үшін түкті жабынына "люстра" деп аталатын қышқыл мен спирттің судағы ертіңдісін жағады (люстрирование). Іс жүзінде көбінесе құрамында құмырсқа қышқылы мен этил спирті бар люстра қолданылады. Қышқыл түктің химиялық негізі болып табылатын кератинге әсер етіп, оның құрамындағы молекулааралық сутекті, электровалентті және дисульфидті, кейде тіпті пептидті байланыстарды бұзады, соның әсерінен түктің жұмсақтығы күшейеді. Этил спирті бұзылған байланыстармен әрекеттесіп, олардың қайта қалпына келуіне кедергі жасайды. Келесі кезеңде жұмсарған түкті арнайы машиналармен 170-190°С температурада сипай таптағанда ол түзуленеді және жалтырайды. Бұл екі операция үш рет қайталанады.
Бірақ бұл эффект қайтымды болғандықтан түкті әрі қарай формалинмен өңдейді. Сонда формальдегидтің кератинмен әрекеттесуінен жаңа метилендік байланыстар пайда болып, түк түзу қалпынан қайтпайтын қасиет алады. Түктің қалыптасуын күшейту үшін формалин жағылған түк 190-200°С температурада арнайы машинамен сипай тапталады.
Қазіргі кезде жаппай қолданылатын әсемдеудің бұл әдісінің негізгі кемшілігі - улы формалиннің қолданылуы. Сондықтан формалинді басқа адам организміне әсері аз заттармен алмастыру жолы іздестірілуде. Түкті әсемдеудің жаңа әдістерінің бірінде түкті пластификациялау үшін малеин ангидридін, ал түзу қалпында қалыптастыру үшін эпоксид шайырын қолдану ұсынылған.
Ағарту
Мех өндірісінде ағарту екі мақсатта, атап айтсақ, жүнді жабынның табиғи түсін кетіру және табиғи ақ жүннің ақ түсін арттыру үшін жүргізіледі. Пигменттелген түкті толық және жартылай ағарту табиғи қоңыр түкті жабынды ашық түске бояуды қамтамасыз өтеді. Осы арқылы арзан мех терілерін, оның бағалы түрлеріне ұқсатуға болады. Ағарту кезінде түктегі боялған пигменттер - меланиндер тотықтыру арқылы бұзылады. Тотықтырғыш ретінде әдетте, сутегінің асқын тотығын қолданады, ол темір (II) тұзының қатысуында белсенді ағартқыш агент болатын атомдық оттек бөліп шығарады. Бұл кезде темір тұзы сутегінің асқын тотығын ажырататын катализатор функциясын атқарады. Сондықтан мұндай тотықтырғышты ағарту - катализдық деп аталды. Ағарту үрдісінде сутектің асқын тотығы, темір (II), меламин қосылыстары комплекс түзеді деп есептелінеді.
Бұл кезде бөлінетін оттегі атомы пигмент түсін анықтайтын химиялық топтарды тотықтырғыш деструкциясына ұшыратады. Тотықтырғыш деструкциясы қандайда бір дәрежеде түк кератиніне және мех тініне зиянды әсерін тигізеді. Бұның нәтижесінде түкті жабынның төзімділігін төмендету, оның жылтырының жоғалуы және түсуі, сондай-ақ тері тінінің мықтылығын азайтуы мүмкін.
Мехтің сапасы төмендемеу үшін ағарту үрдісінде тотықтырғыш ерітіндіге тұрақтандырғыш (стабилизатор) қосады. Бұлар сутегінің асқын тотығының айрылу жылдамдығын азайтады да, нәтижесінде бөлінген атомдық оттегі мелианинді бұзу үшін толық пайдаланады. Түкті тотықтырғыш деструкциясынан қорғау үшін ерітіндіге рН көрсеткішін тұрақты етіп ұстап тұратын буферлік қасиеті бар заттар (мысалы, лигносульфон қышқылдары) қосылады. Түкті формальдегидпен өңдеуде оның деструкцияға қарсы тұрақтылығын арттырады.
Түктің табиғи сарғыш түсін ағарту үшін оған тотықсыздандыру және қосымша ағарту қолданылады. Тотықсыздандыру ағарту дидионит немесе натрий гидросульфаты ерітіндісінде жүргізіледі. Бұл ерітінілерде тотықсыздандырғыштардың концентрациясы аз болғандықтан, түк кератині және тері тінінің колагені зиянды әсерге ұшырамайды. Бірақ ағартудан кейін түк толық ақ емес, сұрғылт түсті болады. Сондықтан мех жартылай фабрикатын қосымша оптикалық ағартқыш заттар ерітіндісінде өңдейді.
Ағартқыш заттар. Ағартқыш заттарды материалға ақ түс дәрежесін арттыру үшін қолданады. Ақ түс көптеген талшықты материалдардың өте маңызды көрсеткіші және соның ішіндегі табиғи ақ түсі бар терілер мен мехтар үшін үлкен маңызға ие. Ағартқыш заттармен өндеуден кейін олардың түсі табиғи ақ түсінен де таза болады. Оның бағалы аң терілерін өңдеу кезінде пайдасы бар. Ағартқыш заттарды көбіне бояғаш ретіңде қолданады және оны ақ бояғыш деп атайды.
Ақ бояғыштар сілтіге, қышқылға, тотығуға, тотықсыздануға төзімді және металдармен комплексті қосылыстар түзбеуі керек. Біздің өндірісте ағартқыш заттарды "белофоры" деген атпен шығарады. Бірінші әріп түсті білдіреді. Мысалы, (к - красный, с - синий) екінші және үшінші әріптер ағарту үшін қолданатын материалды білдіреді, мысалы (Ш - талшыққа және жібекке), (Б - қағазға, қағаз үшін).
Ағартқыш заттар ретінде өнеркәсіпте стилъбен, пиролизин және тағы басқалардың туындылары қолданылады.
Толықтыру
Толықтыру былғары мен мех өндірісінде кеңінен қолданылады. Оның мақсаты көзделген бағытқа байланысты әртүрлі болады. Жалпы алғанда толықтырудың мақсаты былғарының, мех тінінің топографиялық бөлігі бойынша қалыңдығын, тығыздығын бір қалыпқа келтіру, былғары мен мехтің сыртқы әсерге, судың, химиялық реагенттердің әрекетіне, әртүрлі деформацияның әсеріне тұрақтылығын күшейту. Толықтыру үшін қолданылатын заттар:
а) Анорганикалық заттар (каолин, алюминий ашудасы, натрий хлориді, және сульфаты т.б.).
б) Органикалық заттар (ақуызды заттар, синтетикалық илегіштер, патока, глюкоза, глицерин, таннидтер және т. б.).
в) Синтетиқалық полимерлер (амин шайырлары, полимер, дисперсиялары).
Хроммен иленген былғарылық жартылай фабрикатты толықтыру. Хроммен иленген былғарыны толықтырудың басты мақсаты, оның қалыңдығы мен тығыздығын топографиялық участкелер бойынша тегістеу және тығыз біркелкі беткі қабат алу. Жоғары салмақты ірі қара малдың терісінен былғарыны өңдеп шығаруда толықтырудың маңызы зор. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігінің бөлшектерін пішкен кезде тығыздығының біркелкі болмауынан немесе жеткіліксіз қалыңдығынан, жұмсақтығынан және шет жақ бетінің іркіліп қалуынан, былғары ауданынын 10%-ға дейінгі бөлігі жарамсыз болып қалады.
Таннидтермен иін қандыру былғарының беткі қабатын біршама тығыздап, оның толықтырылуын жоғарылатады. Бірақ таннидпен аса көп толықтыру былғарыға қаттылық береді, оның бедері іріленеді, иілгіштік және созылғыштық қасиеттері төмендейді, яғни хроммен иленген былғарыға тән қасиеттері нашарлайды.
Синтетиқалық илегіштерді толықтыруға қолдану - былғарыға мұндай теріс қасиет бермейді, бірақ таннидті қолданғанға қарағанда оның төмендеу толықтырылуына және тығыздалуына әкеледі. Практиқада өсімдік және синтетиқалық илегіштер бір мезгілде колданылады.
Егер былғары беті "түрпіленетін" (шлифование) болса, екі қайтара иін қандырып, арасында майлайды. Иін қандырудың бірінші фазасында өсімдік және синтетиқалық илегіштермен, ал екінші фазасында майлаудан кейін синтетикалық БНС илегіші қолданылуы мүмкін.
Егер былғарының табиғи беті сақталып шығарылатын болса, онда бірінші кезекте синтетикалық илегіштермен өңдейді. Олар былғарының бет жағына тығыздық, нәзіктік беріп, боялуын біркелкі етеді. Ал, иін қандырудың екінші фазасында квебрах таннидімен өңделеді. Бояудан кейін, бұлай ету былғарыға тығыздық пен беріктік береді.
Толықтыру үшін көп қолданылатын таннидтерге үйеңкі, квебрах қаштан, ал синтетикалық илегіштерге №2 БНС, СПС жатады. Толықтыру технологиялық үрдістің әртүрлі кезеңінде атқарылуы мүмкін, мысалы бейтараптаудан, бояудан, майлаудан кейін немесе олармен бірге атқарылады. Әдетте толықтыруға кететін илегіш шығыны 5-6% болады (илік затқа есептегенде). Соңғы кезде толықтыруға арнаулы синтетикалық илегіштер қолданылып жүр. Олардың илегіш-бояғыш немесе майлағыш-илегіш және ағартқыш-илегіш сияқты кешенді қасиеттері бар. Кейінгі уақытқа дейін хроммен иленген былғарыны толықтыру үшін дисперсиялық полимер ерітіндісі қолданылып келді. Толықтыруға анионды дисперсиялар (МХ—30), метилметакрилат пен хлоропреннің сополимеризация өнімі (МБМ—3), метилакрил қышқылы мен бутилакрилат және метилметакрилаттың сополимеризациясының өнімі, латекс ЛВ (хлоропрен мен оның сополимеризациясының өнімі) қолданылады. Бірақ тәжірибе көрсеткеніндей толықтыруды полимерлердің бір дисперсиясымен атқару жартылай фабрикатты бояуға толық дайындай алмайды, әсіресе, оның гидрофилдік және бетінің сорып алу қабілеті керекті дәрежеде болмайды. Сондай-ақ, мұндай толықтыру былғарының ауданы бойынша аз шығуына және оның гигиеналық қасиеттерінің нашарлауына себеп болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта былғарыны тек полимер дисперсияларымен толықтыру сирек қолданылады, дисперсиямен қоса міндетті түрде синтетикалық немесе өсімдік илегіштермен толықтыру атқарылып жүр.
Кейінгі уақытта толықтыруға суда еритін полимерлер пайдаланылуда. Былғарыны толықтыру үшін, түрлі-түрлі синтетикалық суда ерігіш полимерлер қолданылады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - аминшайырлар. Аминшайырлар колагенмен және илегіш заттармен химиялық реакцияға түседі. Бұл кезде белок құрылымында ақуызполимерақуыз емесе ақуызполимер илегішақуыз сияқты қосымша көлденең байланыстар орнайды.
Көптеген суда ерігіш полимерлердің бір мезгілде илегіш және толықтырғыштық қасиеті бар. Толықтыру әсеріне байланысты аминшайырлар мынадай тәртіпте орналасады: молиаминформальдегидтер, адициандиамидтер мочевиноформальдегидтер.
Практикада иін қандыруды, толықтыруды, бояу мен майлау үрдістерін шендестіре бір мезгілде атқарудың тиімділігі зор. Ол кезде артық шаю және сұйықты төгу азаяды. Өндірісте толықтыру, бояу, майлау үрдістері бір мезгілде атқарылатын әдіс "компактылы" (жинақы) деп аталып жүр. Мұндай әдісті енгізу өңдірістің ұзақтығын (циклды) қысқартуға, шығынды азайтуға, суды үнемдеуге, сапаны жақсартуға мүмкіндік жасайды.
Жинақты әдіске көшу арнаулы бояғыш және майлағыш заттарды қажет өтеді. Бұл кезде ескеретін нәрсе, ол заттар бір-бірімен химиялық реақцияға түспеуі керек. Әртүрлі заряды бар заттарды бірге қолдануға болмайды, себебі, олар өзара әрекеттесіп тұнбаға түсіп кетуі мүмкін. Өндейтін ерітінді ішіндегі электрсхлиттерлік концентрациясының көбеюінен май эмульсиясы ыдырауы мүмкін, соңдықтан қолданылатын заттар электролиттің әсеріне тұрақты болуы керек.
Аяқ киімнің төменгі бетіне арналған былғарылық жартылай фабрикатты толықтыру. Шегемен бұрандалау әдісімен бекітілетін жонарқа терісінен басқа аяқ киімнің төменгі бетіне арналған былғарылық жартылай фабрикатты, былғарының құрғап кетуінен сақтау үшін және ыстыққа, терге тұрақтылығын күшейту үшін, илігіштігін арттыру үшін толықтырады. Толықтырылған жартылай фабрикаттың қасиеті едәуір дәрежеде толықтырғыштың табиғатына байланысты болады. Қазіргі кезде магний сульфатымен, сірнемен (патоқа) және алюминий ашудасымен толықтыру кеңінен тараған.
Қолданылатын толықтырғыштың ылғал тартқыштығы былғарыны сақтау кезінде кеуіп кетпеуін және оның аяқ киімнің төменгі бөлігі бөлшектерін даярлау үрдісінде жуып кетпеуін қамтамасыз етеді. Магний сульфатын және алюминий ашудасын енгізу, өзеңдегі байланыспаған таннидтердің коагуляциясына себеп болады, ол былғарының мықтылығын арттырады. Сонымен қатар, алюминий ашудасы былғарының термошыдамдылығын арттырады. Алюминий тұздары өзеңмен әлсіз әрекеттескенімен, таннидтермен жақсы байланыса алады. Соның нәтижесінде өзенде таннидалюминийтаннид түріндегі қосымша көлденең байланыстар орнайды.
Былғарылық жартылай фабрикатты керсетілген заттардың қоспасымен толықтыру, әдетте майлаудың алында өтеді және 65-70оС дейін қызған ауасы бар барабанда жүргізіледі. Алдымен барабандағы сығылған жартылай фабрикатқа құрғақ толықтырғыштарды сеуіп, 20 минуттан кейін сірнені құяды. Толықтыру ұзақтығы 1 сағатқа жуық.
Синтетиқалық полимерлермен былғарылық жартылай фабрикатты толықтыру тиімді болып саналады. Мысалы, толықтыру үшін аминшайырларын пайдаланса, қымбат таннидтердің шығыны қысқарады, былғарының тозуға, суға, терге шыдамдылығы артады. Қазіргі кезде бірқатар зауыттарда толықтыру үшін КМУ (карбамидуротропинді) препараты қолданылуда. Уротропин қышқылмен әрекеттескен кезде формальдегид түзеді, ол мочевинамен реакцияға түсіп, метилолды қосылыс береді. Соңғысы конденсацияланып мочевиналы формальдегид шайырына айналады. Тәжірибеде КМУ препаратымен өңделген былғарылық жартылай фабрикатына алюминий ашудасын енгізеді, олар гидролизденгенде бос қышқыл бөлініп шығады. Әдетте толықтыруды майлаумен бірге жүргізеді, бұл кезде сірне мен магний сульфатын қолданбайды.
Фурфуролмен модификацияланған мочевиналы формальдегид шайырымен аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарылық жартылай фабрикатты толықтыру жақсы нәтиже береді. Бұл шайыр былғарының топографиялық бөлшектерінің қалыңдығы мен тығыздығын арттырады.
Қосымша илеу мен толықтыру үрдісінде жартылай фабрикаттағы аминді шайырлардың мөлшерін азот бойынша анықтау. Алдыменен бастапқы шайырдан азот мөлшерін табады. 10 см3 аминді шайырды шыны түтікпен сыйымдылығы 250 мл өлшемді шыны ыдысқа ауыстырады да, ерітіндінің көлемін тазартылған сумен белгіге дейін жеткізеді. 10 см3 дайындалған ерітіндіні жандыру үшін шар тәріздес шыны ыдысқа құяды да, оған 15 см3 концентрацияланған күкірт қышқылын, мыс сульфаты шөкімін және 2 г суық сусыз калий сульфатын қосады.
Шыны ыдыстың ішіндегілерін жандырып, Кьелдалдің әдісімен азотты анықтайды. Шайырдағы азот мөлшері, г/л:
мұнда: а - және а1 - шайырдың сынағына және бақыланатын сынаққа сәйкес
титрлеуге кеткен 0,1 н. тұз қышқылының ерітіндісінің көлемі, см3;
0,0014 - 1 см3 0,1 н тұз қышқылы ертіндісіне сәйкес азоттың көлемі.
Шайырдағы бастапқы азоттың мөлшерін біле отырып, үрдістің басталуына дейінгі ерітіндідегі азот коцентрациясын анықтайды.
Қосымша илеуді және толықтыруды бітіргеннен кейін немесе қосымша илеу мен толықтыру үрдісі кезінде пайдаланған ерітіндідегі азот мөлшерін анықтайды. Бұл үшін пайдаланған ерітіндіден 10 см3 алып, шыны ыдысқа ауыстырады, жандырады және Кьелдал әдісімен азот мөлшерін анықтайды.
Бастапқы және пайдаланған ерітіндідегі азот мөлшері айырмашылығымен, жартылай фабрикатқа сіңген аминді шайырлардың мөлшерін анықтайды.
Кептіру
Кептірудің мақсаты - жартылай фабрикаттағы ылғалдың артық мөлшерін жою. Ол соңынан атқарылатын әрлеуді жүргізу үшін, сондай-ақ былғары мен мехты кейінгі үрдістерге дайындау үшін керек. Кептіру кезінде еңбекті жеңілдету, энергия мен уақытты үнемдеу үшін кептіру алдында ылғалдың едәуір бөлігін арнайы престерде, сығатын машиналарда немесе центрифугаларда сығып алады. Бұл кездегі жойылатын ылғал (суландыру ылғалы) жартылай фабрикатпен байланыспаған ылғал, оның ірі қапилляры мен саңылауларын толтырады. Сығудан кейін жартылай фабрикатын және қолданылатын престердің түрлеріне байланысты жартылай фабрикатта 45-60% аралықта ылғал қалады. Ол (12-15% (жуық) негізгі кептіру кезінде жойылады. Негізгі көптіруден басқа дымқылдандырудан кейін жүретін ішінара кептіру және бетін бояудан кейінгі кептіру (подсушқа) сияқты ылғалдан арылтудың түрлері бар.
Негізгі кептіру үрдісі, жартылай фабрикаттың суландыру ылғалын жоюмен аяқталады, сол сияқты микрокаппилярдағы беткі тартылыс күшімен ұсталып тұрған капиллярлық ылғал жойылады. Кептірудің соңғы кезеңінде сутегі байланыстарымен және электростатиқалық тартылыс күші нәтижесінде жартылай фабрикатпен барынша берік байланысқан гидратациялық ылғал жойылады. Бірақ та кептіруді, тек ылғалдың өзеңмен десорбция үрдісі деп қарастыруға болмайды. Кептіру кезінде жартылай фабрикаттың құрылымдық, механикалық және физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, илеу кезіндегі басталған былғары мен мехтің дайын өнім ретінде қалыптасуы аяқталады.
Кептірудің режимі былғары мен мехтің сапасына олардың ауданы мен қалыңдығына әсер етеді. Кептіру кезіндегі илегіш заттардың белокпен қосымша байланысы, соған сәйкес өзеңнің құрылымдық элементтерінің тығыздалуы, байланыспаған илегіштің және басқа да еритін заттардың жоғарғы сыртқы қабатқа ауысуы майлы эмульсияның толық бөлінуі сияқты үрдістер жүреді.
Әсіресе кептіру кезінде көңіл аударарлық бір жай жартылай фабрикаттың ауданының азаюы, кептіру былғары мен мех ауданының белгілі бір дәрежеде қалыптасуына себепші болады. Жартылай фабрикаттағы бос байланыспаған ылғалды жою, оның көлемінің өлшеміне әсер етпейтіндігі экспериментті түрде дәлелденген.
Кептіру кезіндегі жартылай фабрикаттың отыруы, капиллярдағы қысым және молекулалар арасындағы күштің әсерінен пайда болады деп есептеледі. Ылғалды жою кезіндегі капиллярдағы қысымның артуы капиллярлық контракцияға және құрылыс элементтерінің жақындауына алып келеді, осының салдарынан кейін жартылай фабрикаттың көлемі кішірейеді. Кептіруде былғарының құрымдылық элементтері бір-біріне жақындайды, ол олардың өзара желімденуіне әкеліп соғады.
Құрылыс элементтерінің желімденуі әсіресе кептірудің соңғы кезеңінде күшейеді, ол кезде жартылай фабрикаттың гидратациялық ылғалдылығы жойылады және отырудың кенеттен өсуі байқалады. Отырудың шамасы жартылай фабрикаттың құрылымдық ерекшеліктеріне, алдыңғы операцияларға және тікелей кептірудің жүргізілуіне байланысты. Илеу кезінде құрылымы жақсы қалыптасқан жартылай фабрикат кептіру кезінде аз отырады. Майлағыш, толықтырғыш және илегіш заттарды жартылай фабрикатқа енгізу, олардың құрымдылық элемештерінің желімденуіне жол бермейді және отырудың азаюына алып келеді. Жартылай фабриқаттың құрымдылық элементгеріне желімдейтін заттар кері әсер етеді.
Былғары мен мех жартылай фабрикаттарын кептірудің негізгі түрлері: конвективті, контактылы, радиациялы, жоғары жиілік тоғымен кептіру, сублимациялық деп ажыратылады.
Кептірудің қайсібір тәсілдерін қолданғанда, жартылай фабриқатының жоғары сапалы болуын және оның аз отыруын қамтамасыз етуі керек.
Конвективті кептіру. Конвективті кептіру әдетте, арнайы механикаландырылған кептіргіштерден жартылай фабриқатқа ылғалды жылу жіберу арқылы жүргізіледі. Конвективті кептірудің режимін сипаттайтын негізгі параметрлерге температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалысының жылдамдығы және бағыты жатады.
Кептірудің параметрлері жартылай фабрикаттың және қолданылатын қондырғының тұріне байланысты болады. Жалпы жағдайда кептіру кезіндегі температура 40-60°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55%, ал оның жылдамдығы 1-2 м/с.
Кептіру кезінде жартылай фабрикат бос күйінде немесе бекітілген (фиксацияланған) күйде (перфорациялы рамаларда, жазық беттерде) болуы мүмкін.
Хроммен иленген былғары өндірісінде кептіргішке құрылымы тұтас қалыптаспаған жартылай фабрикат түседі. Бос күйінде, ол деформацияланып, 30%-ға дейін отыруы мүмкін. Бұл былғарының әрлеуін қиындатып, көлемінің кішіреюіне алып келеді. Сонымен қатар, былғары артық созымдылыққа ие болады. Сондықтан хроммен иленген жартылай фабрикатты, фиксацияланған күйде кептіреді, юфть жартылай фабрикатын бос күйінде кептіргенде 10-11% дейін отырады. Мех тінінің керекті майысқақтығын және жұмсақтығын қамтамасыз ету үшін көптеген аң терілерін бос күйінде кептіреді. Тондық және мехқа арналған қой терілерін бекітіп тарту аркылы кептірді.
Аяқ-киімнің жоғарғы бөлігі және юфтке арналған былғарыны хромдап илеу өндірісінде конвективті кептірудің барынша тиімді тәсілдерінің бірі, жартылай фабрикаттарды желімдеген күйінде кептіру.
Желімделінген күйде кептіру хроммен иленген былғарының ауданын 4-5%-ға, ал юфть ауданы 2-3%-ға арттырады. Желімделінген күйде кептірілген былғарының сапасына едәуір дәрежеде жартылай фабриқаттарды кептіруге даярлау тәсілдері, қолданылатын желім құрамы, табақтардың (пластиналардың) сапасы мен түрі және кептіру тәртібі әсер етеді. Сапаны жоғарылату үшін жібіту-күлдеу үрдісін жүргізу кезіңде мүмкіндігінше тығыз және біркелкі беткі қабатты жартылай фабрикат алуды қамтамасыз етудің маңызы зор, сондай-ақ ақуызды заттардың шығынын барынша қысқарту керек. Кептіру жақсы жүріп былғары "толған" және майысқақ болу үшін, жартылай фабрикатта хром қосылысы 5-5,5 %-дан кем болмауы керек, (хром оксидімен есептегенде), желімделген күйде жартылай фабрикатты кептіру жақсы толықтыруды және барынша интенсивті майлауды қажет етеді.
Жұмсақ былғары алу үшін және пластинаға жартылай фабрикаттың адгезиясының төмендеуі үшін майлау кезіндегі майлы заттардың шығыны 20-25%-ға артады. Кептіруге түсетін жартылай фабрикаттың құрамында 58-62% ылғал болуы керек. Тым көп ылғалдылықта желімдеу кезінде жабысуы төмендейді. Әдетте, жатрылай фабрикатты пластинаға беткі қабатын қарата жапсырады. Желім ретінде зығыр дәнінен алынған сорынды қолданылады. Синтетиқалық желім үшін полиакриламид, карбоксиметилцеллюлоза және басқа жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады. Желім құрамына қоюландырғыштар, жұмсартқыштар, антисептиктер және гигроскопиялық заттар қосылады. Көп жағдайда желімді пластинаға жағады. Пластина ретінде термошыдамды шыны, ал юфть жартылай фабрикатын кептіру үшін дюралюминийден жасалған пластина колданылады, желімге май қоспасы қосылады.
Контактылы кептіру. Контақтылы кептіру кезінде жылу жартылай фабрикатқа ыстық қыздырылған бет аркылы тікелей беріледі. Хроммен иленген былғары өндірісінде осындай кептірудің бір түрі - контактылы-вакууммен кептіру әдісі. Бұл кептіру жоғары интенсивті, еңбекті үнемді етуімен қатар желімсіз атқарылады. Бұл мақсатта әртүрлі конструкциядағы арнайы вакуум көптіргіштер қолданылады. Бірақ барлық жағдайда контактылы қыздыру жүреді, қыздыратын тегіс беттің температурасы 30-90°С және вакуумның кезіндегі орташа қысым мөлшері - 6,67 кПа.
Былғарылық жартылай фабрикатты кептіретін вакуум-кептіргіш қыздыратын жазық металдан жасалған беттен, конденсатор қақпақтан және вакуум-насос (тартқыш) қондырғысынан тұрады. Дымқыл жартылай фабрикатты бет жағынан қыздыратын жазық плитаға жайып, қақпақты түсіріп, вакуум насосты қосады. Кептіргіштің қақпағы жазық плитамен беттесіп, вакуум қамера орнайды. Кептіру кезінде жартылай фабрикат қақпақтағы біркелкі саңылаулары бар жазық бетке қысылады. Осының нәтижесінде оның көлемінің кішіреюі және бетінің қалталану қаупі болмайды.
Қазіргі кезде былғары өндірісінде француздық "Твин-Вак" вакуум кептіргіштері кең қолдау тапты. Бұл кептіргіштің бір ерекшелігі қыздыратын жазық беттері тік орналасқандықтан, оның екі бетін бірдей кептіргіш ретінде пайдалануға болады. Ресейде шығарылатьш СХКВ-4 кептіргіштері конструкциясы жағынан осымен өте ұқсас.
Кептірудің ұзақтығы, өнімнің сапасы мен көлемінің шығуы жартылай фабрикаттың түрі мен оны кептіруге дайындау үрдісінің режиміне байланысты. Кептірудің ұзақтығына және сапасына былғарыны толықтыру, иін қандыру және майлау үрдістерінің әсері бар.
Вакуумде кептіру негізгі үш параметрлермен, атап айтқанда, қыздыратын беттің температурасы, жартылай фабрикатты осы бетке қысу көрсеткіші және вақуум деңгейімен сипатталады. Қыздыратын жазық беттің температурасының өсуі кептіруді жылдамдатады.
Жартылай фабрикаттың қалыңдығы кептіру кезінде ауданына қарағанда жылдамырақ өзгеріске ұшырайды. Егер жартылай фабрикат тығыз, қалыңдау болса, кепкеннен соң оның ауданы кішіреймейді және ыстық жазық бетке неғұрлым қатты қысылған болса, оның қалыңдығы мен ауданы азаймайды. Қыздыратын беттің температурасы артқан сайын жартылай фабрикаттың ауданы азаяды, әсіресе жартылай фабрикаттың салыстырмалы ылғалдылығы 25%-дан аз болғанда ауданы өте кішірейеді. Сондықтан өндірісте кептіру екі кезеңде жүреді. Аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған жұмсақ былғары шығаруда жартылай фабрикатты алғашында "Твин-Вак" кептіргішінде кептіреді: қыздыратын беттің температурасы 7075°С, вакуум деңгейі 4-8 кПа болады, одан былғары 30-35% ылғалдылықпен шығады. Ірі қара мал терілері үшін кептірудің ұзақтығы - 10 минут. Соңынан жартылай фабрикат температурасы 30-35оС қамералы кептіргіштерде, 12-15% ылғалдылыққа дейін кептіріледі.
Кептірудің екінші сатысы жартылай фабрикатты ылғалдандырып, жатқызып тартқаннан соң атқарылады. Кептіру беті жазық вақуум кептіргіште немесе рамалы кептіргіште атқарылады. Егер кептіргіштің беті көлбеу болса, жартылай фабрикаттың ұсталуы қиындайды. Вакуум кептіргіштің қыздыру температурасы 55-65°С, рамалы кептіргіштергі ауаның температурасы 30-35°С болуы керек. Жартылай фабрикат ылғалдылығы 12-15% болғанға дейін кептіріледі. Үздіксіз кептіре алатын өтпелі вакуум кептіргіштерді жасау өндірісте автоматтандырудың жолы. Қазіргі кезде өндірісте үш ярусты итальяндық "Инкома" кептіргіші көп қолдау тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |