Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Адхократиялық (органикалық) құрылымдар



Pdf көрінісі
бет12/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   164
Ахтаева

1.6 Адхократиялық (органикалық) құрылымдар 
Адаптивтік (органикалық) құрылымдардың жаңа тобы бір-
те-бірте дәстүрлердің («қатаң», «адаптивтік емес») орнын ба-
суда. Олардың принциптік айырмашылығын атап көрсету
үшін «бюрократия» ұғымына «адхократия» ұғымы (лат. 
adhocracy – арнайы және грекше kratos – билік) қарсы қойы-
лады. Бюрократиялық принциптен мүлде өзгеше идеялар- 
да адхократиялық құрылымдар тұрғызылады. Осы топтар- 
дың ішінде ұйым құрылымының төрт негізгі типі атап көрсеті-
леді: 
Жобалық ұйым – уақытша құрылым. Ол ең білікті қызмет-
керлерді нақты мәселелерді барынша табысты шешуге бірік-


30 
тіреді. Оның басты артықшылығы – жақсы күштерді жұмыстың 
белгілі бір учаскесіне шоғырландыру, мақсатқа бағдарланған 
команда құру. 
Матрицалық ұйым. Жобалық ұйымның бұл варианты кең 
таралған. Негізгі мәні – жоба жетекшісіне және ол тұрақты 
жұмыс істейтін функционалдық бөлім жетекшісіне жобалық 
топтың қосарлы бағыныштылығы.
Матрицалық құрылымдар функционалдық және дивизия- 
лық құрылымдардың (дивизиялық құрылым – сызықтық-функ-
ционалдық құрылымдардың тиімділігі аз үлкен ұйымдар үшін 
жасалынған ұйымдық құрылым типі. Ол бірқатар үйлестіріл- 
ген дивизиялық құрылым ретінде тұрғызылады) артықшылық-
тарын еркін құрылымдар артықшылығымен сабақтастыра оты-
рып пайдаланады. Олар әлдеқайда динамикалы және сыртқы 
әсерлерге резистентті. Басты кемшілігі – олардың күрделілігі, 
сондықтан да формасы ұйымның жетекшісі үшін қиын және
атқарушы үшін түсініксіз. Тік және көлденең өкілеттіліктер- 
дің сабақтасуына байланысты мәселе туындайды, басқару- 
дың іргелі принципі – бірыңғай басқару бұзылады. Жобалық 
және сызықтық жетекшілер арасында жобалық топтар меке- 
мелерінің арасында кикілжіңдер туындайды. Матрицалық 
құрылым психологиялық тұрғыда атқарушыларды қосарлы ба-
ғынуға қояды, сөйтіп жалпы психологиялық ерекше құбылыс-
тың бір түрі – маргиналдықты (шектеулікті, екіжүзділікті) 
туғызады. 
Конгломераттық типтегі ұйым. Мұндай ұйымда жоғары- 
да қарастырылған құрылымдардың бірнеше типтері сабақта-
сады. 
Еркін құрылым – құрылымдардың ең жаңа ұйымдық типі. Ол 
сыртқы шарттар мен алдында тұрған міндеттерге байланысты 
қандай да бір түрге ие болады. Олардағы функционалдық бөліну 
нәтижеге бағдарланған құрылыммен алмастырылады. Еркін 
құрылымдағы басты зейін оның мүшелерінің құлшынысында 
болатын кәсібилікке, өзін-өзі басқаруға жасалады. Еркін құры-
лымның басты артықшылығы – олардың жоғары бәсекелі, 
күрделі және жылдам өзгеретін сыртқы жағдайларға жедел 
жауап табу қабілеттілігі. Кемшілігі – әкімшілік басқарудың 


31 
әлсіздігі және шарттардың өте шағын диапазонында, тек атқару-
шының кәсібилігінің жоғары деңгейі кезінде ғана пайдалану 
мүмкіндігі туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет